Досалова Назигул Какеновна
Алматы қаласы Білім басқармасы,
Жетісу ауданы КМҚК
«№102 бөбекжай-балабақшасының»
меңгерушісі
Балабақшадағы кітапхана
2024 жылдың 15 сәуір айында Алматы қаласының № 102 бөбекжай-бақшасында Англия тәжірибесі негізінде әзірленген «Балабақшадағы кітапхана» жобасын іске асыру шеңберінде қалалық семинар өтті. Семинарға Жетісу ауданының мектепке дейінгі ұйымдарының басшылары мен Алматы қаласының қалалық мектепке дейінгі ресурстық орталығының әдіскерлері: Жанар Ануарбековна, Лейла Мауленовна қатысты.
Мектепалды тобының тәрбиеленушілері мен тәрбиешілері Калиева Арай Какимбековна мен Ушурова Арзыгуль Махмутовнаның жетекшілігімен «Кітаптың ғажайып жолы» атты ұйымдастырылған іс-шара өтті. Мектепалды тобының балалары өз қолдарымен қалдық қағаздардан кітап жасап қағаздың қалай пайда болғандығы туралы видео роликткр көріп шығу тарихына саяхат жасады. Қазіргі таңда уақыттың жетіспеушілігінен, ата-аналардың жұмыс бастылықтарынан балалармен кітап оқуға уақыт таба алмай жатқандықтан, балаларды кітап оқуға баулу жұмыстары падагогтер өздеріне жүктеп кітап оқу дәстүрін қалыптастырды. Балабақшаның міндеті ата-аналарға кеңес бере отырып, балалардың кішкентай кездерінен кітапқа қызығушылықтарын оятып,кітаптың сырын ашып, ғажайып әлемді тануға бейімдеу.
№ 102 бөбекжай-бақшасының басшысы Досалова Назигул Какеновна былай деді:
-Мен 2023 жылы Англияға тәжірибе алмасуға барған кезде ағылшындардың кітап оқуға деген қызығушылықтары мен көп оқитындары маған ұнады және үлкен ой салды. Елге оралған соң баланың кітапқа деген құштарлығын арттыру мақсатында балабақшада жоба жасадық. Өкінішке орай, қазіргі таңда бүкіл әлемде кітап оқуға деген қызығушылық айтарлықтай төмендеп кетті. Балалар кітап оқығаннан гөрі планшеттерде, компьютерлерде және телефондарда ойнауды, теледидар көруді жөн көреді. Көптеген зерттеулер көркем әдебиеттің балалардың сөйлеуін дамытуға және байытуға үлкен әсер ететіндігін дәлелдеді. Ертегілер мен кітаптарды оқу балалардың ой-өрісін кеңейтуге, қиялын дамытуға көмектеседі, моральдық және рухани жағынан тәрбиелейді. Бұл жерде кітапхананың атқаратын рөлі үлкен. Тек қана кітапхана ғана ата-аналармен, тәрбиешілерге және балаларға көркем шығармалардың сиқырлы әлемін аша алады. Кітаптың арқасында бала грамматикалық тұрғыдан дұрыс құрылған сөйлеуді қалыптастырып кітаппен үндеседі. Біз балабақшамызда кітапхана жасап және оны үнемі толықтырып отырамыз.
Жоба аясында көптеген жұмыстар атқарылды: бақшада әр топта кітапханалар ашылды, көркем оқулар мен әдеби іс-шаралар өткізіледі, сонымен қатар балалар мен ата-аналардың өздері кітап шығарады. Холл мен дәліздерде ағылшын әдебиеті мен мәдениетінің элементтері бар кітап бұрыштары бар: Британдық авторлар Шарлотта Бронте және басқалардың кітаптары, Британдық Ту және тіпті Шерлок Холмстың әйгілі профилі де бар. Жобаға мектепалды және ересектер топтарының балалары, педагогтар және ата- аналар қатысады.
Семинарға қатысушыларға балалар «Кітаптың ғажайып жолы» атты музыкалық қойылымын көрсетіп, орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде өлеңдер оқыды. Ата-аналар өз әсерлерімен бөлісіп, балабақша басшылығына алғыстарын білдірді. Жобаның аяқталу мерзімі 2024 жылдың қазан айында.