Home » Мақалалар » ЕРЕКШЕ ОҚЫТУДЫ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАР МЕН  АТА-АНАЛАРЫНА  ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТ

ЕРЕКШЕ ОҚЫТУДЫ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАР МЕН  АТА-АНАЛАРЫНА  ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТ

Қуаныш Ақжан Есенбайқызы
Алматы қаласы, Жетісу ауданы
№2 ЖББМ педагог-психологы
    

Бала кемістігінің даму деңгейі неғұрлым төмен болса, соғырлым мұғалімнің білім деңгейі жоғары болу керек.
Неміс педогог-дефектолог П.Шуман.

     Ерекше оқытуды қажет ететін балалардың бірнеше бағыттар арқылы,  білім беріп келеміз. Бірақ әлемді шарпыған індет көп жағдайға өзінің зардабын тигізді. Әсіресе мектептер қаңырап бос қалды. Сондықтан біз білім берудің жаңаша деңгейіне көштік. Бұл ретте көбінесе ата-аналардан қолдау қажет еді. Сондықтан олармен тығыз байланыста болдық. Бастапқыда беймәлім болғанымен, біртіндеп қалыпқа түстік.
     Инклюзивті білім беру дегеніміз – балалардың жынысына, жас ерекшеліктеріне, географиялық тұратын жеріне, қимыл-қозғалыстық және ақыл-есінің жағдайына, әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарамастан, сапалы білім алу және өздерінің потенциалдық дамыту мүмкіндігіне ие болу. Инклюзивті оқыту – барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді. Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады, өйткені олар бір — бірімен қарым — қатынас жасауға, танып білуге,үйренеді.
Ерекше білімді қажет ететін балалар үшін инклюзивті білім берудің жағымды көрсеткіштері анық:
— арнайы мектепте оқитындармен салыстырғанда, өздерінің қалыпты деңгейдегі құрбыларымен әлеуметтік өзара байланысқа түсуде жоғары деңгейді көрсетеді.
— балалар күрделі бағдарламалар бойынша оқиды, нәтижесі – дағдылар мен академиялық жетістіктердің жақсаруы. Әрине, арнайы мектепке қарағанда жалпыға білім беру бағдарламалары жоғары әрі күрделі білім деңгейін талап етеді. Яғни, мүмкіндігі шектеулі балалар инклюзивті мектепте академиялық міндеттерді шешуге көбірек уақыт жұмсайды, және де, салыстырмалы деңгейде жоғары академиялық нәтижелерді көрсетеді.
— инклюзивті сыныптарда кіші топтарға бөліп оқытуға байланысты, нәтижелі қалыптасады. Балалар кіші топтарда педагогтың тапсырмасын орындау барысында кейбіреулерінің даму ерекшеліктері бар екендігін ұмытады. Біртіндеп, қалыпты деңгейдегі балалар өздерінің мүмкіндігі шектеулі балалармен ұқсастықтары көп екендігін түсінеді.
— Инклюзивті сыныптарда қалыпты деңгейдегі балалар мүмкіндігі шектеулі балалармен дос болады.
— Инклюзивті білім беру дамуында ерекшеліктері бар балалардың жалпы білімдерінің қалыптасуына әсер етеді.
— Инклюзивті сыныпта оқыған балалар үлкейгенде де даму ерекшеліктері бар адамдармен араласады.
— Ерекше білімді қажет ететін балаларды оқытуда жаңа білім беру технологиялары қажет: мысалы, мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуда мәліметтік технологиялар өте қажет. Мұндай технологияларды оқыту процесінде қолдану басқа балаларға да пайдалы.
Карантинге байланысты балалармен онлайн режимде жұмыс істедім.  Тәжірибеммен бөліссем:

  • Ең алғашқы оқушым «тұтықпа» салдарынан, инклюзивті білім алатын еді. Яғни сөйлеу тілінде бұзылысы бар болатын. Ең бірінші ата-аналарымен хабарластым. Сол кісілердің қолдауы арқылы сабақты әрі қарай жүргізе бастаған болатынмын. Оқушының өзімен төмендегідей бағытта жұмыстар жүргіздім:
  1. Өзіне деген сенімділігін арттырып, жігерлендіретін сөздер айттым
  2. Балаға сурет салдыру арқылы, талдау жүргіздім
  3. Жеке қабілеттеріне байланысты түрлі бағыттар бойынша жоспармен жұмыстар жүргізілді
  4. Музтерапия және арттерапия әдістерін қолдандым

Жалпы, онлайн оқу үшін ұстаздардар тікелей ата-анамен байланыс орнатып отырады. Сонымен қатар оларға психологиялық қолдаулар көрсетіледі. Яғни баланы қызықтыра білуге, олардың берілген тапсырманы орындауға қызығушылығын арттыруға бағытталуы тиіс. Өйткені ұстаз экранның арғы бетінде болған соң, көп жағдайда ата-аналардың қолдауы қажет еді. Ата – аналарға қандай қолдау көрсетіледі?

  • Шыдамдылық танытуға
  • Балаға өзінің тілімен сөйлеуге
  • Тапсырманы нақты және түсінбеген жерін ұстаздан сұрауға
  • Білімнің белестерін бағындыру үшін, балаға қолдау қажеттігі
  • Оқушы бойында озық қасиеттерін баса назарда ұстауларына

Психологиялық кеңестер беріліп, тренингтер жүргізілді.
Ендігі мәселе жүргізілген жұмыстардан, нәтижесін көру болып табылады. Сондықтан алдымыздағы жарты жылдық жоспарын жасаған болатынмын. Яғни балалардың танымдық деңгейін арттыратын шаралар тізбегін ұсынамын.
Қазан айына — «Әлпештеп аялаймыз алақанда…» тренинг, қарашада — түстер әлеміне саяхат, желтоқсанға – сурет салдыру арқылы танымын кеңейту.
Жеке бағдарламаларды іске асыруда түбегейлі мәні бар жеке бағдарламалар болып табылатындары:
— дамуындағы немесе мінез-құлығындағы ауытқулардың диагностикасы мен түзету шараларының бірлігі қағидасын ұстану;
— баланың және оның отбасының дамуындағы әлеуметтік ахуалды ескеру;
— ата-аналар немесе олардың орнын басатын тұлғаларды педагогикалықтүзету үдерісіне тарту;
— оқыту мазмұнын өзгерту және жұмыс әдістері мен амалдарын жетілдіру арқылы тәрбиелеуге және оқытуға жеке тұлғаға бағытталған көзқарасты іске асыру;
— ересектердің балалармен өзара әрекеттесу нұсқаларын кеңейту және балалар арасындағы әріптестік серіктестік нұсқаларын белсендендіру үшін жағдайларды қалыптастыру
Біздің басты мақсатымыз бен міндетіміз айқын. Қазақстанның жарқын болашағын қалыптастыратын әрбір ұрпаққа жақсы тәрбие мен білім беру. Ерекше білімді қажет ететін балалардың отбасына және жеке өздеріне  қолдау көрсету. Психологиялық тренинтер өткізіп, олардың қалыпты жағдайда болуына көмек қолын созу. Егер міндетімізді орындасақ, мақсатымызға жеткендігіміз болады.

Жарқын болашақты қалыптастыратын – Жас ұрпақ!

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.