Қайтсек заманға сай қызмет жасаймыз? — деген ой кез-келген осы елдің ұрпағында бар деп ойлаймын. Бірақ, тетігін тауып, қисынын қиыстырғандар саусақпен санарлық екенін көріп жүрмыз.
Цифрлы жүйе ұсынып ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Ильясов Айбат Болатұлына бардық. Жалпы бұл кездесу мемлекет басшысының 2022 жылғы 26-шы қарашадағы жарлығына байланысты екенін Айбат мырза жақсы түсінген екен. Арнайы мамандарды қасына шақырыпты. Атап айтсам, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқығын қорғау комитет төрағасының орынбасары Батырхан Жолдас Нұрланұлы, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Цифрландыру департаментінің директоры Тиштыбаев Азат Ашенұлы, Білім мазмұнын сараптау орталығы, электронды оқу басылымдарын сараптау және ақпараттық технологиялар бөлім басшысы Бекжанов Олжас Кұрманғазыұлы болды.
Ата-аналар арасында дұрыс түсіндірме жұмыстарын жүргізбегендіктен көптеген мәселелер туындайтыны рас. «Карточкаға мәжбүрлеп жатыр, үкімет карточка сатып ақша тауып жатыр. Карточка неге керек, балам автобусқа мінбейді. Бұрын тегін тамақ ішіп келді, қазірде солай іше бермей ме?» с.с.т.б.сұрақтар қазіргі уақытта туындап тұрғаны, ата анаға түсіндірме жұмыстарының жасалмағанын айттым.
Ондай жағдайда не істеу керек, бірінші кезекте Басқармалар мен бөлімдердің, мектептердің есіктері ашық болу керек. Басқарма өзі, ынталы түрде ұсыныс жасаған мекемелерді тексеруден не сараптаудан өткізіп, сосын барып асханаларға ұсыныс жасау керек. Өйткені ата-аналар балаларын асханадағы аспазға емес, мектептегі директоры мен ұстазына сеніп жіберіп отыр. Яғни, бірінші кезекте баланың қауіпсіздігі тұр. Сондықтан ашық, таза, әділ, таза, сапаға сай цифрлы жүйе ұсынған мекемелерді анықтау керек. Оның арнайы критерилері болу шарт. Сонда кез-келген туындаған сұраққа қарапайым тілмен жауап береуге болатынын екі тарапта түсінгендей болдық.
Республикалық «БІЛІМ АЙНАСЫ» газеті мен bilimainasy.kz сайтының негізін қалаушы, «ШАШУ» оқу-танымдық кешен авторы, «Толем Кью» tolemcard.kz (төлем жүйесі) компаниясы төрағасының кеңесшісі, төлем жүйесі бойынша республикалық менеджері, журналист: Қуантай АМАНТАЙҰЛЫ