Home » Жаңалықтар » Бастауыш сынып оқушыларына геймификация әдісі арқылы ағылшын тілін меңгерту

Бастауыш сынып оқушыларына геймификация әдісі арқылы ағылшын тілін меңгерту

Каймолдина  Алтынай Аканайқызы
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Исаев ауылы,
«О. Исаев ауылындағы орта мектебі» КММ-не қарасты
Исаев бастауыш мектебінің ағылшын тілі мұғалімі

Бастауыш сынып оқушыларына геймификация әдісі арқылы ағылшын тілін меңгерту

   

Жуырда, О. Исаев ауылындагы КММ-не қарасты Исаев бастауыш мектеп ұжымы, геймификация әдісін қолдану арқылы ағылшын тілін меңгерту мақсатында өткен, бастауыш сынып білім алушыларының пәнге қызығушылықтарын арттыруда геймификация әдісін қолданып «Білім сапасын көтеру»  тақырыбында аудандық жарыстан мектебіміз 2-ші орын иеленді.

Жалпы, мектеп ұжымы осы геймификация бағытын қолданады. Мұндай шаралар алдағы уақытта да өтеді деп жоспарлануда.

Мектебіміздің жобасы. Әр мұғалім өз пәнінде геймификация әдісін қолданады.

Геймификация модельдері аясында оқытуды ұйымдастыру мен білім беруде геймифмкацияны көріктендіруге арналған платформалар қызметін және ойнап жүріп ойлантуды пайдаланып, білім берудің цифрлық түрленуін пайдаланып, білім алушылардың оқу мотивациясы мен логикалық қабілеттерін шыңдайды. Сонымен қатар, пәнге қызығушылығы артып білім сапасы көтеріледі.
Оқушылардың ағылшын тілі сабағына деген қызығушылығын ояту үшін, мұғалім әр түрлі әдіс -тәсілдерді қолданғаны жөн, бірақ бұл әдіс тәсілдер төмендегідей талаптарға сай болуы тиіс:

1 Әдіс- тәсілдер арқылы өзін-өзі еркін сезіну үшін жағымды атмосфера жасап, оқушы қызығушылығын ынталандыру керек, тілді практикада қолдануға деген қажеттілігін тудыру қажет.

2 Оқушы тұлғасын толығымен оқу процесіне тарту керек, оның эмоциялары, сезімдері оның қажеттіліктерімен байланысты болуы керек.

3 Оның тілдік шығармашылық қасиеттерін ынталандыру керек.

4 Оқушыны оқу процесінің басты тұлғасы ретінде белсенді етіп, басқа оқушылармен тығыз байланыстыру керек.

5 Түрлі жұмыс түрлерін жеке жұппен, топпен сыныппен және тағы басқа жұмыс түрлерін қолдану қажет.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.