Камалбекова Ақмарал Талғатқызы
Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті
№35 Иса Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейі
Ағылшын тілі — халықаралық тіл (де-факто — лингва франка). Әлемдегі ең көп тараған, әрі қытай тілінен кейінгі халық саны бойынша ең көп пайдаланатын тіл. Ағылшын тілі Ұлыбритания, Америка Құрама Штаттары, Жаңа Зеландия, Аустралия және басқа елдерде ана тілі болып есептеледі. Одан басқа көптеген мемлекеттерде ресми тілі болып саналады.
Ағылшын тілі — БҰҰ-ның алты тілінің бірі болып саналады. Ағылшын тілі — дүние жүзіне ең кең таралған тіл. Үнді-еуропа тілдерінің батыс герман тілдеріне жатады. Ағылшын тілі құрылымы жағынан флективті. Ұлыбритания, АҚШ, Аустралия, Жаңа Зеландияның мемлекеттік тілі болып табылады. Канадада (француз тілімен қатар), Ирландияда (ирланд тілімен қатар) мемлекеттік қос тілдің бірі. БҰҰ-да қабылданған ресми алты тілдің негізгісі. Алты құрлыққа кең тараған бұл тілде қазір 400 млн-нан астам адам сөйлейді. Қазақстанда да 20 ғасырдың 50-жылдарынан бастап Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде, өзге де жоғары және орта оқу орындарында Ағылшын тілі оқытылып, мамандар дайындалды. Жеке пән түрінде мектеп бағдарламаларына енгізілді.
Ағылшын тілін үйрену мынадай 3 түрлі әдіспен жүзеге асады.
- Лексикалық жұмыс.
- Граматикалық жұмыс.
- Фонеткалық жұмыс.
Тілді меңгеруде ең маңыздысы – лексика. Тілдік қарым-қатынас кезінде сөйлеушінің сөзінде граматикалық қателер кездескенімен ,айтылган сөздің мағынасын түсінуі мүмкін. Сонымен қатар лексика грамматиканың негізгі базасы болып табылады. Грамматикалық категорияларды сөздің грамматикалық өзгерістерін, түрленуін, бір сөз бен екінші сөздің байланысын-оның негізгі обьектісі болатын-сөзден бөліп қарауға болмайды. Айтушының не айтқысы келгенін тыңдаушы түсінеді, бірақ бұл жерде грамматиканың атқарар маңызы зор. Кей студент сөздің қазақ тіліндегі эквивалентін білсе де ол сөзбен сөйлем құрастыра алуы қажет.
Лексиканы меңгеру үшін түрлі әдіс – тәсілдер пайдаланылады. Егер лексиканы оқытыпүйрету дағдысына келіп тоқталатын болсақ, ол 3 түрлі топқа бөлінілетінін көреміз: нақты сөздер, абстрактілі мағыналы сөздер және құрылымдық сөздер.
Бүгінгідей жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы алар орны да ерекше. Өзге тілді үйрену, оны жетік меңгеру — бұл ең алдымен халықаралық қатынастар кезінде айрықша рөл атқаратыны баршамызға аян. Тіл – халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Әрбір Қазақстандық үш тілді жетік меңгеруі керек. 2020 жылға дейін ағылшын тілін білетін тұрғындар саны біршама көбеюі керек» — деп айтқан еді. Мектеп табалдырығынан бастап жоғарғы оқу орындарында ағылшын тілін үйрету айрықша мәртебеге ие. Ағылшын тілінің Қазақстандағы рөлінің арта түсуі қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін іске асыру мәселесін маңызды ете түсуде. Тіл үйренудің ешқандай зияны жоқ, керісінше пайдасы ұшан-теңіз. Туған тіліңді білуге тиісті емессің, міндеттісің дер едім. Ал басқа мемлекеттің алдында өз еліңнің дәрежесінің биік екенін мойындату үшін, жеті тілді жетік меңгеру артық етпейді.
Ағылшын тілін меңгеру – жастарға әлем танудың кілті болмақ. Ағылшын тілін білу біздің жастарға шексіз мүмкіндіктер ашады. Ол – жаһанданудың кепілі.