Home » Ашық сабақтар »  Келешек мамандықтары

 Келешек мамандықтары

Кадыров Мельс Муратович
Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы,
Бумакөл мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің
еңбек, бейнелеу өнері және сызу мұғалімі

 

 

 

 

 

 

Сыныптан тыс іс-шара

Тақырыбы: Келешек мамандықтары
Мақсаты: жұмыстың мазмұнымен, мағынасымен айрықшаланатын мамандық әлемінің түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру. Білім алушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, мамандық таңдай білуге  тәрбиелеу.
Тәрбиелік:  Білім алушылардың терең білім алу жолында үздіксіз еңбектенуге, тұлғалық өсудің алғы шарттарын қалыптастыра отырып елімізге өз үлесін қоса білетін адал маман иесі болуға тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын түрлері,
Көрнекілік: мамандық туралы нақыл сөздер, суреттер, мамандықтарға қажетті сөздер, қима қағаздар

Сабақтың өту барысы:
Жоспар:
 І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Жаңа сабақ: Келешек мамандықтары
ІІІ. «Мамандық әлемі»
ІV. Пікірталас

V.Кәсіпті тап

  1. Шығармашылық конкурс

VII. «Армандарға жетсек деген тілекпен» (тілектер айту)

VIII. Ой қорыту

 І. Ұйымдастыру бөлімі

  1. Білім алушылармен амандасу

2.Қыз балаларды түгендеу

3.Зейіндерін сабаққа аудару

4.Кезекшілік тағайындау

ІІ. Жаңа сабақ

   Суреттерді көру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
  Атақты ғұлама Әл-Фараби айтқандай Ісім оңсын десеңіз, Сол істің маманы болыңыз. Даңқым шықсын десеңіз Көпшіліктің адамы болыңыз.
Қайырлы күн, құрметті Қазақстанның жарқын болашақтары! Сәлеметсіздер ме! Отырыңыздар! Біздің бүгінгі ашық сабақтан тыс іс-шарамыздың тақырыбы – «Мамандықтар әлемі: біз таңдайтын жолдар» атты пікір алмасу сабағымызға қош келдіңіздер!

Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 — ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз олардың қаншасы туралы білеміз? Мамандық таңдауда нені бағдар ретінде алуға болады? «Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?» деген сұрақтарға мектеп оқушыларының көбісі нақты жауап бере алмайды. Шындығына келгенде мамандық таңдау мәселесі әсіресе біздің қоғамымыз нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе.
Мамандық таңдау — жасөспірімдердің өміріндегі күрделі де маңызды қиын да қажетті қадамы. Ол мектеп кезінде, жас шағында орындалады. Дегенімен осы жолда оқушыларға қиын болады: көбісі мамандық түрлерін, олардың қандай талап қоятынын білмейді. Көптеген жоғары сынып оқушылары өздерінің іскерліктері мен қабілеттерін дұрыс тани алмай, мамандық таңдауда көптеген кедергілерге ұшырайды.
Білім алушылардың  алдында тұрған басты мәселе — болашақ мамандығын таңдау. Мамандықты дұрыс таңдау — ол өмір жолының сәттілігінің негізі.
Мамандық таңдау дегеніміз не?
1. Білім алушылардың өз жеке басының ерекшеліктерін тануы;
2. Өзінің жүрегіне үңіліп, бейімділігін бағамдауы;
3. Ұнататын кәсіптердің арасынан біреуін таңдау;
4. Өзінің таңдаған кәсіби аумағын тануы керек.
Арнайы зерттеулер көрсеткендей 14 — 16 жас аралығындағы жеткіншектер өз бетінше мамандық таңдай алмайды, себебі мамандық таңдағанда олар тек бір ғана белгіге назар аударып, жағдайды жан — жақты талдай алмайды. Білім алушылардың  40%- ы ғана еңбек мағынасын қызығушылықпен таңдайды. Сондықтан олардың көбісі өздерінің мамандықтарын тез таба қояды, жұмысқа деген шығармашылық қатынасы да ерекшеленеді. Негізінен, мамандық таңдауды жас адам мектепті бітіру кезінде түсінеді, сосын өз қызығушылықтары мен мүмкіншіліктерін, өздерінің жеке қасиеттерін, мамандықтың қажеттіліктерін, еңбек нарқының қажеттіліктерін біле отырып, сұранысқа қарай таңдайды.
Өз жеке қабілеттерін біліп, мамандық таңдауы жас адамды кәсіби түрде мамандық таңдау ережелерімен таныстырады.
ІII. «Мамандық әлемі».

Мамандықтың бірнеше классификациясы бар. Олардың неғұрлым белгілілері еңбек пәніне негізделеді. Еңбек пәні бойынша жіктелетін мамандықтар 5 топқа бөлінеді:
1. «Адам — Табиғат» аймағы
2. «Адам — Техника» аймағы
3. «Адам — Адам» аймағы
4. «Адам — Белгілер жүйесі» аймағы
5. «Адам — Көркемдік бейне» аймағы

Осы мамандықтар әлемінде дұрыс таңдау жасай алуы үшін балаларды «Мамандық таңдау формуласымен» таныстырады.
«Қалаймын», «Қолымнан келеді» және «Қажет» — осы үшеуін бір — бірімен үйлестіре алсаң, сенің кәсіби таңдауың өте сәтті болмақ.
Сенің міндетің – келесі талаптарды орындайтын мамандықты таңдау:
• Сен үшін мамандығың қызықты және тартымды болуы қажет;
• Сенің қабілеттеріңе сәйкес келуі қажет;
• Еңбек нарығында сұранысқа ие болуы қажет.

IV.Пікірталас
1) Мамандық таңдауда нені есепке алу керек?
2) Адамның қандай қасиеттері кәсіби түрде қажет?
3) Адам кәсіби жұмыста қалай табысқа жете алады?
4) «Маман иесі» дегенді қалай түсінуге болады?

V.«Кәсіпті тап»
Менің кәсібім сендерге оңай болып көрінуі мүмкін, бірақ оған бүкіл ұжымның жұмысы тәуелді болады. Бұл кәсіп үнемі қозғалыста болуды және мықты жүйкені талап етеді.Мені адамдар ылғи да өңімнен тани бермейді, өйткені көбінесе арқамды ғана көреді.Менің кәсібімді атаңдар. (Дирижер.)
Менің кәсібіме көп талаптар қойылады. Оның негізгі кемшілігі-денсаулыққа жағымсыз әсері. Кәсіптік ауруы- гипотения, яғни артериялық төменгі қысым. Маған жеке өмірімді жоспарлау қиындау, өйткені мен жерде көп болмаймын. (Әуе жолсерігі.)
Менің кәсібім ең қауіпті кәсіптер қатарына жатады. Мен уақытымен жұмыс істемесем ешбір үйде жарық болмайды. Ауа райы қандай температурада болса да аяғымнан тік тұрып еңбек етуге тура келеді. ( Электрик.)
VI. Шығармашылық конкурс.
Тапсырма сендердің қаншалықты шығармашылықты адамдар екендіктеріңді байқауға мүмкіндік береді. . 1Ойлан,тап! Көрермен мен топ арасындағы байланыс Әр топ берілген мамандықты іс-қимылмен бейнелейді, келесі топ жасырылған мамандықты табады. 2«Жағдаяттық сұрақтар» Егер мамандық иесі болсаң не істер едің? Дәрігер. Ауырған адам сізге келіп, қойған диагнозбен келіспейтінін айтты. Сіздің шешіміңіз? Әнші. Сахнада ән салып тұрсыз, көрермен ұйықтап отыр. Бұл сізге ұнамады. Сіз не істейсіз? Журналист. Жазған мақалаңыз кейбір жандарға ұнамай, сізге ескерту жасады, қорқытты. Не істер едіңіз? Тігінші. Сізге бір кенет жақсы матадан көйлек тіктіруге тапсырыс береді. Ол матаны тігу барысында дұрыс болмай қалды. Тапсырыс беруші сізге ренішпен ұрысып, матаны тауып беруіңізді талап етті. Сіз қалай жауап берер едіңіз? Аспазшы. Асханаға келген кенет жасалған тағамға көңілі толмай қайтарып әкелді, ақысын сұрады. Сіздің жауабыңыз?

VII.«Армандарға жетсек деген тілекпен»
Мұғалімнің сөзі:

  • Ж. Аймауытов “Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе” деген екен.

VIII. Ой қорыту. Рефлексия.
«Екі жұлдыз, бір тілек» Біз оқушылар еліміздің Тәуелсіздігінің тұғыры мықты болу үшін өз үлестерімізді қосуымыз қажет мектепті жақсы аяқтап, қазіргі заманға лайықты мамандық иесі болуларыңа тілектеспін.

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.