Home » Мақалалар »  «Әлем өзгерді, мен де өзгеремін»

 «Әлем өзгерді, мен де өзгеремін»

    «Білім инемен құдық қазғандай» -деп халық даналығында айтылғандай, білім мәселесі әрқашанда  өзекті мәселелердің бірі. Бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіру біздің алдымызға қойған мақсаттарымыздың бірі. Әрине, бұл мақсатқа жету үшін білім деңгейін көтеру қажет. Ол үшін заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін білетін білікті мамандар қажет. Елімізде мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін шыңдау мақсатында 3 айлық курстар жүргізіліп, мен де  Шымкент қаласындағы «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығында оқыдым. Менің сабақ беру тәсілім өзгерді. Менің ол жерде түйгенім: оқушылардың білімді өз бетінше игеруіне жағдай жасау және оқушылар өзінің оқуына өзінің жауапты болуы.  «Маған айтсаң-ұмытамын, көрсетсең –есімде қалады, өзіме жасатсаң –үйреніп аламын» деп Конфуций айтқандай, тақырыпты меңгертуде «бірін-бірі»  оқыту тәсілі арқылы жүзеге асатынын байқадым. Себебі оқушы оқушыға түсіндіру арқылы тақырыптың 90 %-ын игеруге болады екен. Ал, топта берілген тақырыпты талқылау барысында 50% білім игеріледі екен. Біз балаларға топпен жұмыс істеуді қалыптастыра отырып, бірін –бірі оқытуына жағдай жасауымыз керек. Оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын қалыптастыруымыз керек. Балалардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеті 3-5 жастан бастап дамиды. Біз балаларымыздың сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамытуда, уақытты өткізіп алмай, ерте бастан жұмыс жасауымыз керек. «Өзіндік пікірі жоқ адам, жүзі қайырылған қарумен тең» -демекші балалардың өз пікірін еркін және ашық айтып, өз пікірінің дұрыстығына көз жеткізу үшін мықты білім мен тәрбие әбден керек. Мұғалім оқулық пен оқушы арасындағы алтын көпір. Әр маман өз саласын оқушыға қызықтыра алуы үшін, маманның мықты білімі жеткіліксіз, әр баланың жас ерекшелігі мен жан дүниесін ескере отырып, жүрегіне жол таба білуі керек. «Мен оқушыларымды аз оқытып көп қадағалаймын», — деп ағылшын психологы М.Монтессори айтқандай, балаларға мүмкіндік беру арқылы бақылау, қадағалау қажет. Президентіміз Н.Назарбав :«Ел болашағы –жастар қолында», — демекші  жаңашыл мұғалімдердің саны көбейе берсін, білімді ұрпақтарымыз елімізді биік шыңдардан көрсете беруіне тілектеспін.

Сөзімді қорыта келе, қазіргі кезде әлем жылдам өзгеруде. Сол өзгерістерді көре отырып, қалай мұғалім қауымы өгермеске? Өзгеріс бізге керек, мемлекетіміздің болашағы жастардың қолында, ал жастарды мемлекетті қорғайтын, мемлекет үшін қызмет ететін түлектерді дайындау – біздің қолымызда. Әлем өзгерді, мен де өзгеріп өз күш жігерімді болашақ жас ұрпақтың жақсы білім алуына, тәрбиелі азамат болуына жұмсаймын деген ниеттемін.

Саулембаева Мадина
Түркістан облысы, Сауран ауданы
Абай атындағы жалпы орта мектептің математика пән мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.