Home » Мақалалар » Зерттеу әдістері арқылы креативті тұлға қалыптастырудың маңыздылығы

Зерттеу әдістері арқылы креативті тұлға қалыптастырудың маңыздылығы

Қалалық семинар

Зерттеу әдістері арқылы креативті тұлға қалыптастырудың маңыздылығы

Алтынай есімі «Ай нұры» дегенді білдіреді екен. Жарқыраған жұлдыздар арасынан алтындай көрінетін айдай дара,  дана болсын деген есім болса керек…
Бізде атына заты сай қазақтың маңдайына біткен жұлдыздары шығар деген ырыммен ақпан айының 23 жұлдызында Астана қаласы әкімдігінің №49 «Алтынай» балабақшасына бардық.
Шағын ғана білім ордасының есігінен қазақтың ұлттық тағамдарының фотасы ілінген тақтаға көзіміз түсті. Қасында қазақ тілінде ұлттық тағамдар жайлы ақпаратты еркін жеткізіп қаракөздерімізбен қатар өзге ұлт өкілдерінің балалары тұр.  Міне ғажап бойды мақтаныш сезімі кернеді.
Келуге себеп болған қалалық семинарда педагогикалық ұжымның ұтқан тұсы осы болды.
Балабақша қабырғасында « қолданыстағы қазақ тілін меңгеруі керек» деген талаппен қатар береке-бірліктің,  патриоттық тәрбиенің үлгісін көрсетті.
Жақсы сезім мен сенім адамды алға жетелейді…
Балабақшаның шағын залын «Зерттеу әдістері арқылы креативті тұлға қалыптастырудың маңыздылығы» тақырыбында көрсететін ұйымдастырылған оқу қызметіне сай безендірген. Педагог ізденісте болған ортада нәтижелі жұмыс болары сөзсіз.
Семинарды балабақша меңгерушісінің міндетін  атқарушы жаңалыққа құмар,  жауапкершілікті сезінетін білікті маман Каренеева Венера Ерболқызы ашты.
«Еліміздің болашағы  жас ұрпақтың білім деңгейінің тереңдігінен өлшенері сөзсіз. Семинар тақырыбына арқау болған «креативтілік», «ойлап табу,  жасап шығару» дегенді білдіреді.  Біздің мақсат өз болмысын таныта алатын жеке тұлға қалыптастыру» деп қысқаша ойын жеткізді.
Семинар тізгінін » Бұлбұл «мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Бершінбаева Нұрзина Бейбітқызы» Ғарыш әлеміне саяхат»зерттеу әдісі арқылы ұйымдастырылған оқу қызметімен жалғастырды. Зерттеу жұмыстарын жасау арқылы танымдық қабілеттерін дамыту,  креативті ойлауға жетелеу бір-біріне бөгет жасамауға ұқыптылыққа тазалыққа тәрбиелеу мақсатына жете білді.  Балалардың белсене қатысуы өздерін еркін әрі сенімді ұстауы педагог шеберлігінің көрнісі.
Балабақшаның педагог- психолог маманы Туякбаева Толқын Султанқызы нейро жаттығулары арқылы келушілерді бір серпілтіп тастады.  Бала күнді еске түсіріп «Қошақаным» әнін орындадық.  Адамның жанына жақын дүние арқылы ой салу,  жақсы көңіл сыйлай алу шеберліктің белгісі.  Қонақтар дән риза.
Жетігеннің сазды әуені жүрек қылын тербеді.Музыка жетекшісі Әбілбекова Арайлым Хамитовна «Ақ көгершін» ересек тобымен «Жетігеннің жетеуі» тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметін ұсынды. Музыкаға деген талғам,  балаларды өзіне еліте алып құдіреті өнердің сырына қандыру нағыз музыка маманының қолынан келеді.  Тартымдылық балаларға деген шынайы қарым- қатынас бәрі-бәрі көрінді… Ертегіні асына құрақ көрпені төсей салып тыңдай білетін, тыңдап отырып талдай білетін бүлдіршіндерден айналдым….
Семинар соңында балабақшаның инновация әдіскері Мекишева
Жанар Муслимовна «Балалардың креативті ойлауын зерттеу арқылы қалыптастыру» тақырыбында үш жылдық зерттеу алаңының тәжірибесімен бөлісті.  Астана қаласы №56″Береке», №38 «Шаттық», №63″ Әсем-ай»,  «Baby-Step» жекеменшік балабақша педагогтары бірлесе жасады.  Тәжірибеден түйгендері көп болғанын да семинар соңында жасырмады.  Ешбір үзіліссіз,  тиянақтылықпен жасалған жұмыстар балалардың өнері, семинардағы басымдылықты балаларды ашуға арнаған педагогикалық ұжымның бірлесе атқарған жұмысына көңіл толды. Осы тұста педагогикалық ұжымға жетекшілік жасай білген білікті маман балабақша әдіскері Дуйсекулова Лаура Беккалиевнаның еңбегін де айта кеткеніміз жөн.
Семинар соңында Астана қаласындағы әдістемелік орталықтың мектепке дейінгі білім беру бөлімінің маманы Бекжанова Айман Ансатовна, мектепке дейінгі мекемелерден келген педагогтар Алиева Сағыныш , Жолдас Жанар, Кожакова Гаухар, Сариева Санияш, Сейсалиева Лаура, Алмаганбетова Айгерим өздерінің жылы лебіздерін, семинардан алған тәжірибелерімен бөлісті. Жақсы сөз, көңілге қонымды ой айтылды. Астана қаласы №5 «Ақбота» балабақшасының меңгерушісі Жолбарысова Мөлдір Айтқалиқызы  семинардағы көрсетілген әр тақырыпқа тоқталып, ұсыныс пен пікірін білдірді.
Мақсат айқын, жоспар нақты, дайындық мығым  ұжымға қонақтар ризашылықтарын білдіріп тарқасты. Шағын ғана ұжымның өзара қолдауы, біркісідей жұмыла алатын бірлігі, педагогтардың кәсіби біліктілігі қалалық семинардың өз дәрежесінде өтуіне септігін тигізді. Ұрпағымыз елжанды, жаңаша ойлай алатын, жылдам шешім қабылдай алатын ұшқыр ойлы болсын десек педагогтар осылай үлгі көрсетуі керек.
Педагог өзіне сенімді жерден қамал бұзар қазақтың «Алтынай-дай» жарқыраған ұл-қыздары шығарына сенеміз.

Әлия Ғалымбекқызы
Астана қаласы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.