Home » Мақалалар » ЛИДЕРЛІК ДАҒДЫЛАРДЫ ТҮСІНУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ

ЛИДЕРЛІК ДАҒДЫЛАРДЫ ТҮСІНУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті QS рейтингі бойынша әлемнің үздік жоғары оқу орындарының қатарына кіреді. Университет жоғары білікті мамандарды даярлауға, әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуге, іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамытуға, оларды өндіріске енгізуге бағытталған білім беру, ғылыми, рухани-тәрбиелік, инновациялық және өндірістік әлеуетке ие. Университетімізде нағыз мамандарды дайындау және де оларға психология негіздерін үйретіп, эмоционалды интеллекттерін қалыптастыру мақсатында «Басқару психологиясы» пәні өтіледі.

«Басқару психологиясы» — ұйымдардағы басқару процестеріне психологиялық факторлардың әсерін зерттейтін пән. Ол менеджерлер мен жұмыскерлерлер арасындағы қарым-қатынасты талдау, мотивацияны қалыптастыру, көшбасшылық қасиеттерді дамыту, басқарудағы шешім қабылдаудың психологиялық аспектілерін зерттеумен айналысады.

Аталған пәннен психология ғылымдарының кандидаты, профессор Жұбаназарова Назираш Сүлейменқызы 1 курс магистранттарына «Лидерлік дағдыларды түсіну және қолдану»тақырыбында дәріс оқыды. Семинар сабақтарында  лидермен басшының айырмашылығын, бойымыздағы лидерлік потенциалды ашу, лидерге тән қасиеттерді талдап, пікір алмастық. Дәріс пен семинарда айтылған ақпараттарды қорытындылау мақсатында«Лидерлікті зерттеудің эксперименттік бағдарламасы»атты психологиялық жоба құрастырдық.

Көшбасшылық қасиеттерді дұрыс түсіну және қолдану табысқа жетуде маңызды рөл атқарады. Нағыз лидер команданы мақсаттарға жетуге ғана емес, сонымен қатар шабыттандыратын атмосфераны құруға көмектесетін қасиеттерге ие.

Ең алдымен, көшбасшының өзінің көзқарасы мен стратегиялық ойлауы, табысты және тұрақты стратегияларды құрудың негізі болып табылады. Айқын көзқарас команданы дұрыс бағытқа бағыттайды, ал стратегиялық ойлау мақсаттарға жетудің тиімді жоспарларын жасауға көмектеседі.

Жанашырлық танытқан көшбасшы өз қызметкерлерінің қажеттіліктерін жақсырақ түсіне алады, бұл қолдау көрсететін және сенімді атмосфераны құруға ықпал етеді. Тиімді қарым-қатынас өз кезегінде мақсаттардың анықтығын және топ ішінде идеялармен алмасуды қамтамасыз етеді.

Бұл пәнді оқытудың негізгі мақсаты- болашақ лидерлерді қалыптастыру, кәсіби этика негіздерін үйретіп, қоғамға өз үлесін қосар мамандарды дайындап шығару. «Басқару психологиясы» пәнін оқу барысында ұжыммен жұмыс істеу, даулы жағдайларды шешу, іскерлік қарым-қатынас принциптерін үйренудміз. Білім ордамыз бен көпжылдық тәжірбиесі бар ұстаздарымыздың болашақ мамандарды білім жағынан ғана емес, психологиялық жағынан дайындап жатқанына өте қуаныштымыз. 

Жұбаназарова Назираш Сүлейменқызы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
психология ғылымдарының кандидаты, профессор
Сейілхан Сымбат Абдусаламқызы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранты

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.