Home » Білім және тұлға » Мерекелеріңізбен, ұлағатты ұстаздар!

Мерекелеріңізбен, ұлағатты ұстаздар!

Мерекелеріңізбен, ұлағатты ұстаздар!

 «Мұғалім өз сабағын сүймесе, оған өзі сүйсіне білмесе, ол шәкірт бойында да сүйіспеншілікті дарыта алмайды».
Ш.А.Амонашвили.

Жылына бір келетін ұстаздар мерекесін – барлық кәсіби мерекелердің төресі десек те қателеспеген болармыз, себебі жер бетіндегі барлық ғылым, өнер, кәсіп, небір іскерлік тағлымдардың түп негізін ұстаздар қалаған.

Ұстаз – ол ел болашағын жасауда ерен еңбегі, елеулі орны бар тұлға. Осынау айтулы мереке күні сүйікті ұстазы туралы әдемі естеліктерін бір сәтке қайта оралтып, жүрегін лүпілдіп бір ауыз жылы лебізін жеткізуге асықтыратыны да сондықтан болар.

Павлодар қаласының №5 жалпы орта білім беру мектебі айтулы мереке күні оқушыларын білім нәрімен сусындатып қана қоймай, олардың жүлделі орындарға ие болуына ұйытқы болып, белсенді атсалысып жүрген ардақты ұстаздарын мақтаныш етеді. Ерекше атап өтуге болатын ұстаздар көшін көпжылдық еңбек өтілімен қатар жоғары білімі, педагог-зерттеуші кәсіби санатқа ие ұстаз Макеева Айнаш Калеловна бастап келеді. Қадірлі ұстаз Айнаш Калеловнаның оқушылары мектеп қоржынын қалалық, облыстық, республикалық олимпиадаларда жүлделі орындармен толықтыруда. Ал,  педагог-зерттеуші Санникова Елена Георгиевнаның оқушылары облыстық ғылыми жобалар сайысының жүлдегерлері атануда.

Білім теңізінде бағытын берік ұстап, ұстаздық мамандықтың қадірін асқақтатып, оқушылардың ғана емес, әріптестерінің де шынайы құрметіне бөленіп жүрген ұстаздар бар. Олар: мектеп басшысының оқу ісі жөніндегі орынбасары, педагог-зерттеуші Естаева Сатира Рыскельдиновна, 30 жылдан астам еңбек өтілі бар педагог-зерттеуші санатындағы ұстаз Шакимова Каламкас Каиргельдиновна, мектеп басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кузнецова Галина Александровна, мектеп басшысының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары: педагог зерттеуші Батталова Нургуль Кайсановна, Байгабулов Жақсыбек Жастілекұлы, жоғары білімді маман, педагог зерттеуші Васюкова Екатерина Ивановна, білікті шығармашыл маман, бастауыш сынып мұғалімі Гильц Елена Михайловна, тағы басқалары.

Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд «Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады» деген екен. Аталған ұстаздардың ұлы ағартушының осы бір мағынасы терең даналық сөзіне лайықты жандар екені сөзсіз. Себебі, олардың әрқайсысының білім жолындағы қажырлы еңбектері тағылымы зор талай мақалаға арқау болары хақ.

Бұл жолы ұстаздар мерекесі марапаттаулар мен оқушылардың асқақтата шырқаған көңілді ән-билерімен, ұстаздар еңбегін құрметтеуге бағытталған–өздерінің әсерлі шығармашылық туындыларымен есте қалды.

Төл мерекелеріңіз құтты болсын, қадірлі ұстаздар қауымы!

Айгүл Молдаш,
республикалық «Білім айнасы» газеті.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.