Опабек Айнагүл Серікбайқызы
Астана қаласы
№75 «Балалық шақ» балабақша тәрбиешісі
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үдерісін ұйымдастырудың замануи тәсілдері
Білім беру жүйесінің алғашқы қадамы мектепке дейінгі ұйым, балабақша болғандықтан тәрбиешілер мен жетекшілерге жауапкершілік жүктеледі.
Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық үдерістердің инновациялығы – мектеп жасына дейінгі балалардың тиімді дамуына себін тигізетін жаңа технологияларды мақсатты ендіруінде болып табылады.
Педагог пен баланың өзара әрекет етуі жүзеге асырылатын оқытудың интерьактивті әдістерін қолдану барынша маңызды бола бастады. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмыстарына заманауи білім беру бағдарламалары мен технологияларын ендіру бойынша бірыңғай талаптар және практикалық ұсыныстармен қамтамасыз етуге бағдарланған және мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие сапасын және тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған. «Мектепке дейінгі ұйымдардағы инновациялық педагогикалық технологиялар» диагоностикасын жүргізу материалдарына талдау, қолданылатын технологиялар жұмысының ерекшеліктерін анықтау және әртүрлі жас топтарында туындайтын қиындықтарды, мәселелерді шешу жолдарын айқындау;
мектеп жасына дейінгі балалардың жұмыс жасаудың заманауи интерактивті нысандары туралы біртұтас білім қалыптастыру;
мекетепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен педагогтарында мектеп жасына дейінгі балалармен интерьактивті өзара әрекет ету үшін ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану қабілетін қалыптастыру;
мектепке дейінгі білім беруді жаңғырту жағдайында мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен педагогтарында өзіндік білім алу қажеттіліктерін қалыптастыру.
Міндеттері:
мектепке дейінгі ұйымдардың материалды-техникалық базасын нығайту және жетілдіру, мектепке дейінгі ұйымдарда әртүрлі әдістемелік шараларды қолдану арқылы педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, педагогтардың мониторинг нәтижелерін практикалық қызметте қолдану қабілетін дамыту;
инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану мәселесі бойынша педагогтар арасында тәжірибе алмасу жүйесін ұйымдастыру;
педагог пен балалардың бірлескен іс-әрекетінде инновациялық педагогикалық технологиясын қолдану арқылы олардың өзара әрекет ету үлгісін өзгерту.
Егер базалық білім мазмұны тұлғалық-бағдарлылық және жеке-даралық тұрғыдан түзілсе, оқытудың белсенді құралы ретінде ойын пайдаланылса, ал ата-аналар бала бақшадағы білім беру процесіне «араласып, ат салысса», онда баланың құзыреттілік дамуының жоғары деңгейіне жетуге болады. Сонымен бірге білім беретін материалды кіріктіру жастық кезеңін бірінен екіншісіне өткенде базалық мазмұнның шоғырлану және бірізділік ұстанымдарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Жаңа стандарт бойынша мектепке дейінгі білім беру мазмұны және мектепке дейінгі салада педагогикалық процесті ұйымдастыру мына бағыттар негізінде өзгертілді.
– мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту және тәрбиелеу нәтижесі ретінде баланың құзыреттілігін қалыптастыру;
– бес білім беру саласынан («Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта») ұйымдастырылатын танымдық іс-әрекеттердің кіріктірілуі;
– құзыреттіліктің даму индикаторларына, яғни мектепке дейінгі жастағы баланың біртұтас даму деңгейін зерттеу және қадағалаудың қолданыс құралына сүйеніп, әр баланың жетістігін диагностикалауды іске асыру болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі балалар үшін «Блум таксономиясы» технологиясы- бұл тәрбиешілер үшін толық әдістемелік ұсыныстары бар ұжымдық ойындар мен сабақтар жүйесі. Блум таксономиясы негізгі бағдарламасын ауыстыруға емес, оның тиімділігін барынша арттыруға арналған. Тәрбиеші жұмыс істейтін кез-келген бағдарлама негізінде практикада тексерілген блум әдістері мен тәсілдерін қолдануға болады.
Балаларды шығармашылық дамытуда АКТ-ның тигізер пайдасы орасан зор екенін панорамалық флипчарт сабақта дәлелдедік. Болашақта Блум таксономиясы әдісі арқылы ұйымдастырылған оқу қызметімізді жоспарлай алсақ және оның жүйесімен жұмыс жасай білсек еш қателеспейміз. Блум таксономиясы алты кезеңді қамтиды:
1 – білу
2 – түсіну
3 – талдау
4 – қолдану
5 – жинақтау
6 – қорытындылау
Ұйымдастырылған оқу қызметін алты бөлікке жіктеп жаза отырып, АКТ-ны пайдалану оқу қызметін жандандыра түседі, ойлау, сөйлеу, ұшқыр қиялы дамиды деп ойлаймын.
Өз жұмысымды балабақша ұжымының алдына қойған мақсатымен ұштастырамын. Жаңа технологияны әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын көтереді.
Жұптық оқыту қалпында тілдік қатынас екі баланың арасында жүреді. Онда негізгі мақсат – екі баланың өзара тілдесу ерекшеліктеріне, тілді білу дәрежесіне т.б сүйене отырып іске асырылады. Мұнда балалар екі-екіден жұпқа бөлініп, әр жұп жеке тапсырмалар бойынша жұмыс істейді де, олардың сыңарлары бір-бірімен отырады. Жұптық қалыппен тілді үйретудің ерекшелігі ол диалог арқылы жүзеге асады да, тілдік қарым-қатынастың ауызша түрін дамытуға себін тигізеді. Бұл қалып бойынша бүкіл тілдік материал диалогтың негізінде меңгеріледі.
Топтық оқытуда балаларды топқа бөліп оқыту балалар арасындағы қарым-қатынасты жақсартады, дұрыс сөйлей білуге жағдай жасайды, балалардың білімін жетілдіреді, әртүрлі мінез-құлықтағы адамдармен пікір алмасуға үйретеді, топтар арасында бала өзінің жеке дара қасиетін көрсетуге мүмкіндік алады.
Ұжымдық оқыту – тіл үйренудің ұжымдық формасы, бұл үйренушінің бүкіл топтағы адамдардың әрқайсысымен жеке сұқбаттасу арқылы олардың екеуінің бір-бірін үйретуі, оқытуы, пікір алмасуы және әр жұп сыңарларының ауысып отыруы нәтижесінде бүкіл ұжым мүшелерінің түгел қамтылып, әрі жұптық, әрі топтық тілдік қатынастың жүзеге асуы. Ұйымдастырылған оқу қызметінде балалардың коммуникативтік сөйлеуі, тіл дамытуы көрнекілік әдісі, ойын әдісі арқылы іске асады.
Сөздік жұмыстарын өткізбей тұрып, жалпы символдардан бейнелерді меңгерту керек, мұнда мнемокесте үлкен роль атқарады.
«Сөйлейтін кітаптар» арқылы кітап бетіндегі қажетті сөздер, шағын сөйлемдерді қайталап айту, сұраққа дұрыс жауап беруге баулиды. Үнтаспаны пайдалану арқылы аңдардың, құстардың, табиғат құбылыстарын т.б дыбыстарды ажырата білуге мүмкіндік бар.
Осыдан шығатын нәтиже:
әр бала өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады;
баланың жеке қабілеті анықталады;
балалар бір-бірлерінен қалмауға тырысады;
әр бала өз деңгейімен бағаланады.
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе», «Тәрбие – тал бесіктен» деп дана халқымыз айтқандай парасатты, зерек, кішіпейіл, адал, адамгершілігі мол ұрпақ ұлтымыздың басты құндылығы. Саналы да білімді жас ұрпақ болашағымыздың кепілі. Бала тәрбиесінде ең маңызды роль атқаратыны мәлім. Қай елде, қай кезде болмасын, бала тәрбиесін ерекше дамытушы да, ілгері апарушы да – балалар, яғни бүгінгі ұрпақ – ертеңгі елдің болашағы.
Осыдан шығатын нәтиже:
әр бала өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады;
баланың жеке қабілеті анықталады;
балалар бір-бірлерінен қалмауға тырысады;
әр бала өз деңгейімен бағаланады.
Білімді жинап, дүниені шолатындай, — балаларыңыз үлкен азамат болып өссін! Сөз соңын ұлы ұстаз Макаренконың: «Баламен шындап сөйлесу үшін орын мен уақытты таңдай біліңіз, кіре берістегі жол-жөнекей айтылған сөз бала көңілінде керекті із қалдырмайды», — деген парасатты ойымен түйіндегенді жөн көрдім.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1) «Жаңа технологияларды сабақта қолдану» Ұ.Төлепова «Бастауыш мектеп» №7, 2015 жыл
2) «Отбасы және балабақша» журналдары 2014 жыл, 2017 жыл
3) «Отбасы және балабақша» журналы №4, 2015 жыл
4)Дамыта оқыту технологиясы. Бисенбаева Әлия.
Күшті өте жақсы
Қолдаймын
Өте жақсы ,сәттілік
Өте керемет унады.Тек кана алга Айгул ханым
Керемет қолдаймын Айгүл ханым
Сәттілік жұмысыңызға
Молодец саттилик!!👍👍👍
Өте жаксы👍саттилик!!!
Айгүл апай, сәттілік!
Өте жақсы . Сәттілік тілеймін.
Оте керемет, исинизге саттилик!!!!
Сәттілік👍👍
Керемет, сәттілік!
Қолдаймын, Жұмысынызға сәттілік!
Сәттілік тілеимін! Керемет👍🏼
Жаксы, сәттілік тілеймін!
оте жаксы жумысынызга саттилик
Жарайсыз Айгул Серикбайкызы
Сәттілік тілеймін!🔥🔥🔥
Сәттілік тілеймін апай
Айгүл тәте жұмысыңда сәттілік тілеймін
Керемет, тек алға
Айгүл тате, удачи👍
Тек алга! Саттилик!
Жұмысыңызға сәттілік тілеймін!
Жарайсыз алғааааа
Саттилик тилейм!!!
Айгөлек, Сәттілік, еңбегіңнің жемісін көре бер
Айгүл сәттілік серігің болсын!
Тек алға!Жұмысыңыздың жемісін көре беріңіз.
Тате жарайсыз алғаааа
Тате сәттілік, тек алғааа
Тек алға алға қойған мақсаттарыңыз орындалуын Айгүл ханым
Сәттілік серік болсын сізге💐
Сәттілік жұмысыңызға!
Сәттілік тілеймін! Еңбегіңіздің жемісін көріңіз! Ұрпақ тәрбиесінде қанатыңыз талмасын!
Еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз Айгүл апай, саттілік тілеймін
Жұмысына сәттілік тілеймін, тек алға!
Сәттілік тілеймін!
Жумысынызга саттилик!!!!!