Жорабекова Салтанат Бекбаевна
Түркістан облысы Қазығұрт ауданы
« Қ. Әбдәлиев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
физика пәні мұғалімі
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ОЙЛАУ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУ
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту – мектептің білім берудегі басты міндеттердің бірі. Ойлаудың даму проблемасының ерекше мәнділігі білім берудің мақсаты мен міндеттерінің өзгеруімен байланысты. Білімдер, іскерліктер және дағдыларды меңгеру осы дамудың құралдары болып табылады. Білімнің шығармашылық тәжірибені, әлемге деген эмоционалды-құндылықтық қатынас тәжірибесін беру мектеп оқушысының дамуы үшін үлкен маңызға ие. Сонымен қатар оқушының тұлғалық дамуы үшін оның өзінің оқу-тәрбиелік процесінің объектісінен мұғаліммен белсенді өзара әрекеттесетін субъектіге айналғандығы қажет. Оқушының жеке тұлғасының дамуы, ең алдымен, оның ойлауының дамуын болжайды. Ойлау – бұл объективті болмысты бейнелеу процесінің, адамзаттың танымның ең жоғары сатысы. ХХ ғ. Физика саласындағы төңкерістер (жаңалықтар) шынайы болмысты тепе-тең бейнелеу үшін диалектикалық ойлау заңдарын қолдану қажеттілігін дәлелдей түсті. Әдістемелік әдебиеттерде пайдаланылатын ғылыми ойлауға тән негізгі көріністерді бөліп көрсетейік. Олар, ең алдымен:
— объектінің диалектикалық қарама-қарсы қасиеттерінің, құбылыстардың бірмезгілде болуы мүмкіндігін түсіну, диалектикалық қарама-қайшылықтарға сүйене білу;
— білімнің нақтылығын, оның белгілі бір жағдайларда шындық екенін түсіну;
— сапалық және сандық өзгерістердің өзара байланыстылығын түсіну;
Оқушыларда ғылыми ойлаудың дамуының бір маңызды шарты -оларда табиғат құбылыстарының өзара байланыстылығы мен өзара келісімділігі туралы түсініктерінің қалыптасуы болып табылады. Табиғат құбылыстарының өзара байланыстылығы мен өзара келісімділігі жөнінде айтқанда, физикаға оқыту кезінде оқушыларға физикалық құбылыстар мен процестердің ішкі, мәнді өзара келісімділігін көруді және ұғынуға үйрету керектігін естен шығармаған жөн. Физика ғылымының басты түсініктерінің бірі – физикалық объектінің немесе оның әртүрлі қасиеттерінің сапалық әрі сандық (мөлшерлік) әралуандылығын анықтап тұратын физикалық шама ұғымы болып табылады. Орта мектептің жоғары сыныптарында оқушылар көптеген физикалық шамалармен танысады. Өкінішке орай, бірқатар жағдайларда шаманың физикалық мәні оқушыларға түсініксіз болып қала береді. Мұндай кемшіліктердің себептерінің бірі оқушылардың физикалық шамалардың өздері анықтайтын объектілердің (құбылыстардың) қасиеттерімен байланыстылығын түсінбеулерінде, мұндай байланыстарды талдай алмауларында, яғни берілген физикалық объектінің (құбылыстың) күйінің оны сипаттайтын физикалық шамаларға тәуелділігін көре білмеулерінде жатыр. Мектеп оқушыларының ғылыми ойлауы жөнінде айтқанда есте сақтарлық нәрсе – бұл физика мұғалімі оқушыларда физика ғылымының әзір тұрған ақиқат қоймасы емес, оларға жету процесі, білмеуден білуге деген қозғалыс екендігін, шектеулі білімнен едәуір дәл, жалпыға ортақтылыққа ұмтылыс екендігін түсінуді шексіз. Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс заманындағы нарықтық катынастардың талабына сай бизнес пен коммерцияның, кооператив пен жеке косіпорынның, кәсіпкерлік пен меншіктің әр түрлі формаларын қарқынмен дамытудың қажеттігі болашақ кадрлардан жаңалыққа реакциясы жылдам, бақылаушылық ебдейлігі мен стандартты емес ойлау бейімділігі жетілген, тапқырлық пен ізденімпаздықты, шеберлік және іскерлік қасиеттерді талап етеді. Физиканы оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру олардың физикалық ойлауын дамытудың құрамдас бөлігінің бірі болып табылады. Физика — табиғат туралы ғылым. Оның басты мақсаты — заттар мен денелердің, құбылыстар мен процестердің негізгі қасиеттерін біліп-тану, табиғат кұбылыстарының заңдылықтарын зерттеу. Сабақта мұндай танымдық процесс оқушылардың физикалық ойлауын дамытуды қажет етеді. Бұл үшін оқыту процесінде анализ және синтез, салыстыру мен аналогия, классификация және жүйелілік (систематизация), абстракция және жинақтап қорытындылау сияқты логикалық ойлау операцияларын пайдаланамыз. Мектепте физиканы оқыту кезінде оқушыларда логикалық ойлаудың негізінен мынадай түрлері қалыптастырылып, дамытылуы тиісті:
физикалық ойлау;
ғылыми-техникалық ойлау;
диалектикалық ойлау;
Оқушылардың ғылыми — техникалық ойлауы физика мен математиканың арасындағы терең байланысты таба білуге, олардың техникада қолдану мүмкіндіктерін алдын ала болжай білуге, физикалық идеялардан түрлі техникалық конструкциялар мен модель сұлбаларды жасай білуге үйрету арқылы дамытылады. Физика сабақтарында және үйірме жұмыстарында ғалымдардың, конструкторлардың, өнертапқыштардың, бизнесмендердің өмір жолы мен шығармашылық іс — әрекеті жайлы ұдайы оқып, олардың шығармашылық ерекшеліктерімен таныстырып отыруды дағдыға айналдырған жөн.
Керемет 👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍
Жарайсың Салтанат
Жарайсың Салтанат еңбегің жана берсін
Салтанат керемет жарайсың 👍
Керемет 👍👍👍
Салтанат өте білімді ұстаз жарайсың
Салтанат енбегің жемісті болсын!!
Жарайсыз Салтанат апай, шығармашылық табыстар тілеймін
Өте керемет мұғалім
Жарайсың Салтанат апай
Салтанат өте керемет
Сәттілік. Тек алға👍👍👍
Салтанат керемет маман жарайсың Еңбегің жана берсін
Салтанат білімді ұстаз Жарайсың
Сәттілік .
Жарайсың тек қана алға
Салтанат жарайсың!!!
Еңбегің жана берсин. Тек Алға!!!
Салтанат. Керемет білімді мұғалімсіз. Білім министірі болыңыз! Саттілік
Салтанат биік шыңнан көріне бер!!! Жарайсың!!!
Білім саласындағы осындай жаңаша оқу процесстерінің оқу бағдарламасына қосатын үлестері зор деп ойлаймын👍
Жарайсын 👍👍👍
Салтанат Бекбаевна, мақалаңыз керемет шығыпты! Шәкірттеріңіз көбейе берсін!
Жарайсың! Еңбегің жемісті болсын!
Керемет, еңбегіңнің жемісін көр!
Еңбегің жанаберсін жарайсың. Тек қана алға!
Керемет тек алға 👍🏻
Еңбегің жана берсін! Тек алға💐
Jan-ayeke@mail.ru
Оте керемет Алға Салтанат.
Молодец! Тек алга ✊🏼✊🏼✊🏼
Салтанат!жарайсың!Еңбегіңнің жемісін көре бер!Тек қана алға!👍👏👏👏
Жемісін көріңіз 👍
Жарайсың Салтанат қызым. Тек қана алға!!!
Өз ісінің маманы
Салтанат жарайсын!!!👍👍👍
Жарайсың, керемет!
Енбегин Жана берсин.Билимин арта берсин.Тек алга
Білім саласындағы осындай даму процесстерінің оқу бағдарламасында алатын үлесі зор деп ойлаймын
Керемет👍👍👍
Еңбегіңіздің жемісін көріңіз👏👏👏
Жарайсын Салтанат саттылык
Еңбегіңіз еселене берсін.
Керемет! Сәттілік!
Еңбегіңнің жемісін көр!👍
Өте керемет, ісіңізге сәттілік👍👍
Салтанат апай өте тамаша биик шыннан корине берсин бериниз
Ұстаз пікірімен келісемін. Оқушыларға пайдаға жарасын.
Салтанат апай тек алга
Мұғалімнің еңбегі инемен құдық қазғандай, сондықтан дарынды мұғалімалардан тек дарынды балалар шығады, елімізде балалардың болашағына көп еңбек сіңіріп жүрген мұғалималарға АЛҒЫС!!!
Тамаша жазылған. Еңбегіңіз еселене берсін🌹
Жарайсын, өте тамаша!
Ой жарайсың тек алға.
Жарайсың сыныптас. Еңбегің жемісті болсын. 👍👍👍
Liaz. Kz@mail.ru
Салтанат жарайсың!
Супер 😍😍😍. Енбегиниз жана берсин
Өз ісінің үздігі⭐️🙌🏻
Керемет!!!
Жарайсың,Салтанат!Тек алға.
Жарайсын, улагатты устаз👍👍👍
Керемет👏Шығармашылық табыс тілеймін