Жақыбаев Ерлан Қадлетұлы
Жетісу облысы Талдықорған қаласы
Д.Рақышев атындағы
қазақ мектеп-интернатының тарих пәні мұғалімі
Жетісу облысы Талдықорған қаласында мектеп аралық 9-10 сынып оқушыларына арналған, жас тарихшылар <<Менің кіші отаным>> атты Республикалық интеллектуалдық конкурсқа Д.Рақышев атындағы қазақ мектеп-интернатының 10 сынып оқушым Нұрсағат Баурасын қатысты.
Дарын Орталығының ұйымдастыруымен болған конкурс өте жақсы деңгейде болды. Нұрсағат Баурасын осы конкурсқа қатысу аясында бірінші қалалық кезеңінен
1-жүлделі орынды иеленіп,облысқа жолдама алды.
Конкурстың өтуі 2-бөлімнен болды.
1-бөлім бойынша Қазақстан тарихынан тест тапсырды.
2-бөлім бойынша 4-номинация бойынша әр оқушы өзі дайындап келген жұмыстарын таныстырды.
1-номинация <<Менің кішкентай Отанымның тарихы>> бойынша өз туған елді-мекенін презентация немесе бейнефильм форматында таныстыру.
2-номинация <<Кішкентай Отанымның символы>> бойынша автордың кіші отанына деген сүйіспеншілік символы бойынша белгілі бір тұлғаны таныстыру.
3-номинация <<Менің кіші Отаным>> бойынша макет дайындап,таныстыру болды.
4-номинация <<Менің кіші Отаным >> аясында эссе жазу бағыты болды.
Нұрсағат Баурасын 1-бөлім тест сұрақтарына сәтті жауап беріп, 2-бөлімде <<Менің кішкентай Отанымның тарихы>> номинациясы бойынша ,өзінің туып өскен жері Жетісу облысы, Көксу ауданы, Балпық би ауылын бейнефильм форматында таныстырды. Бейнефильмде Балпық би ауылының географиялық атауын,құрылу тарихын, даму кезеңін, климаттық ерекшеліктерін, халық саны секілді ақпараттарды баяндады. Нұрсағат Баурасын өз еңбегінің нәтижесінде қалалық мектеп аралық конкурстан 1-ші орынды иеленіп,облыстық кезеңіне жолдама алды.
Облыстық кезеңде де 1-бөлім Қазақстан тарихы бойынша тест тапсырып, 2-бөлім өз бейнефильмін жаңа форматта ,ауқымды түрде түсіндірді. Нәтижесінде облыстық кезеңде алғыс хатпен марапатталды.
Мен Нұрсағат Баурасынның жетекшісі Жақыбаев Ерлан Қадлетұлы конкурс ұйымдастырушылары «Дарын Республикалық ғылыми-практикалық орталығына», «Жетісу дарыны облыстық дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау оқу-әдістемелік орталығы» каммуналдық мемлекеттік мекемесіне алғысым шексіз.
Себебі ұйымдастырылған конкурс аясында оқушылар өз отанының тарихы жайында көптеген мағлұматтар біле алды. Өзінің кішкентай ғана Отанынан шыққан ұлы тұлғалар жайында ақпарат біліп,отанына деген сүйіспеншіліктерін қағаз бетіне түсіріп,отанымызға пайдасы тиер макет жұмыстарын көріп,көптеген ақпарат біліп,тәжірибе жинады. Сонымен қатар «Жетісу дарыны» ұйымдастырып отырған қалалық және облыстық кезеңде өткен жарыста оқушылар көптеген дарынды балалардың өнерлеріне тәнті болып, тәжірибе жинап қайтты.