«Қазақастан – 2050» стратегиясында «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс.Бізге оқыту әдістемелерін жаңғырту және өңірлік мектеп орталықтарын қашықтан оқытуды және онлайн режимінде оқытуды қоса, отандық білім беру жүйесіне инновациялық әдістерді, шешімдерді және құралдарды қарқынды енгізуге тиіспіз. Ескірген, сұранысы жоқ ғылыми және білім пәндерінен арылу, сонымен бірге сұраныс көп және болашағы бар бағыттарды күшейту қажет»- деп, алғашқы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқанындай, біз осыған алты жасар мектеп баласынан бастап, еңкейген қарияға дейін, әлемде болып жатқан жағдайға байланысты бірден кірісіп кеткен сияқтымыз. Әрине, мұны мен қолдаймын. Қашықтан оқытудың тиімді жақтары көп.
Қашықтан оқыту – ақпараттық құралдар және ғылыми негізделген тәсілдер арқылы білім алу формасы. Қашықтан оқытуда екі компонент бар: оқытуды басқару және өз бетімен білім алу.
Мұғалімдердің алдын – ала дайындау және ұйымдастыру шаралары жүргізілмесе, программа қамтамасыз етілмесе оқушылардың білімі жоғарламайды. Өйткені оқушының білімін, үлгерімін көтеру үшін мұғалім білімді де, білікті болу керек. Қашықтан оқыту бұл -мұғалімнің біліктілігін көтереді, оқушының өз бетімен білім алуын қалыптастырады, ата-аналардың жаңа технологияға деген көзқарасын өзгертеді.
Қашықтан оқыту мұғалімнің көп ізденуін талап етеді. Өткені, әрбір сабақты жоспарлай отырып, оны балаға қалай жетік меңгерте аламын деген ой тұрады. Соған күні бойы ізденумен отырады. Қайда жүрсе де, ойында сол тұрады. Сол үшін басқа озық елдердің тәжірибесіне зер салып қарау, өзінің білімін жоғарылату, жаңашылдық, озат тәжірибе, компьютердің тілін толық үйрену – әрбір мұғалімінің кәсіптік міндеті деп білемін. Осы бойынша біздің мектебімізде қашықтан оқыту жүйесі өте қарқынды жүріп жатыр. Мектебіміз мұғалім үшін де, оқушы үшін де қолайлы мүмкіндік жаратып отыр. Ол ватцап желісі арқылы жүзеге асырылып отыр. Бұл барлығы үшін өте тиімді жолы. Алғашқыда мұғалім мен ата-аналарға қиындық тудырды. Ата-аналар үйде неше баланың жұмыс тапсырмасын орындатуда қиналса, біз мұғалімдер нешебір пәннен неше оқушының жауабына кері байланыс беруде қиындық тудырады. Таңертеңнен кешке дейін телефонға қараумен отырасың. Балаларды оқыту барысындағы қиындықтарды ата-аналармен бірігіп шешуге тырысамыз. Біз мұғалімдер балаларға, ата-аналарға психологиялық, мотивациялық көмек беріп отырмыз. Үнемі қолдап отырамыз. Кіші мектеп жасындағы балалар болғандықтан, олар мектепке барғанды көбірек ұнатады. Біраз қиналдық. Қазір оны да жеңіп келеміз.
Қашықтан оқу бір жағынан тиімді, екінші жағынан ұзақ уақыт телефон мен компьютерге қарағандықтан көзге және дене қимыл-қозғалыс аз болғандықтан адам денсаулығына зияны да аз емес сияқты.
Қорыта келе айтарым, қашықтан оқытудың рөлі – білім саласы үшін өте жоғары, себебі бұл жүйе арқылы мұғалімдер мен оқушылар әлемдік ақпараттармен байланысуға, ғылыми және шығармашылық жұмыстарын жетілдіруге, әлемдік ақпарат кеңістігінде өздерінің білімдерін шыңдауға зор мүмкіндік алады.
Жазған: Жанболова Зауре Танатаровна.
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы «Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 орта білім беру мектебі» КММ