Егемен елім-Қазақстан
Перзентіңмін қашанда,
Елім деп соққан жүрегі.
Тәуелсіз болған қазаққа,
Бола білген тірегі.
Өзіңменен халқым үшін мақтанам,
Қасиетін, тілін, дінін сатпаған.
Өр бабамның ерлігі бар қанымда,
Ұрпағына өсиет қып сақтаған.
Жарқырайды болашағым төріңде,
Көк жебесін желбіретіп көгімде.
Ынтымақ пен бірлік болған ұраны,
Жүрегімнен әркез сөйлеп тұрады.
Қазағымның ұлан байтақ жерінеғ,
Егемендік алды бүгін елім де.
Шырқалғанда әсем әуен әнұран,
Қазақ елін бүкіл әлем таныған.
Бақытты болып ұл-қызың,
Күлімдесін нұр жүзім.
Берік болса бірлігім,
Жарық болар жұлдызым.
Қырқынбай Абылай Ерланұлы
5сынып оқушысы.
Жетекшісі: Дуйсенова Турсынкул Дуйсеновна