Маңғыстау облысы,
Мұнайлы ауданы, Қызылтөбе ауылы
«№13 мектеп – гимназия» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі:
Ордабаева Молдир Рамазановна
Қашықтан оқыту – білім алушы мен педагог қызметкерінің жанама (алыстан) немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту;
Қашықтан білім беру технологиялары қашықтықтан оқу сабақтарын «оnline», «offline» режимінде өткізуге негізделген. «Оnline» режимінде оқу сабақтары нақты уақыт режимінде оқудың өзара іс-әрекет ету үдерісін қарастырады (бейнеконференция, Интернет желісімен хабар алмасу, телефон аппараты арқылы келіссөздер). «Оnline» режиміндегі оқу сабақтары оқытушы мен білім алушы арасындағы асинхронды тілдесудің (электрондық пошта, кейіннен қорытынды бақылау тапсырумен оқытушының тапсырмасы бойынша білім алушының оқулықпен жұмысы) оқу іс-әрекеті процесін қарастырады.
Коронавирус әлемдегі 421 млн білім алушыға кері әсерін тигізген деген дерек бар. 10 наурызда коронавирус індетін таратпау мақсатында ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтерінде білім министрлерінің шұғыл отырысы өтті. Онда 15 мемлекет білім мекемелерінің бәрін жабу туралы шешім қабылдаса, тағы 14 мемлекет соған сай әрекет ететінін мәлімдеді[1].
Қазіргі жағдайда біз ғана емес, әлем елдері де осы жүйе бойынша білім беруде. Тіпті, бізге таңсық оқыту жүйесінің әлемде өз тарихы бар. Сонау Ұлыбританияда 1969 жылы ашылған Ашық университетте әлемнің түкпір-түкпірінен 200 мың студент білім алады. Ал АҚШ-та ХІХ ғасырдың 70 жылдарында-ақ қашықтан оқытудың бірқатар қадамы қабылданған. 1874 жылы электронды пошта арқылы оқу бағдарламасын Иллинойс штатының университеті ұсынған. АҚШ-та қашықтан оқыту жүйесінің “атасы” ретінде танылған Вильям Рейни Харпер алғаш рет Чикаго университетінен қашықтан оқу бөлімін ашты. Ресейде де 1917 жылдан бастау алған деген мәлімет кезікті. Міне, осындай мол тәжірибесі бар елдерге бұл жүйе қиын болмауы мүмкін.
Білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау және аралық аттестаттау оқу жұмыс жоспарына, академиялық күнтізбеге және оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Мектеп оқушыларының соңғы тоқсанды қашықтан оқытатынын хабрлағаннан бері көпшілік, оның ішінде мұғалімдер де оқытудың осы екі формасын жиі шатастырып жүр. Оқушыларды онлайн оқытады деген түсініктер пайда болды. Алайда бұл қос сөз бір-біріне синоним бола алмайды[2].
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов: «Қашықтықтан оқытуға келетін болсақ, біз оны онлайн оқытумен шатастырмауымыз керек. Қашықтық форматының ұғымы әлдеқайда ауқымды және бірден бірнеше әдістерді пайдалануға мүмкіндік береді. Мұндай формат сабақты геймификациялауға (ойын түрінде өткізуге), өзін-өзі ширау деңгейін арттыруға, ең бастысы оқытуды дербестендіруге мүмкіндік береді. Бұл – біз қол жеткізуге ұмтылып отырған қажетті, әрі тиімді оқыту жүйесі», деген еді. Иә, шатастырмауымыз керек. Бірақ қалай? Бұл сұрақты төмендегі салыстырмалы графикадан таба аласыз.
Қашықтан оқыту процесін ұйымдастыру барлық мектеп үшін қатаң бекітілген дәстүрлі кесте бойынша емес, икемді, жеке кесте бойынша өтетіні; мектептің оқу жұмыс жоспарына сәйкес әр күн сайын қанша оқу пәні оқылатыны (мұндайда пәндер бойынша сабақ уақыты барлық сыныптар үшін көрсетілмейді); бір пән бойынша сабақтың ұзақтығы көрсетілмейтіні және оның білім алушылардың оқу мақсаттарына қол жеткізуіне және тапсырмаларды орындауына байланысты болатыны; «ELARNA», «БАЛАПАН» телеарналарынан телесабақтарды көрсетілетіні (кесте); телесабақтарды кез келген ыңғайлы уақытта BilimLand платформаларынан, youtube-арналарынан қайта көруге болатыны; қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру үшін интернет ресурстарының – BilimLand, Kundelik.Kz, Daryn.online, MicrosoftTEAMS, GoogleClassRoom мүмкіндіктері; бір күн ішінде білім алушыларды оқытудың жеке кестесі; әр күнге оқу тапсырмасын алу әдістері мен құралдары және оларды білім алушыға ыңғайлы уақытта орындау; электрондық журналдар немесе мұғалім белгілеген басқа да қолжетімді байланыс түрлері, оның ішінде мессенджерлер арқылы кері байланысты орнату; электронды күнделікке сабаққа қатысу туралы ақпарат енгізілмейтіндігі; қашықтықтан өткізілетін сабақтар ата-аналардың қолдауын және қатысуын, білім алушының тапсырмаларды өздігінен орындауын талап ететіні туралы ХАБАРДАР ЕТУ. 3. Мектептің оқу жұмыс жоспарына сәйкес төртінші тоқсанның барлық оқу пәндері бойынша сабақтар 100% өткізіледі («Дене шынықтыру», «Көркем еңбек» және т. б.)[3].
Сабақты қашықтан өткізу кезеңінде ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДА ТӨМЕНДЕГІНІ ЕСКЕРУ ҚАЖЕТ: Ата-аналардан білім алушылардың тапсырмаларды орындауын фото, бейне арқылы растауын талап етуге болмайды; Электрондық журналдарды толтыру қажет болған жағдайда жүргізіледі; Қашықтықтан оқытуға қатысты мұғалімдерден есептердің қосымша түрлерін толтыруы және тапсыруы талап етілмейді; Білім алушыларға арналған оқу тапсырмаларының көлемі ҚР БҒМ ұсынған көлемдерден аспауы тиіс; Білім беру процесіне қатысушылардың психоэмоционалдық жағдайын ескеру қажет.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ ҚОЛАЙЛЫ, ҚОЛЖЕТІМДІ ЖӘНЕ ЫҢҒАЙЛЫ ФОРМАТЫН ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП ҰЙЫМДАСТЫРУ 1 ТЕЛЕСАБАҚ ФОРМАТЫН ҚОЛДАНҒАН УАҚЫТТА (аудио-сабақ): ▪ сабақ жоспары негізінде телесабақтарды міндетті түрде қарауды ұсыну; ▪ білім алушыларға телесабақтарды көргеннен кейін өз бетінше оқу/орындау үшін тапсырмалар беру, қолжетімді платформалар мен арналардағы цифрлық білім беру ресурстарына сілтемелер беру (техникалық мүмкіндіктер болған жағдайда); ▪ электронды журналдар жүйесінде электрондық пошта, WhatsApp, өзге де мессенджерлер арқылы өздігінен орындауға тапсырма беру; kundelik.kz электрондық журналы, bilimal.kz, mektep.edu.kz жүйелері арқылы, электрондық журналдар болмаған жағдайда – педагогтің қалауы бойынша байланыстың қолжетімді түрлері арқылы кері байланысты жүзеге асыру (кері байланысты ұсыну кезеңділігін мұғалім өзі анықтайды).
Министр мәлімдегендей, қашықтықтан білім беру оңай шаруа емес. Дегенмен дәл қазіргі жағдайда технологиялық мүмкіндіктерді пайданалып, білім берудің жаңа үлгісіне көшу қажет. «Теледидар арқылы сабақ өткізу бұл — тіптен жаңа формат. «Балапан» және «Ел Арна» телеарналары бізге өздерінің эфирлік уақытын ұсынды. Түсірілім жұмыстары басталып кетті. Негізгі пәндер бойынша 2000-нан астам бейнесабақ түсіру қажет. Мен кеше түсірілім жұмыстары жүргізіліп жатқан студияда болдым. Сценарий жазушылардан, режиссерлер мен педагогтерден тұратын жұмыс тобы әрбір шығарылымды мұқият пысықтауда. Біздің ұстаздар тележүргізуші ретіндегі мүлдем жаңа рөлді меңгеруде. Бейнесабақтар қазақ және орыс тілдерінде жазылуда. Бұл оңай іс емес екенін бірден айтқым келеді», – деді Асхат Аймағамбетов. Министрдің сөзінше, интернет-провайдерлермен арнайы мамандандырылған интернет-платформаларды пайдаланған кезде трафик есептелмейтіндей келісім орнатылған. Көптеген ірі платформалар қызметтерін тегін ұсынған. Google Classroom, Hangout, Kundelik.kz, Moodle жүйелері тегін қолдану мүмкіндігін берген. Сонымен қатар Bilimland платформасы 40 мыңнан астам контентін тегін пайдалануға келіскен. «Арнайы мамандандырылған интернет-платформалары арқылы өткізілетін сабақтар. Бұл цифрлық жүйелер оқушыларға өткен сабақты немесе бұрын талқыланған тақырыпты қайта қарауға, сондай-ақ онлайн-сабақ өткізуге, кері байланыс орнатуға, жеке дара оқыту мен тапсырмаларды геймификациялауға зор мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл формат тестілеу жұмыстарын өткізуге және алған білімдерін бағалауға мүмкіндік жасайды. Бұрын мұндай компаниялардың білім беру контентіне қол жеткізу ақылы болса, осы кезеңде біздің балалар барлық керек ақпаратты және платформаларды тегін пайдалана алады. Тиісті келісімге қол жеткіздік. Сондай-ақ біз интернет-провайдерлерімен осы ресурстарды пайдаланған кезде трафик есептелмейтіндей келісім орнаттық», – деді еліміздің бас ұстазы. Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, отандық білім беру жүйесі үшін қашықтықтан оқыту форматына көшу – үлкен сынақ. Алайда министрлік қол қусырып, қарап отырған жоқ. Ұстаздар мен оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру үшін арнайы курстар өткізіліп, нұсқаулықтар әзірленіп жатыр. «Біз қашықтықтан оқыту жүйесін ұстанған кезде басқа дамыған елдерде де орын алып жатқан кейбір қиындықтар туындауы мүмкін екенін жақсы түсінеміз. Бір отбасында бірнеше оқушы болған жағдайда бір компьютер мен бір смартфонды пайдалану ыңғайсыз болуы немесе қажетті техниканың мүлдем болмауы да мүмкін. Кейбіреулерде интернет байланысы да жоқ. Бұл мәселелер қазір ерекше бақылауда. Әкімдіктермен бірлесе отырып, мектептегі компьютерлерді оқушылар мен мұғалімдерге уақытша пайдалануға беру, тіпті, қажет болған жағдайда, мектептерге қосымша техника (планшет немесе компьютер) сатып алып, оларды да уақытша пайдалануға беру мәселелерін қарастырудамыз. Кейбір өңірлер бұл жұмысты бастап кетті», – деді министр[4].
Біз оқушылардың ата-аналары тарапынан да, педагогтер тарапынан да көп сын айтылатынына дайынбыз және әрқашан ашық диалогқа шақырамыз. Ата-аналар, педагогтер мен оқушылар арасындағы пікірталасты мұқият қадағалап отырамыз және қашықтан оқытудың қол жетімділігін арттыратын тиімді шараларды қабылдауға дайынбыз.
Қандай да бір проблема туындаса, Сіз әрқашан Білім және ғылым министрлігіне хабарласа аласыз. Біз проблемаңызды шешуге көмектесуге тырысамыз.
Бұл ретте ұлағатты ұстаздарымызға алғысымды білдіргім келеді! Қиын кезеңге қарамастан, көптеген мұғалімдер жағдайға бейімделіп, өз міндетін лайықты атқаруды жалғастыруда. Еліміз мұндай кәсіби деңгейдегі мамандарымен мақтана алады.
Мен бірлескен күш-жігеріміздің арқасында осы кезеңді абыроймен еңсере алатынымызға шын жүректен сенемін.
Пайдаланған әдебиеттер
- https://inbusiness.kz/kz/news/okushylar-onlajn-okuga-dajyn-emes
- https://bilimdinews.kz/?p=95908
- http://kazatu.kz/kk/education/distance-learning/
4. https://informburo.kz/kaz/syrttay-oytu-alynyp-tastaldy-ashytytan-oytudy-anday-