Home » Мақалалар » Д.Қонаев – 110 жыл  Аңыз адамның тарихи тұлғасы

Д.Қонаев – 110 жыл  Аңыз адамның тарихи тұлғасы

Абдрахманова Лайла Барменкуловна
Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласы ,
«N 3 жалпы білім беретін мектебі» КММ
тарих пәні мұғалімі

Д.Қонаев – 110 жыл  Аңыз адамның тарихи тұлғасы

 

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев – кеңестік партия және мемлекет қайраткері, Қазақстан Компартиясының  ОК бірінші хатшысы, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері. Қазақстанның даму жолы –  Димаш Ахметұлының өмірі. Оның басшылықтағы кезеңі еліміздің қиындыққа толы кезең екендігін тарих көрсетті. Д. Қонаев сол қиын кезеңді халқымен бірге еңсеріп, артынан ұмытылмастай сара жол қалдырғаны да шындық.Өткен ғасырдың 30-шы жылдарының соңында, Балқашта  жас тау-кен инженері ретінде басталған өмір жолы еліміздегі талай өнеркәсіп орындарының ашылуына септігін тигізді. Архивтерді парақтап отырсаң, оның бірнеше жыл ішінде  айналмалы бұрғылау станогының машинистінен ел тізгінін ұстаған басшылық  жолынан өткендігін көре аласын. Аты мәселелерін аса өткір, әрі көлемді түрде шешіп, өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарады.Қонаевтың еңбектері әлі күнге дейін егеменді Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетін тудыруда.Д.Қонаевтың ойлау ауқымдылығы тың жерлерді дамытудың күрделі мәселелерін шешуде, күріш, дәндік жүгері, мақта, картоп, көкөніс өндірісін ұлғайту үшін жаңа суармалы жерлерді игеруде, жүзім совхоздарының желісін ұйымдастыруда және бақша алқаптарын кеңейтуде айқын көрінгендігін атамыз жайлы жазылған еңбектерден көруге болады.Кемел адам кез-келген уақытта қызықты. Димаш ата туралы жазушы журналист Серік Әбдіраймов: «Ар ойлап, дүниеге бой алдырмаған екі адам болса, соның бірі елі еркелетіп Димаш атаған – Д. А. Қонаев. Шүкір, шыққан тауы биік болды. Бір кісідей биліктің шыңына көтерілді. Кісілігін ұлықтыққа жеңдірмеген кім десеңіз, онда да осынау абзал жанның есімі еріксіз еске түседі. Димекең қанағатшыл жан еді.

«Ақылдыдан қалған асыл сөз». Димаш ағаның «Ақиқаттан аттауға болмайды» ғұмырнамалық кітабын оқығанда, ғибраты мол ғұмырдан ұрпақ түйер ұлағат аз емес. Онда Қазақстанның тарихы, ел экономикасы, әлеуметтік дамуы, мәдени өсіп-өркендеуі, қаншама өнегелі іс, өміршең тірлік жатыр. Ойы қандай салмақты, сөзі қандай өрнекті. Даналық деген осы. Ақылды ағадан қалған сөз ұрпаққа жұғысты болғай:

— Өмірдің екі тірегі: үйренуден жалықпау, үйретуден аянбау.

— Ақиқаттан аттап кету арға сын.

— Ақиқат ағын суды да тоқтатады.

— Өз басыңа тілемейтін істі, өзгеге тілеме.

— Билік оңай, біліп айту қиын.

— Тәуелсіздіктің жүгі ауыр.

«Тұлға туралы ой маржандар» «Елу жыл ел ағасы» кітабында жазылған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев туралы естеліктерден үзінді оқылды.

Қонаев есімі Қазақстан халқымен бірге жасары анық, ақиқат. Ол кісі – бәрімізге ұстаз болған ұлы адам».

Елінің өткенін ұмытпай, келешегі үшін қалтқысыз еңбек еткен перзенті бар халық та бақытты. Сол перзент — Дінмұхамед Қонаев».

«Димаш Ахметұлы – өз халқының болашағы үшін көп еңбек сіңірген адал ұлы».

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.