Home » Мақалалар » Қазақстанның ішкі сулары

Қазақстанның ішкі сулары

 Медетбекова  Райкуль  Бугембаевна
 Түркістан  облысы  Сайрам  ауданы
№31 Бәйдібек   жалпы  орта  мектебі
 география  пәні  мұғалімі

Мақсаты: Қазақстанның ішкі сулары туралы білімдерін дамыту. Өзен жүйелері және өзен алаптары, өзен жүйесінің ерекшелігі, су шығыны мен жылдық ағын, қоректенуі туралы түсінік қалыптастыру. Суды қорғауға тәрбиелеу.
Су – құрлықтағы сұйық, қатты, газ күйінде болатын және бір күйден екінші күйге жеңіл өте алатын бірден – бір минерал. Қазақстанның жер бедерінің алуан түрлі болуына байланысты ішкі сулары да әртүрлі. Олар бірнеше түрге бөленеді: өзендер, көлдер, жер асты сулары, мұздықтар, бөгендер, каналдар. Қазақстанның 7 ірі өзендерінің картасы мен суреттерін, видеороликтерін көрсету.
Қазақстан аумағында 85022 өзен бар. Оның 84694 — шағын(100км), 305 — і орташа(500км) 23 — і ірі (500 — 1000км). 1000 км ден асатын 7 өзен бар.
Олар Ертіс, Тобыл, Есіл, Жайық, Сырдария, Іле, Шу)
Республиканың барлық өзендері Солтүстік мұзды мұхит және ішкі тұйық көлдер алабына құяды. Солтүстік мұзды мұхит алабына Ертіс(Есіл, Тобыл салаларымен) Ішкі тұйық алап;
Каспий теңізі алабы: Жайық. Жем, Сағыз, Ойыл, Сары өзен, Қара өзен
Арал теңізі алабы: Сырдария, Арыс, Шу,, Сарысу, Торғай, Ырғыз, Талас
Балқаш — Қаратал, Лепсі, Ақсу, Іле, Тентек, Сарқан, Басқан.
Қазақстан өзендерінің бірінші ерекшелігі: Жасы әртүрлі. Жазық бөліктерінің өзен жүйелері ескі, даму сатысының соңғы кезеңінен өтуде. Бүйірлік шаю күшті, тереңдік шаю баяу. Тау өзендері керісінше
Өзеннің су шығыны — өзеннің су қимасы арқылы 1 жыл ішінде ағып шығатын су. Жылдық ағын — Жыл бойы ағып шығатын су шығыны.
Өзендердің қоректенуі мен режимі: Жазық өзендері: қар және қар — жаңбыр суымен қоректенеді. Қар жаңбыр: Есіл, Тобыл; Қар — Нұра, Жайық, Сағыз, Жем, Торғай, Ырғыз.
Тау өзендері Қар суымен және мұздықтармен қоректенеді: Сырдария, Іле, Қаратал, Ертіс.

2 комментария

  1. Нургуль

    Керемет, ООН кызыкты

  2. Қаламқас

    Қажетті ақпараттар: Еліміздің су көздері туралы толыққанды мәліметтер

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.