Home » Мақалалар » Зерттеу сабақтарының тиімді жақтары.

Зерттеу сабақтарының тиімді жақтары.

Шыгыс Казакстан облысы
білім басқармасы Өскемен қаласы
бойынша білім бөлімінін «27 орта мектебі»КММ
Нысанова Алия Сеитовна

 «Сіз өзгересіз, себебі сіз білімді алғанды, білімді бергенді жақсы көресіз, балаларды сүйесіз және олар мына жылдам өзгеретін әлемде бағыт беріп отыратын сізді қажет ететіндігін білесіз, оны істеу үшін сізге алдымен өз жолыңызды табу қажет.
Сондықтан сіз де, олар да өзгеруі қажет»
Сильвия Бич

Қазіргі жаhандану заманында еліміз күннен күнге тез дамып келеді. Ал еліміздің дамып, дамыған елдердің қатарына қосылуы бүгінгі күні білім алушы ұрпаққа тікелей байланысты. Сондықтан оқушылар тиісті білім алу үшін оларға қолайлы орта туғыза отырып, жас ұрпақты жан — жақты оқыту мен тәрбиелеу қазіргі таңда біз бен сіздердің басты мақсатымыз.

Ол бізден өз сабақтарымызды оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыру талап етеді. Бұл талап мұғалімнің кәсіптік құзыреттілігімен тікелей байланысты.

Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі — оның жан-жақты білімінен,  ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді. Мұғалім өз кәсіби құзіреттілігін дамыту үшін үнемі ізденіп, сынып деңгейіне, оқушылардың жетістік деңгейіне, қолданатын әдіс-тәсілдеріне тұрақты зерттеу жүргізіп отыру керек. Себебі, білім бір орында тұрмайды, ол үздіксіз дамып отырады. Әр күн сайын біз жаңа ашылулар, жаңалықтар оқып, көруімізге болады. Сол жаңалықтардың бірі — Lesson Study деп аталады. Lesson Study — мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл. Оның басты мақсаты: 1. Мұғалімнің кәсіби өсуіне ықпал жасау

  1. Оқытудағы тиімді әдіс тәсілдерді жетілдіру
  2. Оқушылардың білім деңгейін көтеру

Біздің мектеп үшінші сатысында, серіктес мектептер арасында жетекші мектеп ретінде  сабақты зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеміз. Бастауыш сынып мұғалімдерінен №7 фокус топ құрылды.

Біз өз сыныптарымыздың  білім деңгейі мен оқушылардың   белсенділігін қарастыра келе.  Сыныптың проблемасы ауқымында коучинг өткізіп, мәселенің теориялық мазмұнын ашып, мүмкін шешімдерін талдай келе топ мүшелерімен ақылдаса отырып зерттеу жұмысына

Ең алдымен Lesson Study тобын құрдық. Бұл топта мектебіміздегі 6 бастауыш сынып мұғалімдерінен тұратын қауымдастық құрдық.

Зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру үшін 3 «Б» сыныбы таңдалынды. Сыныптың білім деңгейі меноқушылардың   белсенділігі орташа.  Сыныптың проблемасы ауқымында коучинг өткізіп, мәселенің теориялық мазмұнын ашып, мүмкін шешімдерін талдай келе топ мүшелерімен ақылдаса отырып зерттеу жұмысына

«Қалыптастырушы бағалаудың жүйелі жүргізілуін бақылау арқылы оқушылардың білім деңгейін көтеру»  тақырыбы таңдалып алынды. Осы сыныпта басты назарға алғандағы  мақсатымыз – оқушылардың оқытуға белсене қатысуын; күтілетін нәтижені түсінуін; өзін-өзі бағалауын және бірін-бірі бағалауын қамтамасыз ете отырып  оқу мен оқыту үрдісінде белсенді, бәсекелестік атмосфера тудыру арқылы қызығушылығын ояту арқылы білім сапасын көтеру болды.

Топ мүшелері бірлесе отырып сабақтар тізбегін   жоспарладық.
5) Сыныптан А,В,С оқушылары және  бақылау барысы мен интервьюде қолданылатын құралдар таңдалып алынды.
6) Әрбір оқушы сабаққа белсене ат салысуы үшін оқушыларды сабақты жоспарлауға байланысты сұхбат алынды. Сұхбаттасу барысында оқушыларға мынандай сұрақтар қойылды:

  • Алдағы сабақтан не күтесіз?
  • Не білгіңіз келеді?
  • Осы тақырыптың ең басты ұғымдары қандай деп ойлайсыз?
  • Осы сабақта қандай әдіс-тәсілдерді қолданған тиімді болады деп ойлайсыз?
  • Топтарға қалай бөлу керек?
  • Сіз кіммен бір топта болғыңыз келеді?
  • Сізге сыныпта кім жақсы көмектеседі?
  • Сабақтың нәтижесі қандай болуы керек деп ойлайсыз?
  • Мұғалім болсаңыз, бұл сабақты қалай өткізер едіңіз?» (қосымнаны қараңыз)

Айтылған ұсыныстар мен жауаптар жазылып алынды.
Оқушылардан алған сұхбат негізінде сабақтар өткізілді.

Бірінші сабақ «Адамдар не үшін еңбек етеді?» тақырыбында дүниетану пәнінен сабақ өткізілді. Сыныпта жақсы ахуал қалыптастыру үшін мұғалім сабақты ең әуелі сәттілік тілеуден бастады. Үй тапсырмасын тексеру барысында оқушыларға ең алдымен өткен тақырыпты еске түсіру үшін сұрақтар қойылып, жауаптар алынды. Сол арқылы шағын топтарға семантикалық карта беріліп, топ басшысы оқушыларды бағалады.

Жаңа тақырыпты 4 топқа бөліп беріп, оқушы берілген тақырыпшаны өзі оқып, топ ішінде талдап, жоба қорғады. Әр тапсырма «Бағдаршам» әдісімен бағаланып отырды. Сабақ  барысында А оқушының топты алға жетелеуі анық көрінді, Ал С  оқушының тіл байлығының аздығы, көпшілік алдында қысылып, өз пікірін ашық айта алмайтыны байқалды. Бірінші Lesson Study -ді талдап, оқушылар пікірін білгеннен кейін,  екінші  Lesson Study математика  пәнінің  жоспары құрылды.

Екінші сабақта сыныпты топқа бөліп, үй тапсырмасын сағат тілімен дәптерлерін алмасып, тексерді және бағалау критерийлері бойынша өзара бағалау жүргізілді. Жаңа тақырыпқа көшпес бұрын өткен тақырып бойынша ауызша есептер орындатылып, жетелеуші сұрақтар берілді. Сабақта жиі сұрақ қою әдісін қолданылы. Бұл жерде топтың бірігіп жұмыстануына мүмкіндік берілді. Әрқайсысы өз деңгейлері жеткенше тапсырманы қызығушылықпен орындап, жұмыстанды.

Екінші Lesson Study -ді талдап, оқушылар пікірін білгеннен кейін,  үшінші  Lesson Study жаратылыстану пәнінің  жоспары құрылды. Бұл сабақ оқушылардың пікірлерін ескере отырып, жаңа тақырыпты өз беттерімен меңгеру үшін «Мозаика» әдісі ұйымдастыру  жоспарланды. Себебі, оқушылар тақырыпты өз беттерімен талдап, бір-бірімізге өзіміз түсіндірсек деген ұсыныс жасаған  болатын.

Мәтінді бірінші өздері оқып, топта талдап, басқа топтарға барып өз мәтіндерін түсіндіріп, кейін  өз  топтарына оралғаннан кейін басқа топтан түсінгендерін қайта ортаға салды.Көшбасшы болған оқушының түсіндірілуі өзара бағаланып, В оқушы көшбасшы болуға белсенділігін көрсетті. Бекітуде берілген тәжірибелік  тапсырмаларды да оқушылар қызығушылықпен орындады. Мұнда оқушылар өз топтары талдамаған деректер бойынша да сұрақтарға жауап берді. Бақылауда болған С және А деңгейлі оқушылар  күткен нәтижеге сай жұмыстанды. Сабақ соңында оқушылармен сұхбаттасқан кезде бақылауға алынған оқушылар сабақты меңгеруге «Мозаика» әдісінің тиімді болғанын айтты.

Төртінші Lesson Study кезеңінде  әдебиеттік оқу пәнінен «Ғұлама ғалым» мәтіні талданды. Әдебиеттің сынын, теориясын, тарихын оқушыға меңгерту қажет, сондықтан  сабақ үдерісінде сұрақ-жауап, дәлелдеу, талдау, салыстыру, жинақтау, қайта қорыту әрекеттері арқылы жүзеге асыруды жоспарладық.

Осындай бағытта биылғы оқу жылында 4 зерттеу сабағы өткізілді.Зерттеуге қатысушы мұғалімдер, яғни топ мүшелері сабақты бақылады, үш деңгейдегі оқушыларды, олардың сабақтағы жетістік деңгейлерін бақылап, жазып алып отырды. Арнайы бақылау парағы жасақталды.

Сабақтан кейін.

Әр сабақтан кейін Оқушылардан сұхбат алынды. Оларға өткізілген сабақ бойынша төмендегі сұрақтар қойылды:

  • Бүгінгі сабақта не білдің?
  • Не үйрендің?
  • Қандай қиындықтар болды?
  • Қиындықтардан қалай шықтың? Кім көмектесті? Не көмектесті?

Бүгінгі сабақта нені өзгерткің келеді?

  • Сабақта не ұнамады?
  • Сабақтың қандай кезеңдері ұнады? (қосымнаны қараңыз)

10) Оқушылардан алған сауалнамалар жауаптарын басшылыққа ала отырып өткізілген сабақты талқыланып, сабақтың рефлексивті картасы толтырылды. Ол төмендегі сұрақтарды қамтыды:

  • Сіздің ойыңызша сабақта не сәтті болды? Неліктен?
  • Қандай жетістікке жеткіңіз келді? Оқушыларға нені үйреткіңіз келді? Оқушылардың әр қайсысы нені меңгере алды? Олардың қызығушылығы болды ма? А, В, С оқушылар үшін
  • Сабақтың жоспары қаншалықты сізге көмектесті? Қандай кезеңі жоспардан тыс болды? Неліктен олай болды деп ойлайсыз?
  • Жоспарға қандай өзгерістер еңгізу керек деп ойлайсыз?
  • Осы сабақты қайта өткізу керек болса жоспарға қандай өзгерістер еңгізер едіңіз? Оны қалай кіріктірер едіңіз?
  • Қандай күтілмеген жағдайлар болды?
  • Сабақты өткізуде қандай әдісті оқушылардың үлгерімін жақсартуға бағыттар едіңіз?
  • Келесі сабақта нені ескеруіміз керек? (№ 3 қосымшаны қараңыз)

Осы сауалдар негізінде келесі сабақ жоспарының жақсартылған нұсқасын дайындалды.

Мұғалім айтылған ұстанымдарды қолдана отырып олардың кәсіби әрекеттері «Бірлесу, ақылдасу, қолдау» ұғымдары аясында жүзеге асырылды. Осылайша Сабақты зерттеу (Lesson Study) әдісі мұғалімдерді тұрақты түрде, толассыз кәсіби шеберлігін дамытуға ынталандырып, ұжымдағы ынтымақтастықты дамыта түсті. Lesson Study әдісін пайдаланған мұғалімнің сабаққа дайындалуы да сабаққа қатысу мәдениетіде өзгерді. Мәселен, мұғалімдер сабаққа «түнде, үйде, жалғыз» форматында дайындалса, енді олар сабақ жоспарларын «күндіз, мектепте және бірлесе» форматы ауқымында дайындады. Өз тәжірибемізді  негізіне сүйене отырып Lessen Study тәсілін енгізуде төмендегідей артықшылықтарға қол жеткізуге болатынын білдік.

Ол мұғалім үшін:

  1. Оқыту сапасының жоғарлауы
  2. Кәсіби шеберліктің артуы
  3. Оқушы – мұғалім – оқушы жұмысының жемістілігі
  4. Жаңа тиімді әдіс – тәсілдер мен технологияларды енгізу
  5. Оқушының білім сапасының артуы.

Оқушы үшін

  1. Оқуға деген ыгтаның артуы
  2. Топта бірлесе жұмыс істеуге ынталану
  3. Бір – бірін жан жақтан тануы
  4. Өзіне және өз жауабына деген менімділіктің артуы
  5. Өзідік және өзара бағалауда нақтылыққа қол жеткізу

Ата – ана үшін

  1. Топта жұмыс істеу арқылы оқушылардың бір – бірімен өзара байланысының артуы
  2. Жаңа білім алуда жақсы оқитын оқушының үлгерімі төмен оқушыға көмек көрсетуі.

Нәтижесінде

1.Тәжірибелік білімді әріптестерімен бөліседі

  1. Әріптестер бір – біріне көмектеседі
  2. Оқушылардың маңызды білім алуына жағдай жасайды
  3. Білім сапасы артады

Қорыта айтқанда, қай кезде де мұғалім білім мекемелерінде негізгі тұлға болып қала береді, себебі оқушыға білімді өз бетімен үйренуі үшін жетекшілік қызметін атқарады. Мұғалім тек қана өз шәкірттеріне ғана емес, жан-жақты, білімді, заман ағымына сай жаңашыл ұстаз болса, өз идеяларымен, ой-мақсаттарымен өз әріптестері үшін соңынан ілестірер көшбасшыларына айналады. Lesson Study-оқушыларға саналы білім берудің көздеген бір мақсатқа жұмсалған ұстаздар шеберханасы десекте артық етпейді.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.