Л.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық Университеті Кеақ колледжі
Есжанов Әділия Әділбекқызы
Аннотация: Бұл мақалада қазақтан шыққан тұңғыш дипломат әйел Балжан Бөлтірікованың мектептегі шағынан, студенттік өмірін қарастыра отыра, әрі қарайғы қызметтік дамуы қарастырылады. Б.Бөлтірікованың дипломатия саласындағы жетістіктері талданады.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік жылдары және бүгінгі күнге дейін сыртқы саяси қатынастар мен дипломатиялық қызмет аспектісінде белгілі бір табыстарға қол жеткізді. Олардың арасында ядролық қарудан бас тарту, Азияда сенім шараларын құру, Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық процестерді нығайту, өркениеттер мен діндер үнқатысуын көтермелеу және т.б. бар. Қазақстан әртүрлі мәселелермен айналысатын көптеген маңызды халықаралық және аймақтық ұйымдардың қатысушысы болып табылады [1]. Алайда дипломатиялық саладағы гендерлік теңгерім аспектісінде ахуалдың шамалы өсуі ғана бар. Соған қарамастан, бүгінде әйелдердің Мемлекеттің әкімшілік шеңберлерінде өкілділігі барған сайын оң үрдіске ие болуда. Әйелдер елдің ішкі билігінде де, сыртқы саяси құрылымдарда да басшылық етеді, бұл, сөзсіз, мемлекеттің халықаралық аренадағы мәртебесі мен имиджін арттырады. Әрине, Қазақстан дипломатиясына зор үлес қосқан әйел дипломаттар туралы да ұмытуға болмайды. Олардың арасында Балжан Бөлтірікова мен Ақмарал Арыстанбекова бар [2]. Қазақтан шыққан тұңғыш дипломат әйел Балжан Бөлтірікованың отандық дипломатия тарихында алар орны ерекше екендігі сөзсіз.
Мектепті алтын медальмен бітіріп, Б.Бөлтірікова Алматыға оқуға кетеді. Мұғалімдер институтының Қазақ тілі мен әдебиеті факультетінің студенті атанады. Бірінші курстың өзінде Балжан Сталиндік стипендиат атанған болатын, ол кезде бұл оның оқудағы керемет жетістіктерін мойындау болып табылатын. Кәдімгі стипендия 30 рубль, ал сталиндік – 500 рубль болды. Оқумен қатар, қоғамдық жұмыс оның өмірінің бір бөлігіне айналды. Мұғалімдер институтын 1941 жылы үздік бітіріп, ҚазПИ-дің студенті болды. Бірақ соғыстың басталуымен сырттай бөлімге ауысып, кейінірек оны үздік бітірді. Содан кейін Талды-Қорған облысы Лепсі орта мектебінің оқу ісінің меңгерушісі болып қызмет атқарған. Бірақ бірнеше айдан кейін ол кейін шақырылып, Алматыдағы № 12 орта мектептің, яғни қаладағы жалғыз қазақ мектебінің директоры болып тағайындалды. Ол кезде Балжан небәрі 21 жаста еді, соғыс уақытының өзі ерекше жауапкершілік жүктеді, мектептің жас директорының үлесіне көптеген қиындықтар, соның ішінде мұғалімдердің жетіспеушілігі еді. Уақыт өте келе біртіндеп ұжымды басқару тәжірибесі келе бастады. Соғым жылдарында әр сабақта оқушыларға майданда және жау тылында соғысқан кеңес жауынгерлерінің, қазақстандықтардың ерлігі мен батырлығы туралы ақпарат берілді, мектеп ұжымы еліміздің қорғаныс қорына қаражат жинады, панфиловшыларға сыйлықтар, жылы киімдер дайындады.
1949 жылдың 2 ақпанында мемлекеттік мекемелер қызметкерлері кәсіподағының 1 (4) Қазақ республикалық конференциясы шақырылып, онда РММ комитеті ұйымдастырылды. 1949 жылы оны Қазақ КСР орта және бастауыш мектептері қызметкерлері кәсіподағының Орталық Комитетінің төрағасы болып сайланды. Отыз төрт жасының өзінде Балжан Бөлтірікованы Қазақстанның әлеуметтік қамсыздандыру министрі етіп тағайындайды. Ол кезде жас әйелдің үкіметтің басқарушы лауазымына тағайындалуы сирек кездесетін жағдайы еді. еді. Ол 1955 жылдан 1966 жылға дейін республиканың әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіндегі жұмысқа он бір жыл өмірін арнады. Соғыстан кейін көптеген отбасылар асыраушысынан айрылды, тірі оралғандар емделуге және оңалтуға мұқтаж болды. Жетім балалар, мүгедектер, қарт адамдар, халықтың басқа да осал топтары мемлекеттің көмегі мен қамқорлығын күтті. Бұл көмек пен қамқорлық Министр мен ол басқаратын министрлік жұмысының басты мәніне айналды.
1966 жылы жемісті қызметінің нәтижесінде әлеуметтік қамсыздандыру министрі ретінде оны Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары етіп тағайындады, оның құзыретіне Әлеуметтік сала мәселелері кірді. Сол жылы Бультрикова КСРО Жоғарғы Кеңесі Ұлттар палатасының депутаты болып сайланды. Ал кеңестік-жапондық достық қоғамы құрыла бастаған кезде самурайлар Қазақстаннан өкіл ретінде Б.Бөлтіркова болуын талап етті. Жапондықтардың көпшілігі Алматыда әскери тұтқындар лагерінен өтіп, құрылыстарда жұмыс істегені, соның ішінде № 12 мектеп салғаны белгілі болды. Олар осы мектептің жас директоры Балжанды жақсы еске алды, ол оларға ауыр тұтқында өмір сүруге шын жүректен көмектесті [3].
Бөлтірікова Балжан Бөлтірікқызы — 1966-1971 жылдары ҚазКСР Сыртқы істер министрі қызметін атқарған. Әртүрлі ұйымдардың өкілі бола отырып, мысалы, Азия және Африка елдерінің халықтарымен ынтымақтастық комитеті, кеңес әйелдері комитеті жұмыстарына белсене қатысып, сыртқы саясат саласында биік белестерге қол жеткізді. Қазақ КСР Сыртқы істер министрі бола отырып, ол БҰҰ Бас Ассамблеясының сессияларына үнемі қатысып отырды және сессияда сөз сөйлеу мүмкіндігіне ие болған Қазақстанның алғашқы әйел дипломаты болды. Сонымен қатар, Б.Бөлтірікованың АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Генри Киссинджер өзінің естеліктерінде атап өтуі де айтарлықтай жағдай болып табылады. Ол БҰҰ-да американдық саясатты жүргізу өте қиын болды деп жазды, өйткені кеңестік дипломаттардың — әйел дипломаттардың қарсылығына байланысты озып кету мүмкін болмады-олардың арасында ол дипломат Бөлтірікованы атап өтті [4].
1971-1980 жылдары Қазақ КСР ағарту министрі, кәсіптік-техникалық білім жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды. 1971 жылы өзінің өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін, Б.Бөлтірікова Қазақ КСР Білім және ғылым министрі болып тағайындалды және ол жерде 1974 жылға дейін жұмыс істеді. Сол жылы ол мемлекеттік кәсіптік білім комитеті төрағасының орынбасары болды. 1980 жылы қызметте болған кезінде және зейнетке шыққанға дейін ол Қазақстандағы орта білімді жақсарту, бастауыш мектептерді күндізгі оқу нысаны бар мекемелерге айналдыру, сондай-ақ кәсіптік-техникалық оқу орындарын дамыту үшін күш-жігерін жұмсады.
Қорытындылай келе, Балжан Бөлтірікова – көрнекті мемлекет қайраткері, Ол әр уақытта халықаралық форматтағы түрлі дипломатиялық алаңдарға қатысып, Жапония, АҚШ, Корея, Швейцария, Чехословакия, Сирия, Египет, Цейлон (Шри-Ланка) сияқты тағы да басқа елдерге барып, Қазақстанды барлық жерде лайықты көрсете білді. Көп жылғы еңбегі үшін үш орденмен, жеті медальмен, оның ішінде «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерен еңбегі үшін» медалімен, республиканың және одақтас қоғамдық ұйымдардың Құрмет грамоталарымен марапатталған. Балжан Бөлтірікованың есімі мен өмірбаяны Кембриджде, Қазақ энциклопедиясында басылып шығарылатын «әйелдер арасында кім бар?» халықаралық анықтамалығында жарияланған, оған одақтық және республикалық басылымдарда оннан астам мақалалар арналған. Тек Қазақстанды әмес әлемді мойындатқан дипломат әйелдің тарихын терең зерттеу үлкен тәлім мен маңызды деректер жинақтауға мүмкіндік береді, сондықтан да аталған тұлғаны зерттеу маңызды мәселе болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Ж.Медеубаева Қазақстан Республикасының сыртқы саяси Доктринасының қалыптасу тарихы (1991-2010 жылдар). Монография. – А.: ЕҰУ им. Л. Н. Гумилев, 2012. – 288 б.
- Д.Әшімбаев. Қазақстан дипломатиясы: кадрлары.- Континент Т, No 3, 2004. – 4 б.
- Болтирикова, Балжан. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. — Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2004. — Т.I.-ISBN 9965-9389-9-7.
- Э.Аубакиров.. Номадка, перехитрившая Киссинджера. — Алматы: Экспресс К, 2011, No 49.- 2 б.