Home » Жаңалықтар » «Leader TopIQ — 2023» байқауының үздік ұстаздары

«Leader TopIQ — 2023» байқауының үздік ұстаздары

«Leader TopIQ — 2023» байқауының үздік ұстаздары
«Leader TopIQ — 2023» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі ұйымдастырылды. Байқауға өңір ұстаздарынан бөлек, бастауыш, орта буын, жоғары сынып оқушылары мен педагогикалық колледж студенттері белсене қатысты. Заман талабына сай білім беру жүйесіндегі жаңа технологияларды қолдану арқылы біліктілігін танытуға бағытталған бұл байқауға Алматыкітап баспасы бастамашы болған еді.
Алматыкітап баспасының тренинг орталық басшысы Берниязова Айнагул Кайрмухановнаның айтуы бойынша:
«Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан «Leader TopIQ» республикалық байқауының үздігі ретінде аймақтың намысын қорғаған қатысушылары танылды. Биылғы байқауға біздің облыс бойынша жүзден астам өтінім келіп түсіп, оның 14-і басты жүлделі орындарға ие болды» дейді. Облыстық білім саласының қызметкерлеріне арналған шарада «Leader TopIQ» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Жеңімпаздарға Алматы кітап баспасының бөлім басшысы Кабдолашева Гүлмарал Наурызбайқызы алғыс хатпен қоса ақшалай сыйлықтарды табыстады.
Курмашева Айгүл Төлеуғалиқызы — Орал қаласының №20 мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі, екінші орын (Алғыс хат және 100 000 тенгеге сертификат табысталды); Байгуатова Шынар Мауленқызы — Бөкей ордасы ауданының Ш.Жексенбаев атындағы білім ордасының информатика пәні мұғалімі, үшінші орын (Алғыс хат және 70000 тенгеге сертификат табысталды); Юсупова Айсұлу Ильдарқызы — Жаңақала ауданы Жаңақала мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, 3 орын (Алғыс хат және 70 000 тенгеге сертификат табысталды).
«Белсенді әкімші» аталымы бойынша Жаишева Жаңылған Батырбайқызы — Қаратөбе ауданының Мұхит атындағы мектебінің, екінші орын (Алғыс хат және 100 000 тенгеге сертификат табысталды); Тулепова Гүлмира Набидоллақызы — Жаңақала ауданының Жаңақала мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, үшінші орын (Алғыс хат және 70 000 тенгеге сертификат табысталды); «Білімді ер» аталамы бойынша Нысанғалиев Данияр Дидарұлы — Жаңақала ауданындағы Жаңақала мектебінің орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, екінші орын (Алғыс хат және 150 000 тенгеге сертификат табысталды).
«TopIQ жаршысы» аталымы бойынша Жангирова Умит – облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы, бірінші орын (Алғыс хат және 200 000 тенгеге сертификат табысталды); «Сенімді серіктес» аталымы бойынша Еркамашева Арда — білім беруді дамыту орталығының ақпараттық жөніндегі орынбасары, бірінші рын (Алғыс хат және 50 000 тенгеге сертификат табысталды.

Білім басқармасының баспасөз қызметі,
Батыс Қазақстан, Орал қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.