Қазіргі қоғамда болып жатқан бүкіләлемдік мәселеге байланысты азаматтардың денсаулығын қорғау мақсатында қашықтықтан білім алу жүзеге асуда.
Қазіргі заман ағымына байланысты білім алудың түрлі тәсілдері шығып жатыр. Олардың барлығын тиімсіз деп айту қателік болар. Соның бірі ретінде осы қашықтықтан білім берудің жүйесін айтуға болады.
Қашықтықтан білім берудің дәл қазіргі уақытта маңызы өте жоғары.
Ақпараттық, сандық технологиялар дамыған елдерде бұндай білім берудің формасы әлдеқашан бірізділікке түскен. Десек те бізде қолдан келгенше тиімді мүмкіндіктерді пайдаланып жатырмыз деп ойлаймын.
ІV тоқсан өзгеше басталып, өзгешелігімен есте қалатындай болды. Оқушылар мен ата-аналар, ұстаздар үшін бұл өзгешелік оңайға түспесе де, «бір жағадан бас, бір жеңнен бірге қол шығара» отырып төселіп қалдық.
Қашықтықтан оқудың тиімділігі мол.
Оқушылар қашықтықтан оқу арқылы өз білімдерін жетілдіре алады және ақпарат жүйелерін пайдалану мүмкіндігі артады.
Бұл жүйенің тиімді екенін уақыт дәлелдеді. Қашықтан оқыту ата – аналар үшін басында қиын болғанымен уақыт өте келе ұстаз бен ата – ана арасындағы тығыз байланыстың арқасында бәрін жеңуге болатындығын дәлелдей түскендей.
Әрине, бұл жүйемен тұрақты қалмасымыз анық, оны болашақтың еншісіне қалдыра отырып, сіз бен біз болып барлық ауыртпашылықтан жеңіл өтіп «Алтын ұя» мектебімізге оралып шәкірттерімізбен «онлайн» емес «оффлайн» түрінде білім берумізді нәсіп етсін дегім келеді. Біз біргеміз!
Қалиахметова Айдана Бауыржанқызы
№11 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні
мұғалімі,
Мұнайлы ауданы