Home » Мақалалар » Мектеп алды топтарына арналған отбасылық спорттық ойындар

Мектеп алды топтарына арналған отбасылық спорттық ойындар

Мырзағалиев Нысанбай Мырзаханұлы
№82 «Айару» балабақшасы
дене шынықтыру нұсқаушысы

 Ата-аналар мен балаларға арналған бірлескен ойындар балалардың мінезін қалыптастыруда және психологиялық, физиологиялық дамытуда баға жетпес әдіс болып есептеледі. Ойындар ата-аналардың өмірлік тәжірибелерін өз балаларына беруге мүмкіндік береді, сонымен қатар балалардың тәуелсіз болуға, маңызды шешімдер қабылдаудан қорықпауға, олар үшін жауап беруге және басқалардың іс-әрекеттерін дұрыс бағалауға үйретеді. Ең бастысы баланың отбасымен болуына, қызықты сәтті есте қалдырып, әкеге, анаға деген сүйіспеншілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Қимылды отбасылық ойындарды дұрыс ұйымдастыру және балаларды мүмкіндігінше қызықтыру өте маңызды. Алдымен әр ата-анамен бала кезіндегі спорттық ойындары жайында әңгіме-кеңестер жүргізу қажет. Отбасында ойналатын ойындары жайында фото көрме ұйымдастыруға болады. Таза ауада бірге серуендеу, ата-ананың спорттық ойындар туралы баласымен жүргізген жұмыстарымен, тәжірибесімен бөлісе алатын «Әкелер кеңесі» атты дөңгелек үстел т.б. қызықты шаралар өткізу. Осындай іс- шараларға қатысқан  ата-аналар баласының балалық шағының қызықты әрі бақытты өткізуінің кілті неде екендігін сезіне алады, отбасының ұйытқысы бала екенін біледі, баланың жеке тұлға болып қалыптасуында ең бірінші ата- ана іс-әрекетінің  маңызы зор екендігін біледі.

«Айару» балабақшасы  ата- аналарының бала өміріне, оның өсу даму процесіне белсенді қатысуы үшін ынтымақтастық жұмыстарды жиі ұйымдастырады. Соның бірі-таза ауадағы отбасылық спорттық ойындар. Спорттық ойындар баланың жас ерекшелігіне негізделіп алынады.

«Лимбо» ойыны ойын ережелері өте қарапайым. Екі қатысушы (балалар мен ата-аналар) арқан тартылған кезде кеуде деңгейінде ұстайды. Қалғандары кезекке тұрып, оған қол тигізбестен кедергіден өтуге тырысады. Денені артқа еңкейтіп, тек аяғыңызбен алға қарай жүре аласыз.  Алға еңкейу,  қолдарыңызды жерге тигізу немесе жорғалау ойын шартын бұзғандық болып табылады. Егер қатысушы кедергіге ұшыраса немесе құлап кетсе, онда ол ойыннан шығарылады. Ережелерді бұзбай өткендер келесі турға шығады. Әрбір жаңа турдың алдында арқан 5-10 сантиметрден төмен түседі. Ойын тек бір ойыншы қалғанға дейін ойналады.

«Затты тап» ойыны. Ойын шарты: жүргізуші  барлық ойыншыларға бірдей тапсырма ұсынады. «Маған дөңгелек зат әкеліңіз», «маған сары зат әкеліңіз», «»P» әрпіне ұқсас  зат әкеліңіз» және т.б. Ата-аналар балаларына жұмбақ затты табуға көмектеседі. Жүргізушілердің қалауы бойынша ойынның әртүрлі нұсқаларын пайдалануға болады.

«Жұп және тақ»

Ойыншылардың бірі бірнеше қиыршық тасты (қатты емес) алып, оларды жоғары лақтырып, қолының артқы жағымен ұстап, екіншісін жауып, «жұп немесе тақ»деп сұрайды. Болжамы дұрыс болған жеңіеске жетсе, болжай алмаған ойыннан шығады.

«Епті аяқтар».

Шарты: Допты аяқтың арасына кіргізіп, қазықтарды айнала секіріреді, орнына жылдам қайтып келіп, допты екіншісіне береді. Ойын отбасының барлық мүшесі қайталап келгенше жалғасын табады.

«Қараңғы орманнан өту»

Ойын шарты: кегілдер белгілі бір қашықтықта орналасқан. Аналар әкелердің көзін байлап, қарсы бағыттағы балаға жетуі қажет. Кегілдерді құлатпай, ойын ережесін сақтап уақытылы жеткен әке жеңіске жетеді.

Балабақшада ұйымдастырлыған отбасылық ойындар-барлық отбасы үшін мерекелік шара!!! Мұндай шаралар отбасылық демалу және үйлесімді қарым-қатынасты дамытуға септігін тигізеді.

Обасылық спорттық  ойындар-бұл ата-аналар үшін баласын танудың, естудің және ең бастысы оны түсінудің ерекше мүмкіндігі.

Отбасымен бірге уақыт өткізу үлкендер мен балалар арасындағы шынайы достықтың басталуына ықпал етеді.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.