Home » Мақалалар » Ұлттық құндылық- ұлт мәртебесі

Ұлттық құндылық- ұлт мәртебесі

Мектеп- білім айдынындағы үлкен кемеге. Сол айдынның жүзі жарық, суы тұнық болуы үшін — мектепке деген сыйластық болуы шарт.

Өркениетті ел  өкілдері оқушылардың  мектеп формасынан сол елдің мәдениетінің деңгейін байқауға болатынын айтып жарысуда. Қарап отырсақ, расында  солай. Мектеп оқушыларына сапалы біліммен қоса, саналы тәрбие беруде  форманың рөлі алдыңғы шепте туры тиіс. Көзқарастар мен құндылықтар алмасып жатқан бүгінгідей алмағайып заманда ұлттық ұстанымды ұрпақтың бойына сіңіруіміз үшін тер төгуіміз қажет.

Еліміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдары оқушылар үйде бар киімін киді. Бір форманы бір үйдің бірнеше баласы алмасып та киген сәттер болды. Уақыт өте келе  ел еңсесін тіктеп, жағдайы түзелген кезде әр мектеп оқушыға арналған өзіндік киім үлгілерін ұсынып жүр. Жалпы, мектеп формасы деген мәселе ата-аналарды алаңдатып келгені жасырын емес. Бірі сапалы қымбат болса, екіншісі сапасыз арзан, ал енді бірінің бағасы ақылға қонбай жатады. Әрбір жыл сайын  ауыса беретін мектеп формасының үлгілері ата -аналар мен оқушыларды да әбден әбігерге салған сәттер де болды.

Маңызы құнды тақырыптың мәні жоғалмайды. Бұл тақырып мені де қатты алаңдатады.

Тәуелсіздігімізді айқындап, рухымыздың биік екенін көрсетіп тұратын ұлттық нақыштағы мектеп формасының үлгілері кейінгі кезде көп айтылып жүр.

Мен де педагог ретінде осы ойды қолдаймын.

Қазақи нақыштағы форманың басты мақсаты– қазақ балаларына нағыз отансүйгіш, патриот болу керек екендігін сезіндіру.

“Тәрбие– тал бесіктен” басталады. Қазақтың әр сөзінің түбінде рухты намыс пен шынайы өмір жатыр. Кез келген тәрбиенің баспалдағы отбасынан бастау алып, мектеппен жалғасын табады.

Мемлекетіміз тәуелсіздік алған күннен бастап саналы ұрпақ тәрбиелеуге басымдық беріп келе жатыр. Бұл ретте біз де өз үлесімізді қосып, өскелең ұрпаққа біліммен қатар, құндылықтарымызды да қадірлеуге үйреткіміз келеді. Мәселен,  әрқайсымыз көшеде үстіміздегі киімімізді таза ұстауға тырысамыз. Сол секілді біз жасаған мектеп формасындағы туымыз бен елтаңбамыз да кіршіксіз таза жүруі керек. Әрі ту мен елтаңба тәуелсіз ел ұрпағының бойтұмары болуы тиіс. Сол себепті біз осы киелі құндылықтарымызды формаға бедерлеп тігіп, оқушыларға кигізсек нұр үстіне нұр болар еді. Қазіргі көп жастарымыз мектеп кезінен шетелдің арзан дүниелеріне бейім?! Бұл сұрақ көптің көкейінде жүр. Ұрпағымыздың майдаланбауын, рухының сынбауын бағамдап, ұлтқа деген махаббатын ашуымыз керек. Жас кезінен патриот екенін сезінген бала ғана болашақта елін сүйген ер болары анық. Еліміздің беделін асқақтату саналы ұрпақтың ғана қолынан келетін іс деп толық айта аламын.

Ол үшін: әрдайым, мектеп жасынан бастап әнұранымыз жүректе, ту мен елтаңбамыз жан дүниеміздің төрінде болуы тиіс. Осылайша, біз — ізімізді басып өсіп келе жатқан жас жеткіншектерімізге жол сілтейміз.

Жалпы, қарапайым  мектеп формасы мен ұлттық нақыштағы форманы киіп өскен екі ұрпақтың келешектегі бейнесін, айырмашылығын айтпасақ та түсінікті. Біздің ойымыз- сәл де болса жастарымыздың жүрегінде отансүйгіштіктің отын тұтатып, рухын оята алсақ рухани — азаматтық жеңісіміз болар еді.

Оқушыларға дұрыс бағыт-бағдар бере отырып, елін сүйген, елі сүйген азамат қалыптастыруды қолға алғанымыз жөн.

Барлық оқушыны ұлттық нақыштағы формамен қамтамасыз етуді қолға алып, қолдайтын жандар көп болса екен.

– Болашақта мектеп формасы қазақи ою-өрнектермен безендіріліп, өте сапалы материалдан тігілсе әрбір қазақ баласына алып береді деп ойлаймын.

Тұтынушының қалауы бойынша әр мектептің өзіндік логотипін де жапсыра тігіп әсемдесе жарасып кетер еді.

Сонымен қатар әр сыныптағы әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған отбасыларына тегін форма берілсе қуанышымыз еселене түсері сөзсіз.. «Әр қазақ– менің жалғызым» деп, осындай тамаша ұсыныс қолдауға ие болса, қазақтың ауызбіршілігін көрсетеді.

Ынтымақ — бұзылмайтын қорған,

Қосылып еккен ағаш — орман деген сөз тегін айтылмаған.

Ынтымағымыз жарасып, осы бастаманың жүзеге асуына септігімізді тигізейік.

Дайындаған: Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қожакент ауылы И.Әбдікәрімов атындағы 
№168 орта мектебінің дефектолог маманы және еңбек  пәнінің мұғалімі: Әбілқасымова Индира Ералықызы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.