Home » Ашық сабақтар » «Көңілді старт» эстафеталық жарыстар

«Көңілді старт» эстафеталық жарыстар

Елеманов Айбек Құрмашұлы
Астана қаласы
№82  «Айару» балабақшасының
дене шынықтыру нұсқаушысы

«Көңілді старт» эстафеталық жарыстар

Мақсаты:
Балаларды спорттық ойындарға деген бейімділігін, денсаулықтарын жаңғырту, спортқа деген қызығушылықтарын арттырып, дене қозғалыстарын жетілдіру.
Дене шынықтыру жаттығулармен өз бетінше шұғылдануға, этикалық және эстетикалық тәрбие беру
Көрнекілігі: Кедергілер, доп, кенгуру добы, теннис таяғы, уақ доп, шашақтар.

Жүргізуші: Құрметті әріптестер, балабақша бүлдіршіндері сіздерді 1 — Маусым балаларды қорғау күніне байланысты «Көңілді старт» спорттық сайысымызға қош келіпсіздер! Осы мерекеге орай құттықтау сөз кезегін балабақша директоры К.Ж Малғаждароваға сөз кезегін береміз.
Жүргізуші: Ендеше жарысымызды бастаймыз.
Ал құрметті халайық,
Жарысты енді көріңдер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңдер.
Қазылар алқасымен таныстырып өтейін.

  • К.Ж Малғаждарова балабақша меңгерушісі
  • М.Н Мырзағалиев дене шынықтыру нұсқаушысы

    Қош келдіңіз қонақтарым төрлеңіз,
    Әзірледік сізге орынды төрден біз.
    Ұландардың ең құрметті қонағы,
    Жанкүйерде төреші де өзіңіз.
    Жүргізуші: Біз бақытты баламыз,
    Шыныға да аламыз.
    Тәуелсіздік ел көгінде
    Спортшы бола аламыз — деп — ойын шартымен таныстырайық.

Эстафеталық сайысымыз 6 бөлімнен тұрады.
1. Таныстыру (топтың аты мен ұранын айту мен таныстыру керек)
2. «Кім шапшаң» сайысы
3. «Жүйрік ат» сайысы
4. «Кенгуру» сайысы
5. «Тез қимылда» сайысы
6. «Жүйрік паравоз» сайысы

Таныстыру кезеңі.
Жүргізуші: Еш қысылып саспайық,
Қызықты ойын бастайық
Сайысқа келген баланың
Сергітіп бойын алайық.
«Кім шапшаң» ойынын бастаймыз.
Ойынның шарты: Қаппен секіріп, межеден айналып қайту.
(Әділқазылар алқасы 2 бөліміміздің бағаларын берейік.)

Жүргізуші: Бақшада бүгін басталған
Дайын болын жарысқа
Жүгір, секір қалыспа
Топаралық жарыстан — дей келе «Жүйрік ат» ойынын бастаймыз.

Ойынның шарты: Балалар допты аяқтың арасына қысып, секіру арқылы жарысады. Ойынды сапалы әрі тез аяқтаған команда жеңіске жетеді.
(Әділқазылар алқасы «Жүйрік ат» бөлімінің бағасын берейік.)

Жүргізуші: Өздерінің шапшаңдылығын ұғындырып,
Көрсетер көп еңбектенген мықтылық.
Келесі бұл сайыста
Қай топтың ептілігін анықтайық – деп «Кенгуру» жарысын бастаймыз.

Ойын шарты: Үрілген кенгуру добымен кедергілер арасымен секіріп, белгіленген межеден айналып келеміз. Бірінші жеткен топ осы бөлімнің жеңімпазы атанады.
Әділқазылар алқасы 4 бөліміміздің қорытындысын берейік.

Жүргізуші: Денемізді шынықтырып,
Шыныққан біз баламыз.
Жаңғыртып біз елімізді,
Биіктерден көрінеміз — дей келе «Тез қимылда» сайысын бастаймыз.

Ойын шарты:
1.Эстафеталық таяқша.
2.Кіші доппен ойнау.
3.Кедергілер арқылы жүгіру.
(Әділқазылар алқасы ойынның ұпайын берейік)
Жүргізуші: «Спорт» әнімен флешмоб биін тамашалаңыздар!
Жүргізуші: Ендеше бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Марапаттау кезегін балабақша директорына беріледі. Марапаттау рәсімі. Қатысқан бүлдіршіндерімізге рахмет. Келіп тамашалағандарыңызға көп — көп рахмет. Қош сау болыңыздар.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.