Home » Ашық сабақтар » «Жаңа жыл таңы!»

«Жаңа жыл таңы!»

Адамбекова Айгуль Нургалиевна
Астана қаласы
МКҚК №71 «Мөлдір» балабақшасы
«Балауса» ересек тобы
Тәрбиеші

Мақсаты: 

Білімділік: — Балалардың қыс мезгілі және оның ерекшеліктері, мереке, Жаңа жыл, Аяз ата, Ақшақар туралы түсініктерін кеңейту.

Дамытушылық: — Балалардың мерекелік қуанышты көңіл күйді сезіне білуге ықпал жасау.

Тәрбиелік: — Балаларды ортада тәртіпті және ұқыпты болуға тәрбиелеу.

(Залдың іші мерекеге арналып әсем безендірілген. Әуен ойналады балалар залға кіреді, балаалрды залда Барыс жылы қарсы алады).

 

Жүргізуші:                         Жаңа жылдың таңы неткен арайлы

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.

Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн

Қанаттана кең алқапқа тарайды.

Кіріп келген Жаңа жыл құтты болсын! Елімізге құт – береке әкелсін!

 

Адиль:             О, алақай, қыс келді,

Бізге қуаныш әкелді.

Дала қарға оранды,

Бала біткен қуанды.

 

Жанболат:      Жаңа жыл, Жаңа жыл,

Жаңа жылға жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында,

Билеп барлық бала жүр.

 

Арнұр:             Ел құрметтеп көп тосқан,

Келеді Аяз атамыз.

Келіңдер, кел достар!

Қазір ән айтамыз!

 

Ән: «Келді Жаңа жыл»

 

Жүргізуші:  Балалар, өтіп бара жатқан жыл қандай жыл болды?
биік тауда мекендейтін ерекше сымбатты жыртқыш аң. Ол өте айлакер, күшті әрі шапшаң. Жемін биік тасты жерден, кейде кұз арасынан аңдып отырып, 15 метрге дейінгі биіктіктен секіріп, аса ептілікпен ұстай алады. Ұсак жануарлар мен кұстардан басқа, кейде арқар, таутекелерге де шабуыл жасауы мүмкін.
(Барыс таққа отырады)
Барыс: Өткен жыл, менің жылым болды. Бәрі менің қалауым бойынша болады.

Түлкі: Ой,  сәлеметсіз бе әмірі күшті, Барысжан?
-Не қалайсыз?

Барыс: ( таяғымен жерді бір ұрып)
Көңілімді көтергім келіп тұр. Маған би билеп беріндер!

Түлкі:- Кәне, тұрындар , тұрындар! Барыстың көңілін көтерейік.

Жүргізуші: -Кезекті үнді биіне береміз.

 

Би: «Үнді биі»

Түлкі: -Барысжан, қалай, көңілініз көтерілді ме?

Барыс: -Жоқ, әлі көңілім толмай тұр

Түлкі:- Балалар Барыс патшаға арнап тақпақтар айтып берерсіңдер.

 

Қасым:          Әппақ, әппақ жапалақтап,

Қар жауады тынбастан.

Қалың орман қар жамылған,

Маужырайды түнгі аспан.

 

Айару:           Жасыл шырша орманнан

Бізге арнайы келіпті.

Ойыншығын балалар,

Шыршаға әсем іліпті.

 

Түлкі: -Қалайсыз, ұлы Барысжан, ұнады ма, балалардың тақпағы?

Барыс: -Жаман емес, бірақта бір ойын ойналса… мүмкін сонда қөңілім толар.

 

Ойын: «Қар жинау»

Түлкі: -Патшаның патшасы қалай көңілініз көтерілді ме?

Барыс: -Білмеймін бұл мерекеге не жетпейтінін, бірақта көңілім әлі де толмай тұр.

Жүргізуші: -Ой, Барыс жылы сізге ештене ұнамады ғой. Олай болса  Аяз ата мен Ақшақарды шақырсақ қайтеді?

Түлкі: -Ұлы патшам қалай қарайсыз, мүмкін Аяз ата мен Ақшақар сіздің көңілінізді көтерер?

Барыс: -Келсе, келсін,
Маған сыйлық әкелсін

Түлкі: -Кәне дауысымызды қатты шығарып, Аяз атаны шақырайық

Балалар: Аяз ата ауууууу! Ақшақар аууууу!
(Бірнеше рет қайталайды)

 

Жүргізуші: — Аяз ата кешікті ғой. Мүмкін ол ормандағы қалың қардан, үскірік аяздан адасып кеткен болар. Біздің кішкентай Аяз аталарымыз Аяз атамызға жол ашсын!

 

Ұлдар биі: «Санта клаус».

(Музыка әуенімен Аяз ата мен Ақшақар кіреді)

Аяз ата:             Аяулы аналарға, ардақты ұл – қыздарға

Бүлдіршін балаларға бір сәлем!

Қандай жарқын жүздерін,

Қандай әсем жырларың

Асаулармен алысқан,

Асау желмен жарысқан

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан.

Уһ, шаршағаным – ай!

 

Жүргізуші: — Аяз атаға орындық ұсынып:

 

Ата, отырыңыз. Алыс жолдан келдіңіз.

 

Ақшақар:         Қуан шаттан, алақай,

Қуанатын кез келді

Аяз ата өзімен,

Жаңа жылды ап келді.

Ата! Әлі шыршының шамы жағылмапты. Шыршаны жағып, нұрын барлық  әлемге таратайық.

 

Аяз ата : Жарайды, қызым, жағайын.

 

Балалар:           Қуант бізді таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат!

 

Жүргізуші: Біздің балалардың жарқыраған шыршаға арнаған билері бар. Қабыл алыңыздар!

 

Би: «Шыршалар»

 

Аяз ата: -Өнерлі балалар, өнерлі қыздар көп екен. Рахмет сендерге. Мен сендерге биылғы Жаңа жылды шақыра келдім.

Жүргізуші: Аяз ата, Барыс жыл басы мен боламын деп тұр тақты ешкімге бермеймін дейді. Ал Барысқа ешкім қарсы шыға алмай отырмыз.
Енді қайттық?

Аяз ата: -Барыыс естимісің, сен өзіңді бәрінненде әлдімін деп ойлама. Сенің жылын аяқталды, ендігі жыл Қоян жылынікі! Орынынды Қоян жылына бересін! Әйтпесе, сиқырлап тастаймын, мұзға айналасын!!

Барыс (күліп): — Туу, бір жасап қалдым ау! Балалар  сендер қандай көңілдісіңдер, өнерлісіңдер! Ал, енді кінәмді ақтау үшін мен сендермен бір ойын ойнаймын.

Ойын: «Сиқырлы қарлар»

Барыс: Иә, балалар, мен сендермен бір жыл бойы бірге болдым. Қоян жылына  балаларды тапсырдым.

Қоштасамын бүгін мен

Алыс жолға кетемін.

Он бір жыл өткен соң

Қайта айналып келемін.

Бәріңді де қимаймын

Тілегімді арнаймын.

Бар әлемде тыныштық

Орнағанын қалаймын.

 

Ақшақар: -Олай болса Қоян жылын ортамызға шақырайық.

 

(Әуенмен Қоян жылы кіреді)

 

Қоян жылы: -Сәлеметсіңдар ме, балалар! Мені таныдыңдар ма? Мен биылғы кірген – Қоян жылымын. Жаңа жылға мен сендерге көп жақсылық әкелдім. Сендерге шаттық тілеймін! Енді 1 жыл бойы сендермен бірге боламын.

 

Армысыңдар, жарандар!

Ақ ниетті балалар!

Жылмен бірге кеп тұрмын

Сәлемімді қабыл ал.

Жаңа жыл – бұл жаңа өмір,

Талаптыға жаусын нұр.

Ашық аспан астында

Шарықтасын ән мен жыр.

Құт береке еліме

Берерім көп менің де.

Тойларымыз көбейіп,

Бола берсін мереке.

 

(Осы кезде Барыс жылы Қоянмен қоштасады)
Аяз ата: Ал, менің қайтатын  кез келді (қолын бұлғалап, бұрылып шығуға дайындалады)

Ақшақар:   Ата сіз әзілдеп тұрсыз ба?
Сыйлықтарды ұмыттыңыз,

Аяз ата:   Ой, кәрі басым – ай,
Кәне, мен сендерге көрсетемін сиқырды
Бір, екі, үш. Сыйлық мұнда түс.

 

(Ұшақтың дауысы естіледі де, шана сүйретіп аққала келеді)

 

Аққала: — Салем достар! Аяз атаның сыйлығын алып келуге асығып, ұшақпен жеттім сендерге!

Жүргізуші: — Рахмет Аққала! Балалар өзіңізге арнап ән салып берсін!

 

Ән: «Аққала»

(Аяз атамен Ақшақар, Аққала сыйлықтарды үлестіреді де, Ескі жылды алып қоштасып шығып кетеді)

Жүргізуші: -Балалар! Бүгін біз үлкен залға не үшін жиналдық?

Балалар: -Жаңа жылды қарсы алдық.

 

Жүргізуші: —Ескі жыл қай жыл болды?

 

Балалар: —Барыс жылы.

 

Жүргізуші: —Ал, кірген Жаңа жыл қай жыл?

 

Балалар: —Қоян жылы.

                            

Жүргізуші:                         Тілеймін мен бар адамға

Жаңа бақыт, жаңа жыр.

Жаңа жыл – бұл жаңа өмір,

Құтты болсын Жаңа жыл!

19 комментариев

  1. Гаухар Танирбергенова

    Керемет,катты унады, ең бастысы балақайлар риза)))

  2. Салтанат

    Күшті!!! Жаңа жыл құтты болсын!

  3. Замзагуль Кайырбаевна

    Керемеп!
    Ең бастысы мұғалімнің білікті, білімділігі байқалады. Сабақтын тәрбиелі жағы жоғарғы денгейде.Қарым қатынас жақсы жолға қойылған. Сәттілік, әріптес!

  4. Өте қызықты және көңілді ұйымдастырылған. Мұғалім-тәрбиешінің жұмысы жоғары деңгейде жасалған. Сіздің қызметіңізде одан да кәсіби жеңістер тілеймін!

  5. Керемет🔥, сәттілік🙏

  6. Өте жақсы ұйымдастырған

  7. Өте жақсы ұйымдастырған, іске сәт.

  8. Айнагуль

    Керемет,саттилик

  9. Кенжегүл

    Керемет!!!

  10. Оте керемет дайындык. Жогары денгейди откизилген ис шара.

  11. Керемет іс шара. Жоғарғы деңгейде. Осындай өз жұмысын жоғары бағалайтын іскер адамдар көп болсын. Керемет

  12. Аксауле

    Керемет ен жогаргы денгейде❤❤❤

  13. Жаксы дайындалған.Өте қызықты

  14. Асанхан

    Кушти кызыкты өтте жаксы денгейде болды

  15. Бахтигуль

    Сәлеметсіз дерме өте жоғары деңгейде өткен. Қатты қуаныштымын. Осындай тәрбиешілер көп болсыншы деп тілеймін ИншаАлла. Балламыз садикке өзі тұрып барғысы келіп асығып тұрады. Үйден садикке қарай ұмтылған баланы өте жақсы мейірімді тәрбиеші тәрбиелеп отырғанына 100% сенімдіміз. Үлкен рахмет. Шырша утреник өте керемет деңгейде өткен.

  16. Камшат Калиевна

    Сәлеметсіздерме! Өте жоғары деңгейде шырша мерекесі өтті, қызықты да көңілді, балалар риза. Өте қуаныштымыз осындай тәрбиеші барына, алғысымыз шексіз! Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілейміз! Үлкен рахмет!

  17. Светлана

    Керемет. Тамаша

  18. Нуржамал

    Өте жоғары деңгейде өткен.Білімді тәрбиеші.Балабақшада осындай тәрбиешілер көп болсын.
    Айгул еңбегің жана берсін!

  19. Алмагүл

    Сәттілік ,керемет!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.