Макажанова Роза Базарбековна
Ұлытау облысы білім басқармасының
Сәтбаев қаласы білім бөлімінің
Б.Момышұлы атындағы мектеп- гимназиясы» КММ-нің
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Үш өлшемді әдістемелік жүйе – функционалдық сауаттылықты жетілдіру құралы
Аңдатпа: Мақалада профессор Ж.А. Қараевтың «Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі» технологиясын оқу үрдісінде қалай қолдана бастағаны туралы қарастырылады. Технологияның артықшылықтарын атап, сабақ берген сыныбына құрастырған тапсырма үлгісін ұсынады. Осылайша ұстаз өз тәжірибесімен бөліседі.
Түйін сөздер: педагогикалық технология, үш өлшемді әдістемелік оқыту жүйесі, өз тәжірибем, сыныпты зерттеу сабағы, технологияның артықшылықтары, функционалдық сауаттылық, ашық және әділ бағалау.
ХХІ ғасыр педагогикалық технологиялардың жедел де қарқынды дамып, жаңа белестерге көтеріліп келе жатқан кезеңі. Елімізде жаңа білім беру жүйесінің қалыптасуы жүріп жатыр. Демек, педагогикалық технологиялар педагогтердің тың идеяларын, зерттеу жүргізудегі құрал-жабдықтарды, білім беру жүйесіндегі іскерлікті, бірге жоспарлау мен білімді меңгертудегі қыр-сыры терең мәселелердің ұтымды шешілуін басқаруды қамтитын үрдіс. В.П.Беспальконың сөзімен айтатын болсақ, «Педагогикалық технология- оқу үдерісін жүзеге асыратын мазмұнды құрал». Ал педагогикалық технологияның құрылымы оқу үдерісін ұйымдастыру, оқушылардың оқу іс-әрекетіндегі әдістер мен құралдары, материалды меңгерту барысындағы ұстаздың қызметі және оқыту үдерісінің диагностикасын құру сияқты кезеңдерді қамтиды екен. Енді байқап қарасақ, заманға сай білім алушылардың қызығушылықтары мен жеке көзқарастары да өзгеріп отыратыны белгілі. Демек, біздер, яғни, педагогтер сабақ беруде педагогикалық технологияларды, әдіс-тәсілдерді зерттеп, олардың ұтымдысын, тиімдісін қолдана білуге ұмтылуымыз керек. Педагогикалық технологияларды жүзеге асырудың екі жолы бар. Біріншісі теориялық негізде орындалса, екіншісі тәжірибе арқылы іске асады.
Менің өз тәжірибемде қарастырайын деп отырғаным- Ж.А.Қараевтың «Үш өлшемді әдістемелік оқыту жүйесі. Теориялық тұрғыда бұл технологияны бұрыннан да білетінмін. Оқу жылының басында Ж.А. Қараев Сәтбаев қаласы педагогтерімен кездесу өткізгенде, бұл технологияның қыр-сырын профессордың өз аузынан естідім. Бұл технологияда мені қызықтырғаны — бағалаудың нақты өлшемдермен және әділ жүретіндігі. Білім алушылар мен олардың ата- аналары тарапынан бағалауға байланысты сұрақтар туындаушы еді. Әп, бәрекелді! Ж.Қараев ағайдың технологиясын тәжірибеге енгізу керек болса, келісуге болады екен деп ой топшыладым. Сөйтіп, мен еңбек ететін білім ордасы биылғы 2023-2024 оқу жылында Ж.А.Қараевтың «Үш өлшемді әдістемелік оқыту» технологиясын оқу үрдісінде қолдана бастадық. Мен өзім орыс сыныптарында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беремін. Тәжірибеге 6 «Ғ» деген сыныпты алуды жөн санадым. Тапсырмаларды қалай орындайтындарын, жалпы ережені және ашық журналда бағалау қалай іске асатындығын түсіндірдім. Технологияның мынадай қағидасы бар: І деңгей тапсырмасын сыныптағы «барлық» оқушы орындауы тиіс. Оқушылар 1-деңгей тапсырмасын «сынақтан өтті» дегенді алғанға дейін 1-деңгей тапсырмасын қайталап орындай береді. «Сынақтан өтті» дегенді алған соң, оқушы «3» деген бағасын алады. Кейде 1-деңгей олар үшін үй тапсырмасы да болады. Шамасы жеткен оқушылар барлық деңгейдің тапсырмаларын орындап көрсетеді. Осы технологияны аталған сыныпта жүзеге асырып, әрі осы сыныпта функционалдық сауаттылықты жетілдіруді де сабақ жоспарыма енгізіп қойдым. Себебі, Абай атамыз айтқандай, баланың білім кеңістігіндегі «білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен» деген жан құмарлығын оятып, білім сарайының есігін біз сияқты ұстаздар ашады емес пе?!
Функционалдық сауаттылық оқушылардың танымдық қабілеттерінің деңгейін және оқушылардың өнімді жұмысының көрсеткішін білім деңгейі ретінде қарастырады. Бұл пәнді терең түсіну қабілетін дамыту және жаһандану дәуірінде заман ағымына ілесіп, өз білімін үнемі жетілдіріп отыру да функционалдық сауаттылыққа тән сипат болып табылады.
Ж.А.Қараевтың «Үш өлшемді әдістемелік оқыту» технологиясында тапсырмалар Блум таксономиясына негізделіп құрылады. Тапсырмалар білу мен түсінуден басталып, талдау, жинақтау, бағалаумен қорытындыланады.
Жұмыс барысында мынадай артықшылықтарды байқадым:
- Барлық білім алушыларды мүмкіндіктері мен қабілеттеріне қарай деңгейлеп оқыту;
- Оқушылар кем дегенде қарапайым деңгей тапсырмасын орындады, әділ бағаланды, сыныпта үлгермеуші оқушы саны кеми бастады;
- Ұстаз білім алушының мықты және осал тұстарын аңғарды;
- Сыныпта оқуға деген құштарлық пайда болды (жарысып оқи бастады);
- Бағалау ашық журналға белгіленеді, тақтада көрініп тұрады.
- Жыл соңында оқушы шағын жоба жұмысын қорғауға бағыт алады.
Мен байқаған кемшіліктер:
- Тапсырмалар жазбаша орындалатындықтан, оқушылар жазудан жалыға бастады, қолдары шаршады;
- Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында айтылым мен тілдесім қатар жүретін, ол дағды қалтарыста қалып қойды.
Сондықтан, мен бұл технологияны сабақ жоспарымда оқылым мен жазылым мақсаттарын алған кездерде қолдандым. Сабақта мәтінді түсініп оқу, түсініп орындау дағдыларын дамытуды көздедім.Ал енді осы жұмыстарды қалай жүргізгенімді көрсетейін.
«Білім жолы –«инемен құдық қазғандай». Дегенмен, мен УӘЖ технологиясын қолданудағы мақсатыма жетемін деген ойдамын. Әрине, ол уақыт еншісінде. Осы тұста ұлт ұстазы Ахмет атамыздың «Білімі көп адам – құралы сай ұста секілді: не істесе де келістіріп істейді» деген ұлағатты сөзі ойға оралады. Сондықтан ұстаз бен оқушының табысқа жетуіне маңдай тер еңбек, шыдамдылық, қайрат-жігер және де алтын уақыт қажет екенін ескергеніміз жөн.
Әдебиеттер
- Беспалько В.П.Слагаемые педагогической технологии:Книга. –М:Педагогика,1989. -7 с.
- Бөрібаева, Ф.Б.Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар:оқу құралы / Н.Ж. Жанатбекова. Алматы, 2014. -89 б.
- Искандирова К.А . Сабақтарда әртүрлі ойын элементтерін пайдалана отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру//Білім айнасы -2019. – Ақпан. С.4-5
- Піржанова Ж. Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі // Тіл әлемі -2017.-Тамыз. С. 6-7
Өзге ұлт балаларына тіл үйретуде маңызды мәселелердің бірі- тиімді әдіс- тәсілдерді дұрыс таңдай білу. Нақты нәтижені тәжірибе барысында ғана көре аламыз. Роза Базарбековна, тәжірибеңізбен бөліскеніңізге рахмет. Шығармашылық табыстар тілеймін!
Тамаша👍. Еңбегіңіз жана берсін
👍👍👍👍тамаша , оқушыларыңыздың зейінін аша беріңіз .Еңбагіңіз елене берсін…
Өте жақсы. Жүйелі жазылған.
Еңбегіңіз жана берсін! 👍👍👍
Макажанова Роза — білімді ұстаздардың бірі. Еңбекте жемісті болыңыз! Зейінді, алғыр шәкірттеріңіз көп болсын.
Роза Базарбековна, еңбегіңіз еленіп, абыройыңыз асқақтай берсін!
Роза Базарбековна сіз мықты тіл маманысыз. Сіздің күнделікті сабақтарыңыздың өзі ашық сабақтай қызықты өтеді. Шығармашылық табыс тілеймін!
Еңбегіңіз жана берсін! Еңбекқор, ізденімпаз ұстазсыз!
Өте керемет!
Керемет! Сәттілік!
Роза еңбегің жемісті болсын. Білімді, білікті ұстаздар қатарындасыз.
Роза Базарбековна керемет ! Білімді ұстаз әрқашанда биіктен көрінеді.
Роза мұғалім, сіз қашанда мықты, білімді ұстаз екеніңізді көрсетіп, дәлелдеп келесіз! Сізге қажымас қайрат тілеймін!
Өте жақсы жүйелі ретпен жазылған дүние. Сәттілік еңбегіңізге
Сәттіліе, өте керемет👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻
Сәттілік✊🏼 Роза Базарбековна!
Роза Базарбекқызы,адал еңбегіңіз үшін мың алғыс! Әрқашан биікте самғай беріңіз.Мақала жоғары деңгейде жазылған. Жастарға үлгі болатын дүние.
Роза Базарбекова өте білімді ұстаз.Алар асуларыңыз көп болсын.
Сәттілік, Роза Базарбековна!
Мен – Ж.Кобдикова, ОҮӘЖ технологиясы авторларының бірі ретінде Макажанова Роза Базарбекқызы әріптесімізге өз тәжірибесімен бөлісіп, осы мақаланы жариялап отырғаны үшін зор ризашылығымды білдіремін. Роза Базарбекқызына, ілгеріде шығармашылық шыңының биігінен көрініп, білім мен ғылымды игеруде жоғары жетістіктерге жететініңізге кәміл сенеміз! Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу жолындағы еңбектеріңіз өне берсін!