Пайыз Алихан Мәлікұлы
№ 102 ЖББМ музыка пәнінің мұғалімі
Халық ауыз әдебиетінің қайнар көзі- айтыс. Ал айтыс өнерінің мәңгі салтанат құруына себепкер – айтыс ақындары. Кешегі қадау-қадау ғасырлардан бері жалғасып келе жатқан қазақтың айтыс өнерінің алтын арқауы үзілмейтінін тарих пен уақыттың өзі дәлелдеген шындық. Сахараның сан қырлы мәдениетінің де бір белесі осы – айтыс мұрасы болмақ.
Бүгінде оның дамып, халықтың рухани байлығы ретінде жалғасып келе жатқаны қуантады.Балалар мен жастардың ақындық өнерін қалыптастырып,қазақ халқының ұлттық құндылығы , шешендік өнер арқылы мәдинеттің баға жетпес мұрасы ретінде айтысты жан-жақты насихаттау,ұлттық рух пен патриотизмге, өз халқына және оның дәстүрлеріне деген құрмет сезімін тәрбиелеу, талантты жастарды анықтау барысында, Республика бойынша 4 тоқсан – 4 өнер жобасы аясында 1 тоқсан бойы «Ақындар айтысы» ұйымдастырылды. 11.09.2023- 24.10.2023 осы уақыт арасында Республикадағы барлық мектеп, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында айтыс өткізу ұйымдастырылып, күнделікті жасалған жұмыстар әлеуметтік желілерге салынып жатқаны оқушылар үшін үлкен мотивация. Ақындар айтысында жаттама (трафарет) өлеңдер аз болады. Олар өлеңді табан астында шығарады, тосыннан айтысады. Айтыс үстінде талай күтпеген жайлар кездеседі. Айтысар тақырыбы белгісіз, тосын сұрауларға тап болады. Екі ақын да бірін-бірі тығырыққа қамау үшін, бірін-бірі сүріндіру үшін, өмір құбылыстарын жұмбақ етіп те тартады. Соның бәріне ақындар жеделдете жауап беруге, дәлел айтуға әзір болуы керек. Мұның бәрі ақындардан сөзге жүйріктікті, білгірлікті, тапқырлықты, ұсталықты қажетсінумен қатар, ел-елдің шежіресін, тарихын, жер жайын, этнографиялық ерекшеліктерін білуді керек етеді.
Ақпараттық- насихаттау жұмысы балалар мен жастардың бойында Қазақстандық патриотизм мен азаматтық ұстанымды қалыптастыру аспектісінде маңызды рөл атқарады және тәрбиелеудегі міндеттерді іске асыру негізгі құралдардың бірі болып табылады. Осы екі айда істелген жұмыстың нәтижесін 25 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 12.00 де бір мезгілде барлық өңірлерде, республиканың әрбір елді мекенінің барлық мектептерінде «Ақындар айтысы» импровизатор –ақындардың сайысы өткізіледі. Осындай игі бастаманың алдында №1 оқушылар үйінде «Жас ақындар мүшайрасы» өтілді. Мүшайраға қала мектептерінен болашақ айтыскер от ауызды,орақ тілді 100 аса бала қатысып, ақындар айтысының өтілу ережесімен таныстырылып, бағыт –бағдар алды. Осындай қолдау мен жобалардың нәтижесінің арқасында дарынды оқушыларымыз айтыс сияқты құнды жәдігеріміз ұрақтан-ұрпаққа жете беретініне сеніміміз зор.