Home » Мақалалар » Оқушылардың ойлау мен шығармашылық қабілеттерін арттыру

Оқушылардың ойлау мен шығармашылық қабілеттерін арттыру

Кырыкжигитова  Айжан  Турехановна
Түркістан облысы Арыс қаласы
«Білім бөліміне» қарасты «М.Тынышбайұлы
атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-сі
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Бастауыш сынып  мұғалімі

 

Жас ұрпақ – еліміздің тірегі, мызғымас болашағы және өмірімізді тікелей жалғастырушы өкіл. Бұл – тәрбие мен білімнің егіз ұғым екендігінің дәлелі. «Бұлақ көрсең, көзін аш» деген мақалдың айтылуы тегін болмаса керек. Халқымыздың асылдарын үлкен асуға жетелейтін, еліміздің еңсесін биіктететін өскелең ұрпаққа білім беруде бүгінгі таңда ұстаздардан көп өзгерісті талап етеді.

Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір шындығына, өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйрену керек. Оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім» деп ұлы жазушы М.Әуезов айтқандай, тәуелсіздік туын тіккен елімізді өркениетке апарар жолдың бастауы – мектеп. Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, әлемдік қауымдастықта өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты. «Мемлекетіміздің ең басты дүниесі тек қана табиғи байлық емес, сонымен қатар жасөспірім ұрпағы, өйткені олар – біздің ұлтымыздың болашақ айнасы» дегені мәлім. Олай болса, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін ұстаз – баға жетпес биік тұлға. Қазіргі уақыттың негізгі талаптарының бірі – білімді әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасайтын жаңаша, тәуелсіз ойлай алатын шығармашыл адамға айналдыру. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі сол қоғамдағы жеке адамның шығармашылық  мүмкіншілігіне  байланысты.

«Надан жұрттың күні – қараң, келешегі – тұман» деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, көлеңке жерге дән ексең, өнбейтіні сияқты, жас  ұрпақтарымызды тәрбиелемесек, өспейді, өнбейді. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет – оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру.

Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның басқаға ұқсамайтын қабілетін ашу – ерекше қиын іс.  «Бұлақ көрсең, көзін аш» дегендей, әр баланың жеке қабілетін анықтап, шығармашылығын арттыру – ұстаз парызы. Оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс-әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау, осыған орай оқытуды ізгілендіру – қазақ мектептерінің алдында тұрған үлкен міндет. Шығармашылық – ойлау  қабілетінің ең жоғары қасиеті. Шығармашылық арқылы оқушының жолдасына, өмірге, білімге деген сенімі, көзқарасы өзгереді.

Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері негізінде қабілеттің мұндай дәрежесіне белгілі бір шарттар орындалған жағдайда кез келген баланы шығармашылыққа бейімдеуге болатыны көп айтылуда. Адамның шығармашылыққа  ынтасы оның өз даралығын, өз қабілеттерін іске асыруға жол ашады.

Бастауыш сынып оқушылары жалпы алғыр, шапшаң, сезімтал, ештеңені жасырмай, нені болса да ашық, еркін айтады. Олар мұғалімнің жетегіне тез ілескіш, үлкендердің ой-пікіріне қатты сүйенеді. Сондықтан баланың шығармашылығын дамытуда ұстаз көп еңбек сіңіруі керек. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз – оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Бастауыш сынып оқушыларында жаңа, өзі білмейтін іске деген қызығушылық басым болады. Ондай істер баланың бар ақыл-ойын, ішкі күштерін жұмылдырады және ерекше қуат береді. Ал, сол баланы шығармашылыққа үйрету үшін мынадай жағдайларды ескеру тиіс:

Мұғалім, ең алдымен, сыныпта шығармашылық көңіл-күй тудыру үшін баланың назарын бір нәрсеге бағыттауы керек;

әрбір шығармашылық тапсырманы ұсынудың мазмұны баланың жас ерекшелігіне, қызығушылығына үйлесу керек;

қолайлы жағдай жасау;

шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, сапалы түрде қалыптастырып отыру.

Мұғалім үнемі оқушыға шығармашылық қабілетін дамыту жолдарын нұсқап отырса, онда балалардың өздері де ізденіске түседі. Психологтардың айтуынша, қабілеттілік туа біткен қасиет емес, ол тікелей пәндік әрекет арқылы дамиды. Оның дамуы баланың  жаңа білім алуымен, оның біліктілігі мен дағдыларының қалыптасуымен тікелей байланысты. Шығармашылық  қабілетті  бүкіл сабақта дамытуға болады. Бастауыш буында шығармашылықтың алғашқы сатысын іс-әрекет және ойын арқылы бастаған дұрыс. Себебі: ойын – баланың дамуындағы ең күшті әсер ететін фактор. Қорыта  келгенде, бастауыш сыныптың қай пәнінде болсын оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілетін дамыта оқыту олардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, өз ойын ашық, қысылмай жеткізе білуін, ынтасын дамыта түседі. Ол жеке тұлғаның қоғамда беделін көтеруде және оның өз – өзіне баға бере білуіне ықпал етеді.

38 комментариев

  1. Динара Серікқызы

    Өте құнды мақала деп санаймын. Себебі дәл қазіргі уақытта балаға жан-жақтан яғни ата-аналар және ұстаз болып көңіл бөлу керек. Баланың өз ойын еркін айта алатын, саналы ұрпақ болып қалыптасуына ықпал ету үшін барынша жан-жақтылық қажет. Дәл қазіргі сәтте интернет дамыған заманда бала ақылсыз болуы мүмкін емес. Қазіргі бала лидер, барынша жылдам және ойлау қабілеті өте жоғары. Сол себепті баланы пәнге бейімдеу яғни қызықтыру әр пән мұғалімдеріне байланысты.

  2. Перизат

    Өте керемет жазылған мақала. Ия қазір балалардың ой өрісі өте жоғары. Сол келешек ұрпақты арықарай екі жақтап дамыту, ата-аналармен оқытушылардың назарында. Кез-келген бала ақылды және лидер. Сол балаларды пәнге, сабаққа қызықтыру әрбір мұғалімнің қолында.

  3. Айжан Турехановна

    Рақмет баршаңызға

  4. Керемет! Ұрпақ тәрбиесіне қоғам болып ат салысуымыз керек. Қазіргі ІТ дамыған заманда мұғалімдер интернеттегі мәліметтер,ютуб каналдары, tik tok, instagram, telegram мен бәсекеге түсуге мәжбүр. 3 одақ бірігіп жұмыс жүргізсе үлкен нәтижеге жетуге болады.

  5. Ұрпаққа білім беру жолында мол сәттілік тілеймін!

  6. Қалдықыз

    Өте керемет мақала болыпты

  7. Жарайсыз әріптес, өте құнды мақала

  8. Турсынкул Дуйсеновна

    Қымбатты Айжан Төрехановна қаламыңыз қарымды болсын! Еңбегіңіз еленіп, толағай табыстарға жете беріңіз. Мақаланың өн бойындағы қозғалған мәселелер, дөп айтылған. Шындығына келсек, қазіргі таңда ұялы телефонға шұқшыйып үңіліп отырған азаматтарды, кітап оқығандар басқаратыны сөзсіз. Заман- білімдінің заманы. Баланың санасына сіңіре білу үшін қоғам шебер ұстаздарды талап етеді. Замандасыма «сынақтан сынба, шығасың шыңға»,- дегім келеді. Алға қойған мақсатың айқын, болашағың жарқын болатынына сенемін. Сәттілік серігің болсын!

  9. Салтанат

    Еңбегіңіз жемісті болсын

  10. Керемет тек биіктен көрінне бер!

  11. Жарайсың өте жақсы жазылған.Жас ұрпаққа дұрыс жол таба білуге үйрету,әрине ұстаз бен ата-ананың бірініп жұмыс жасауында деп білемін.Шәкірттеріміз саналы.тәрбиелі болуы керек.Ұстаз баға жетпес ұлы тұлға .Қанатың талмай биіктен көріне беруіңе тілектеспін

  12. Керемет. Еңбегіңіз жана берсін

  13. Айгул Алибекова

    Керемет тек биіктерден көріне бер. Қаламың ұштала берсін.

  14. Назгул Ысқақова

    Керемет! Еңбегіңіз жана берсін.

  15. Нұрбибі

    Оте керемет

  16. Саидин Аружан

    Міне ұстаз!
    Өтте керемет, жарайсыз!
    Шәкірттерге білім беруде қанатыңыз талмай, тек биік самғай беріңіз!!!

  17. Акмарал

    Нағыз керемет ұстаз, әрі аяулы ана. Еңбегіңіз жаңа Берсін.

  18. Гульнара

    Өте керемет жазылған.Әрине баланың тұлға болып қалыптасуына ұстаз бен ата-ананың атқаратын ролі орасан зор.
    Білім нәрімен сусындатып отырған шәкірттеріңіз биік белестерді бағындыра берсін!
    Ұстаздық етуден шаршамай,шәкірттеріңізді бімнің биік шыңына жетелей беріңіз!
    Сізге тек қана сәттілік тілеймін!

  19. Ақмарал

    Керемет жазылған! Еңбегіңіз жана берсін! Сізге сәттілік тілеймін

  20. Салтаеат

    Өте орынды Айжан ұстаз баланың ойын таба білу керек сабакты қызықтырып өтсе бала ары қарай өзі талаптанады .Ұстаз мықты болу кере Ұстаздан шәкірт озады деген бар ұстаздар қауымы шаршамасын баланы тәрбиелеуден Айжан ханым айтылган жазбаңызда барлык шындык нәрсе .Еңбегеңіз жана берсін

  21. Гулмира

    Тамаша жақсы айтылған осындай білімді мұғалімдеріміз көп болсын

  22. Jaraisiz! Keremet jazilgan

  23. Енбегиниздин жемисин жей бериниз керемет жазылган 💐

  24. Өте керемет мақала.Жас ұрпаққа білім беру жолында тек алға!

  25. Жайнагул

    Қаламыңыз қарымды болсын!Жас ұрпақтың жолындағы еңбегіңіз ақтала берсін!

  26. Бакытгуль

    Керемет, еңбегіңіз жаңа берсін .Білімді шәкірттеріңіз көп болсын.

  27. Несібелі

    Білімді шәкірттеріңіз көп болсын. Устаздарга мың алғыс

  28. Браво , тек алға

  29. КЕРЕМЕТ МАҚАЛА

  30. Керемет 👍💪 молодец

  31. Не деген мақала айналайынау😄

  32. Гүлжазира

    Керемет! Еңбегің жана берсін. Сәттілік.

  33. Алтындай апай

    Керемет. Еңбегін жана берсін Еңбегінің жемісін көре беріңіз сәттілік.

  34. Ісіңіздің берекесін берсін!

  35. Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім — мектептің жүрегі. Осы сөздерге қосыламын Айжан Турехановна! Еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз.

  36. Керемет,еңбегіңіз жемісті болсын!

  37. Айжан шығармашылық табыс тілеймін

  38. Рисалат

    Қоғамның дәрежесі мұғалімдердің дәрежесімен өлшенетіні барлығымызға белгілі.Сондықтан біз педагогтер білім алушының саналы түрде өмір сүріп, еңбек етуіне ықпал жасауымыз керек.Әріптес. тынымсыз еңбегіңізге тек шығармашылық табыс тілеймін.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.