Home » Мақалалар » Сөйлеу мәнері қалыптаспаған балаларға арналған әндер

Сөйлеу мәнері қалыптаспаған балаларға арналған әндер

Юнусова Құндыз Нигматиллакызы
Астана қаласы
№86 Зияткер балабақшасының музыка жетекшісі

Сөйлеу мәнері қалыптаспаған балаларға арналған әндер

Мақсаты:  Қазақ тіліндегі арнайы бірінші кіші және екінші кіші топтарға арналған әндердің аз болуына байланысты қазақ тіліндегі әндердің қатарын көбейту. Мен орыс әндерінің  әуендік қимыл-қозғалыстармыен айтатын әндерін таңдап сол әнге аударма жасаймын. Менің мақсатым ән балаларға жаттауға өте оңай болуы керек және оның сөзі  қимыл қозғалыспен айтуға сәйкес болуы керек. Осындай аударма жұмыстарымның пайдасы балаларға ертеңгіліктерде ешкімде жоқ әндерді үйретемін. Басқа естіліп жүрген әндерден ерекше болады, және балаларға жаттауға оңай жас ерекшелігіне сәйкес етіп аударма жасаймын. Болашақта осындай өзім аударма жасаған әндерімнің қазақша сөздерін жинақтап бір кітап етіп шығарғым келеді.

Түпнұсқасы « Ты пришел к нам в гости дед мороз» әні.
Сөзі : Л. Дымова   Әуені : В. Семёнов

Қазақ тіліне аударған Юнусова Қ.Н.
Аяз ата әні
Бізге келді аяз атамыз, атамыз атамыз,
Жылда біздер оны күтеміз, күтеміз, күтеміз.
Аппақ қандай ұзын сақалы,
Басқа жерде көрмейсің ондайды.
Аппақ қандай ұзын сақалы,
Басқа жерде көрмейсің ондайды.

Қане ортамызға келіңіз, келіңіз, келіңіз,
Көңіл ашып бізбен билеңіз, билеңіз, билеңіз.
Шырша біздің қандай тамаша,
Жақсылық тілейміз баршаға.
Шырша біздің қандай тамаша,
Жақсылық тілейміз баршаға.

Түпнұсқасы «С бабушкой» әні.
Сөзі : Анастасия Трофимова       Композиторы: Алексей Парфенов
Қазақ тіліне аударған Юнусова Қ.Н.

Әжеммен
Әжеммен, әжеммен тамақ пісіреміз
Әжеммен, әжеммен қамырды жаямыз
Тяп-ляп, тяп-ляп әжем екеуміз
Тяп-ляп, өте дәмді, тамақ пісірдік

Әжеммен әжеммен әнді де айтамыз
Әжеммен, әжеммен тамақ пісіреміз
Тяп-ляп, тяп-ляп әжем екеуміз
Тяп-ляп, өте дәмді, тамақ пісірдік

Әжеммен әжеммен биді де билиміз
Әжеммен, әжеммен тамақ пісіреміз
Тяп-ляп, тяп-ляп әжем екеуміз
Тяп-ляп, тяп-ляп  тамақ пісірдік

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.