Home » Мақалалар » Қашықтықтан оқыту — заман талабы.

Қашықтықтан оқыту — заман талабы.

 Шукирбаева Райса Берикбаевна
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы
«Үстірт орта мектебі» КММ директорының оқу ісі
жөніндегі орынбасары, география пәні мұғалімі.   

 

  Дүние жүзін діңкелеткен пандемия індетінің әсері еліміздің  білім саласынан да айналмай өтпеді. Осы орайда президентіміз Қ.Тоқаевтың барша қазақстандықтарға жариялаған үндеуін түсініп, жанталаса жасап жатқан еңбектерін бағалап, темірдей тәртіп қана жұқпалы індеттен  сақтай алатынын ұғындырды.
Қазіргі таңда жоғары оқу орындары мен колледж студенттері  және мектеп қабырғасында  білім алушылар үшін оңтайлы қашықтықтан оқыту жүйесіне көшен болатынбыз. Сәуір айының алғашқы аптасынан бастап, мектептердегі барлық білім алушылар қашықтықтан білім алуда. Бұл жүйенің алғашында ата-аналар және оқушылар үшін оңай болмағаны анық. Дегенмен, «көш жүре түзелер» демекші ақырындап бұл жүйеге де жан-жақты түсіністікпен қарап, нәтижесінде ата-ана мен ұстаздар арасында тығыз байланыс орнады.  Қашықтықтан оқудың  күнделікті дәстүрлі сабақтардан өзгешелігін түсінді. Оқушылар мұғалім тарапынан берілген тапсырмаларды, онлайн сілтемелерді ашып, әлеуметтік желі арқылы 24 сағат ішінде орындап, қызықтырған сұрақтары бойынша пікірлерін білдіріп,  кері байланыс жасап отырды.  Мұғалімдер сапалы білім беру үшін ZOOM, WhatsApp, Edus  платформаларын пайдаланып, сабақтарын сапалы жүргізді. Оқушылар қашықтықтан білім алу арқылы өздерін жан-жақты дамытты, ізденімпаздыққа деген қызығушылығы артты.  Қашықтықтан оқу жүйесінің нәтижесінде төртінші тоқсанды да аяқтап, оқушылар ұзақ мерзімді демалысына шығуда.
Тоқсан нәтижесін зерделеп қарайтын болсақ қарқын жаман емес. Әрине, бұл жүйенің қиындығы да жоқ емес, дегенмен мұғалімдеріміздің қажырлы еңбегі мен төзімділігінің арқасында, көптеген жетістіктерге қол жеткізіп жүрген әріптестерім де баршылық. Осындай қиын-қыстау кезеңде  түсіністікпен қараған ата-аналарға және әріптестеріме алғысымыз шексіз.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.