Сулейманова Наргиз Салиевна
№102 ЖББМ биология пәні мұғалімі
Жақсылық жасап жарысайық
Қайырымдылық – адамның бойындағы ең жағымды қасиеттердің бірі. Ондай адам рухани құндылықтарды материалдық құндылықтардан жоғары қояды. Өзінің жанашырлығымен және таза ниетімен ерекшеленеді. Мұқтаж адамдардың қажеттіліктеріне немқұрайлы қарамай, оларға барынша көмек көрсетуге тырысады. Жомарттық қасиеті бар тұлғалар, адамдармен тек материалдық құндылықтарымен ғана емес, сонымен бірге жан дүниесінің байлығымен де бөліседі. Жомарт адам жақсы істерді көпшіліктің алғысын алу үшін жасамайды, ол мұқтаждарды кішкене болса да бақытты еткісі келеді. Біз осындай керемет жандардан үлгі алуға тиіспіз.
Кез келген жерден көмегіңізге мұқтаж адамды кездестіре аласыз. Бұл кез келген адам болуы мүмкін, мысалы, қарт көршіңіз, кішкентайын өсіріп жатқан жалғызбасты ана, қиын жағдайға тап болған танысыңыз. Оларға уақытыңыз бен назарыңызды бөліп, көмегіңіз қажет емес пе екенін сұрау адами парызымыз деп білем. Мейірімді іс жасағаныңызға өзіңіз де бір сәт риза болып қаласыз. Және, бұдан кейін де мейірімді істер легін жалғастыруға ықыласыңыз ашыла түседі. Осы орайда жылда дәстүрге айналған науқан басталыпта кетті. Бірнеше жылдар жалғасқан науқан өз нәтижесін көрсетіп жатыр, көптеген отбасы балаларын оқу жылы қарсаңында мектеп дайындап, кеңсе тауарларымен және мектеп формасымен қамтамасыз етіп келеді. Биылғы оқу жылында да Алматы қаласының Білім басқармасы Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы №780 Жарлығымен жарияланған Балалар жылын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылы «Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» ұранымен «Мектепке жол» Республикалық акциясы 2022 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында өтілуде. Акцияның мақсаты: Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу болып табылады. Науқан барысында мектебіміздің мұғалімдері, ата-аналары тарапынан бұл үрдіс жылдар бойы жалғасып келеді. Жақсылық жасап жарысайық ұранымен мектептегі азқамтылған, жағдайы төмен отбасы балаларына, қиын жағдайда қалған оқушыларға көмек көрсетуді әдетке айналдырған. Сонымен қатар, мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектеп психолгі және сынып жетекшілердің ат салысуымен мектепке дейінгі балалардың оқумен қамтамасыз етуін қадағалайды. Және де осы науқан барысында қаладағы халық көп шоғырланатын жерлерге рейд жұмыстары ұйымдастырылады. Мақсаты, мектеп жасындағы оқушылардың мақсатсыз жүрістерін анықтау немесе шамадан тыс уақыт жұмыспен қамтылуын анықтау болып табылады. Әрдайым жақсылық жасаудан шаршамайық, жаңа оқу жылына оқушылардың жақсы көңіл –күймен келуіне ат салысайық!