Home » Балабақша » Балабақшадағы балалардың тілін дамыту

Балабақшадағы балалардың тілін дамыту

Нуртаева Гульшат Кайржановна
Астана қаласы әкімдігінің
№82 “Айару” балабақшасы  қазақ тілі маманы

Балабақшадағы балалардың тілін дамыту

Мектепке дейінгі мекемеде қазақ тілін оқыту, бала тілін дамыту жұмыстары тәрбиешілердің ізденісі пен дайындығын қажет етеді. Бала тілін дамыту мәселесінде мектепке дейінгі мекемеде білім беру, тәрбиелеу ісіне қоғам болып бір ауыздан атсалысу қажет. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту алдымен балабақшадан басталады. Біздің мақсатымыз балаларды ата бабадан қалған салт дәстүрге адамгершілікке баули отырып, жаңа технологияны меңгерту. Тіл білген адам – мәдени рухани жан азығы мол адам. Адамның ойы тілден көрінеді. Сөздің байланысты айтылуы баланың тілдік және ақыл ой дамуымен біртұтас жүреді. Ертегі, әңгіменің, өлең- тақпақтар мен жаңылтпаштарды, сондай ақ мақал мәтелдер мен жұмбақтарды мәнерлеп оқып берумен әсерлеп айту – тек қана олардың сөздік құрамын байытып қана қоймайды сонымен қатар сәбидің ақыл ойының жетілуіне әсерін тигізеді. Балалардың жас ерекшелігіне лайықты көркем әдебиет шығармаларын, оқыған шығарма мазмұнын әңгімелеп айтқызу, суретке қарап әңгімелеу, ертегілер оқып беру мақал мәтел, жаңылтпаш, тақпақтар үйрету сияқты жұмыстары арқылы бала тілін дамытуға болады.
Халық қазынасы қазақ тілін меңгерту бесік тәрбиесінен, ана тілінен ана әлдиінен басталатыны белгілі. Тіл баланың жеке басын қалыптастыру өзіндік дербес іс әрекетін дамыту, ой парасатын жетілдіру міндеттерін жүзеге асырудың ең басты құралы. Баланың 2 жасқа толған кезеңі ерекше маңызды. Олар сөйлейді, жүре бастайды заттармен әрекет жасаудың қарапайым тәсілдерін меңгереді. Екі жастағы баланың тіл дамуы өте қарқынды өтетін, тілді үйретуге ерекше сезімталдық байқалатын тіл дамуындағы кезең. Педагог әр баланың тілін зерттеп, ерекшелігін жете меңгергеннен кейін, тәрбие білім беру үрдісіне күн тәртібінің қолайлы сәттерінде дыбыстарды дұрыс дыбыстауға орай жаттығу жұмыстарын жоспарлы түрде ұйымдастырып жүргізеді. Мектеп жасына дейінгі балаларды өздерінің ойына шақ әдеби мұралармен сусындатып тәрбиелеу басты міндетіміз. Сөйлеу тынысы тыныстық гимнастиканың барысында дамиды. Оқыту барысына жаңа сөздер мен сөз тіркесі қосылғанда өз ретімен енгізілуі қажет.

Тіл – ұлт ерекшеліктерінің бірі, ұлт мәдениетінің бір формасы, тілде әрбір халықтың ұлттық дәстүрінің, сана сезімін, ойлау тәсілінің, мінез – құлқының белгілері бейнеленеді. Сөйлеу тілімен сөздік қоры молая бастаған сайын бала айналадағы адамдармен, құрдас балалармен белсенді түрде сөздік қарым қатынас жасайды. Өмірдегі іс әрекет жайын білуге құмарта түседі. Баланы жақсы көріп білгенімізді олардың санасына құю, жеткізу педагогтың  алға қойған мақсаты. Сол мақсатқа жету үшін талмай, қажымай еңбек етіп келеміз.

9 комментариев

  1. Нурсауле

    Балабақшада балалардың тілін дамыту өзекті мәселе. Гүлшат Қайыржанқызы мәселенің шешу жолдарын іздеуге қосқан үлесіңіз орасан зор. Еңбекте табысты болыңыз

  2. Гүлшат Қайржанқызы өз ісінің нағыз маманы! Балаларға деген махаббаты ерекше, осындай мамандарымыз көбейе берсін.

  3. Мөлдір Асыловна

    Гүлшат Қайыржанқызы білікті маман иесі👍👍😍 Қазақтың ұлттық дәрежесін биіктен көрсететін, тілді байытатын осындай Гүлшат сияқты маман иесі көп болсын елімізде! Балапандарға ұлттық тәрбие беріп, қазақ тілін жандандырып , осындай керемет салада жұмыс атқарып жүрген Гүлшат ханымға мың алғыс! 💐💐💐💐💐

  4. Айдана Асанова

    Гулшат Кайыржанкызы білікті маман иесі! Балалардың тілін таба алатын, кішкентай балапандарымызға қазақ тілінің қандай бай екенін көрсете білетін апай💐 жұмысыңыздың жемісін көріңіз! “Айару” балабақшасының ата-аналыранын алғыс айтамыз

  5. Гүлшат Қайыржанқызы өз саласындағы білікті маман. Барынша тақырыпты бұл мақалада жинақтап аша білді. Иә, қоғам тал бесіктен бастау алатынын да атап өтті. Мамандардың кейінгі мақсатының айқындалуына да бұл мақала таптырмас ой салды. Сізге шынайы алғыспен, өркенініз өсе берсін, талаптарыныз іске асып, бұл саланы алға дамытуда қанаттан берініз дегім келеді🤲🤲🤲🤲🤲🤲🤲🤲

  6. Нысанбай

    Гүлшат Қайыржанова Керемет Мықты Мамансыз 👏👏

  7. Калдыгуль Мокамадияровна

    Гүлшат Қайыржанқызы өз ісіне адал өте керемет жан, мықты маман. Сізге мықты денсаулық, шығармашылық шабыт тілеймін.

  8. Айгерим

    Гулшат өз маманының иесі еңбегінің жемісін көр алар асуларың көп болсын👍😘

  9. Гульшат Каиржановна өз маманының иесі. Өте біліктіде білімді маман.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.