Әлемде коронавирус инфекциясының таралуы арқылы індеттің пайда болуына байланысты 16-наурыздан бастап елімізде төтенше жағдай жарияланған болатын. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялаған пандемия кезеңінде COVID-19 коронавирусының таралуын алдын алу үшін Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020ж.12-наурыздағы 20-қаулысының негізінде шыққан бұйрықта көрсетілген барлық санитариялық-эпидемиологиялық сақтық шараларын орындау барлығымыздың міндетіміз және осы шараларды өз балаларымыздың орындауына ата-ана міндетті екендігінгімізді ұмытпаған абзал.
Пандемия кезеңінде коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында 2020ж.06.04-22.05. аралығында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдары қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып, оқуға көшті.
Еліміз осы қашықтықтан оқыту проблемасын шешу үшін мектеп басшысының ұйымдастыруымен компьютерлер мен демеушілер атынан ұялы телефондармен қамтамасыз етілді. Мұнайлы ауданы Маңғыстау -5 тұрғын үй массиві, Бесшоқы елді мекенінде тұратын №8 Жалпы білім беру орта мектебінің оқушыларыда заман талабына оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа формасының бірі – қашықтықтан оқыту технологиялары арқылы оқуға жаппай көшіп сабақ процесіне үлгеруде. Қашықтықтан оқу – жұмыстан қол үзбей қолайлы уақытта кез келген жерде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар көмегімен оқу.
Қашықтықтан оқыту технологиясының тиімділігі:
-Жаңа технологияларды қолдану;
— Заман талабына сай ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар мен құралдардықолдану;
— Оқу ақпаратына қол жеткізу ,оны жедел жаңарту;
— Оқып үйренушілердің әлеуметтік құқығының теңдігі (олардың тұратын жерлері мен денсаулық жағдайына қарамастан);
-Материалдарды көбейту мәселелерінің жоқтығы, оларды тарату ыңғайлылығы;
— Оқып үйренушілердің өз-өзіне бақылау жасауын қамтамасыз ету.
Ал, бүгінгі күні еліміздің барлық жоғарғы оқу және жалпы орта білім беру орындарында қашықтықтан оқыту технологиясы енгізілген. Қалаған білім беру сайтына кіріп бұл туралы мәліметті алуыңызға болады.
Айтбекова Гүлнұр Ерланқызы
№8 жалпы білім беру орта мектебінің биология пәні мұғалімі
Мұнайлы ауданы