Шарипказина Динара Кабдолдановна
Шығыс Қазақстан облысы
Глубокое ауданы, Опытное ауылы
ШҚО ББ Глубокое ауданы бойынша Б-Б
«Опытное поле орта мектебі» КММ
Республикам менің!
Тәрбие сағатының сағатының мақсаты:
- Балалардың Отан туған жер туралы түсініктерін кеңейту
- Балаларды Отанды сүюге,еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін аттыру.
- Балаларды адамгершілікке тәрбиелеу.
Ұйымдастырылған іс –әрекет.
- Балалар қандай мерек таяп қалды?
- 25- қазан Республик күні
- Олай болса, Республика күніне арналған тәрбие сағатымызды бастайық.
Мемлекеттің әнұран орындау.
Балалар біз қайда тұрамыз?
-Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Опытное поле ауылында
— Дұрыс айтасыңдар.
— Ал, Біздің Отанымыз, Республикамыз қалай аталады?
— Қазақстан
— Отан деген не, қалай түсінесіңдер?
— Адамның туып өскен жері, туған-туысқандары, біз тұратын атамекен.
— Еліміздің бас қаласы қалай аталады?
— Біздің бас қаламыз Астана
— Біздің Президентіміз кім?
Отан туралы слайд көріп, сұрақтарға жауап алу.
— Еліміздің қандай рәміздерін білесіңдер?
— Ту, Әнұран, Елтаңба.
— Балалар біздің елімізде көп ұлт өкілдері тұрады,кәне соларды атап айтайықшы: орыстар, өзбектер, қырғыздар, татарлар, немістер.
— Иә, балалар дұрыс айтасыңдар әр түрлі көп ұлт өкілдері барлығы тату- тәтті тұрады.
Рәміздерге байланысты қандай тақпақтар білесіңдер?
Инабат
Аспан түстес көгілдір,
Тік бұрышты матаның.
Ортасында төгіп тұр.
Күн жаяды шапағын
Астында оның қалқыған,
Қыран құстың бейнесі.
Азат елдің шалқыған,
Көңілі деп білерсің
Кәусар
Елтаңбасы елімнің,
Неткен әйбат, әдемі.
Тұнығындай көңілдің.
Ортада аспан әлемі!
Құт, береке шаңырақ
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ,
Екі жақтан көмкерген
Әміре
Әнұраны елімнің,
Шақырады бірлікке
Егеменді халқымның
Болашағы бірлікте
Би.Ақ көгершін
Республика күніне арналған балалардың тақпақтары
1 оқушы: Алдияр
Республика жасай бер,
Атар таңың бақ сыйлап
Тәуелсіз ел жасай бер,
Қуанышты күй сыйлап.
2 оқушы: Саяжан
Республика күні бұл,
Шаттығымды көбейтер.
Қазағымның үні бұл
Тынысымды кеңейтер
3 оқушы: Б.Айсұлу
Республика күні бұл
Құтты болсын гүл елім.
Көңілімнің нұрысың,
Сен деп соғады жүрегім.
4 оқушы: Жахангер
Жадыратып жанды бұл,
Нұр сыйласын арай күн.
Құтты болсын бүгінгі,
Республика күні бұл
5 оқушы: Едіге
Республикам жырысың,
Тұмарым қып тағатын,
Әуелетіп жүрекпен,
Шырқап әнге салатын
6 оқушы: Еркеназ
Құтты болсын бүгінгі
Республика күні бұл
Әр қазақтың лүпілдер.
Жүрегінің үні бұл.
7 оқушы: Дінмұхамед
Республика күнінде,
Орнасын бар жақсылық
Азаттықтың көк туы
Сыйлай түссін сәттілік
8 оқушы: Раяна
Республикам бақытым.
Мерекеге бастайтын.
Құтты болсын күн бүгін,
Шаттығымды растайтын.
9 оқушы: К.Айсұлу
Республика күні бұл
Елге шаттық беретін
Азаттықтың байлығы,
Көңілге нұр себетін.
10 оқушы: Амина
Респбуликам бақытым,
Елге сенім беретін.
Құтты болсын мереке,
Әр жыл сайын келетін.
Ән: Атамекен
Балалар, бүгінгі біздің 25- қазан Республика күніне арналған тәрбие сағатымыз аяқталды.
Рақмет, сендерге Сау, болыңдар!