Home » Мақалалар » Оқушылардың функционалдық сауттылықтарын арттыру.

Оқушылардың функционалдық сауттылықтарын арттыру.

Сыбанова Перизат Жетпісқызы
Түркістан облысы
Қазығұрт ауданы
Қ.Сатбаев атындағы мектеп-лицейінің
бастауыш сынып мұғалімі

 

Оқушылардың функционалдық сауттылықтарын арттыру.

 

Функционалдық сауаттылық дегеніміз — адамдардың әлеуметтік,мәдени,саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаҺандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына, жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыру.

Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы дегеніміз-оқушының

пәнді терең түсінуі қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез-келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.

Яғни, оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануға үйрету.

Тұлғаның ең басты функциялық салалары:

—  белсенділік;

— шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға;

— кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады;

— ал бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.

Оқушылардың функционалдық сауаттылық мазмұны келесі құзыреттіліктерден көрінеді:

— оқу, жазу сауаттылығынан;

— жаратылыстану ғылымындағы сауаттылығынан;

— математикалық сауаттылығынан;

— компьютерлік сауаттылықтан;

— денсаулық мәселесіндегі сауаттылықтан;

— құқықтық сауаттылығынан.

Республикамыз қазір ТІМSS зерттеулеріне қатысатынын білеміз. Халықаралық ТІМSS зерттеуі — бастауыш сыныптар бойынша 4 сынып оқушыларының математика мен жаратылыстанудан білім сапасын бағалайтын төрт жылдық мерзіммен өткізіледі.

Мұндағы басшылыққа алынатын сапалар: белсенділік, шығармашылық тұрғыда ойлау, шешім қабылдай алу, өз кәсібін дұрыс таңдай алу, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.

PIRLS зерттеуінің мақсаты әртүрлі әлем елдерінің бастауыш сыныптарының мәтінді түсіну деңгейлерін сәйкестендіру және ұлттық білім жүйесінің оқу сауаттылығын ашудағы ерекшеліктерін анықтау болып табылады.

Зерттеу нысаны бастауыш сынып бітірушілерінің оқу жетістіктерін анықтайды, себебі оқытудың алғашқы 4 жылы нақты білімді және үйрену қабілеттерін шыңдаудың негізі. Мазмұны және формат бойынша білімді табысты

жалғастыруда негізгі мектепте әртүрлі мәтіндерді қолдану үшін осы уақыт арасында қатысушылар оқып үйрену керек.

«PIRLS,TIMSS -Халықаралық білім сапасын бағалау жөніндегі зерттеулер.

 

TIMSS                                                                                    PIRLS

 

PIRLS, ТІМSS зерттеулері нәтижесінде оқу сауаттылығы оқушылардың жазбаша мәтіндерді ұғына оқу қабілеттілігі және оларға рефлексия, олардың мазмұнын өз мақсаттарына қол жеткізу үшін қолдануы, білімдері мен дағдыларын қоғамның белсенді өміріне араласуы үшін дамытуға ықпал етуіне және оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін бағалауға, оқушыларды әлеуметтенуге және дербестеуге бағыттау, болашақ кәсіби қызметі саласын жауапты таңдауына дайындауға зор мүмкіндік береді.

PIRLS, ТІМSS тапсырмаларымен жұмыстануды 2,3,4 сынып мұғалімдері сабақ барысында жүзеге асырады.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.