Home » Балабақша » Тәрбиенің талбесігі — театр

Тәрбиенің талбесігі — театр

Алматы шаһарындағы КМҚК «№ 150 бөбекжай-балабақшасының» ұжымы мен тәрбиленушілері шығармашылық байқауда шеберліктерімен көзге түсті. Алматы  қаласының Алатау ауданында шоғырланған мектепке дейінгі тәрбие беру ұйымдарының арасында шығармашылық байқау өтті. “Театрдың ғажайып әлемі” атты IV қалалық байқаудың басты мақсаты — ұлттық ертегілеріміздің тәрбиелік маңыздылығына мән беріп, шешендік өнер, тіл байлығы, қазақы тәрбиені дәріптеу.
  

№150 бөбекжай-балабақшасының педагогтары мен тәрбиешілері ақылдаса отырып, байқауда “Қарлығаштың құйрығы неге айыр?” ертегісін сахналады. Бұл халық ауыз әдебиетінің  жауһарындай туындының негізінде қаншама лек ұрпақ қиялын ұштап, тәрбиеленді, әлі де шоқтығы биік туындылардың қатарында. Сондықтан да №150 бөбекжай-балабақшасының ұжымы байқауға асқан талғампаздықпен дайындалғанын айтпасқа болмайды.

Аталмыш қойылымға «Бәйтерек» мектепалды тобынан Аманкелдиев Хансұлтан,  Дюсетай Алинұр, Булатова Аяла,  Болатова Жанайым, Тойлыбай Айсана, сондай-ақ  «Ақбота» мектепалды тобынан Жексемби Айсара,  Нұрханова Айя,  Дәулетқызы Альмира, Бақытбек Сұлушаш,  Нұрланұлы Омар,  Серікқызы Айзере және «Дарын» ересек топтан Султанали Айдар, Саяси Айлана, Жарасқызы Ажар қатысты. Ал Джаилибаева Гульнара Амангельдыевна,  Абдраймова Айгул Амантаевна, Ерсейіт Халия Жақсылыққызы, Кешубаева Индира Курмангазиевна, Кабдыкамитова Асель Бокенаевна, Сәтпай Айжан Бекболатқызы сынды педагогтар ертегі қойылымының дайындығына, сәтті сахналануына барын салды. Ал музыкалық жетекші Наурузбаева Астана қойылымның сахналануына жауап берді. Ұжымның жұмылған жұдырықтай шығармашылық жұмысты жауапкершілікпен атқарғанына қарап, саусақ бірікпей, ине ілікпейді деген халық даналығының дұрыстығына көз жеткіздік.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай байқаулар балалардың да, тәрбиешілердің де шығармашылық қиялын ұштап, ұлттық болмысын қалыптастырады. Әрі ертегі —  қазақылықтың қаймағы бұзылмаған қайнары.

Әдістемелік бірлестік мүшелері: КМҚК «№ 1 бөбекжай-балабақша»меңгерушісі Қарабалаева Қ.А., КМҚК «№ 150 бөбекжай-балабақша» меңгерушісі: Абдижаппарова С.Н.,  КМҚК «№ 148 бөбекжай-балабақша» әдіскері:Токтасынова М.Б., КМҚК «№ 84 бөбекжай-балабақша» әдіскері: Тилешова Д.А., КМҚК «№ 37 бөбекжай-балабақша» әдіскері: Баймбетова А.Ж. қойылымға қатысты өз пікірлерін, ойларын ортаға салды.

Ертегі бала тәрбиесіндегі шоқтығы биік құрал екені дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Сондықтан мол қазынаны айту, оқыту,  оқу қай заманда болмасын өзектілігін жоймайды. Ал мұндай байқаулар әлі де ұйымдастырыла беретін болады.
  

“Bilim ainasy”
Алматы қаласы
Нұрқанат Омарұлы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.