Қамалова Әдемі Болатқызы
Батыс Қазақстан облысы
Орал қаласы
Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға
арналған арнаулы мектеп-интернатының
ұзартылған күн тобының тәрбиешісі
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға адам денсаулығының қымбаттығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, басты байлық екенін, оқушының бойына салауатты өмір салтын дарыта отырып жаман әдеттерден аулақ болуды түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілетін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру.
Тәрбиелік: Дені сау, адамгершілігі мол, Отансүйгіш, қоғамның нағыз азаматын тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: плакат, суреттер, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу
Назарларын сабаққа аудару
ҚР Гимнін орындау
ІІ. Негізгі бөлім.
- Кіріспе.
Адам денсаулығы қоғам байлығы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа арнаған «Қазақстан — 2030» Жолдауында бізді Отан игілігі үшін өз денсаулығымызды сақтауға шақырады. Қазақстанда тұратын әрбір азаматтың денсаулығы мықты болуы керектігін айтады.
Біз үлкен тарихи кезең ХХІ ғасырда өмір сүріп отырмыз. Осы ғасырда өркениетті елдер қатарынан орын аламыз десек біздің халқымыз салауатты қоғамда өмір сүруі керек.
— Балалар, сендер қараңғы үйге кіріп келіп, шам жақсаңыз шам үйді жарық қылады. Қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, ең үлкен бір байлық бар. Ол не деп ойлайсыңдар?
— Әрине денсаулық.
- Қызығушылықты ояту.
Салауатты өмір салты. Жеке бас гигиенасын сақтау. Зиянды әрекеттерден аулақ болу. Дұрыс тамақтану. Дене шынықтыру. Күн тәртібін сақтау. Мейірімді болу. Көңілді жүру. Дұрыс тамақтану. Міне, біздің бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз салауатты өмір салтын сақтау мақсатында «Денсаулық – өмір негізі» деп аталады.
- Ой ашу (сұрақ-жауап).
- Тіс тазалайтын құралдар (щетка, паста)
- Ол судан қорқады, кір одан қорқады (сабын)
- Дене шынықтыратын, денсаулыққа әсері мол сабақ (д/ш)
- Жалқаудың досы (еріншектік, ұйқы)
- Адам өміріне ең қажет (ауа, су, жылу, жарық)
- Тазалық кепілі (денсаулық)
- Тіс емдейтін дәрігер (стоматолог)
- Көз көрмегенде киетін зат (көзілдірік)
Қымбат машинасы, көп ақшасы бар, бірақ денсаулығы жоқ адам бақытты ма?
Зәулім үйі, қора-қора малы бар, бірақ денсаулығы жоқ адам бақытты ма?
Кедей, бірақ денсаулығы өте жақсы адам, бақытты ма?
«Ауру төнсе кең дүниені тар қылмақ» — дегендей өкінішке орай қымбат байлығымызға кері әсерін тигізетін зиянды нәрселер баршылық. Айдаһардың үш басындай есірткі, темекі және ішімдік ауруға жол салатын мүмкіндіктердің басты себектері.
Темекі зиянды зат. Оның құрамында 4 мыңға жуық улы зат және никотин бар. Бір қорап темекінің құрамындағы никотинді адамға инемен шаншыса, адам өліп кетеді. Темекіден мида қатерлі ісік ауруы, өкпенің қатерлі ісік ауруы т.б. аурулар пайда болады.
Есрткі – адамзаттың соры. Есірткі миды құрғатып, кептіріп жібереді. Есірткіні пайдаланған адам есірткісіз бір сәтте тұра алмайтын халге жетіп, тірі өлікке айналады. Дене құрылысы бұзылып, бет әлпеті өзгереді.
Ішімдік миға келген соң, мидың әрекетіне зиян келтіреді. Адамның ерік жігерін әлсіретіп, ол не істеп қойғанын білмей қалады.
- Ой қозғау.
Жас ұрпақ еліміздің ертеңі, болашағы. «Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі». Томас Карлейбль. Олардың дені сау болып өсу үшін салауатты өмірге бейімделуі тиіс. Денсаулықты сақтау үшін ойың, ниетің таза болуы керек. Зиянды әрекеттерден аулақ болу керек. Күн сайын темекі шегу, ішімдікке салыну, нашақорлықтан адамдар бақытсыздыққа шалдығады. Өзінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Жақын адамдарына ауыртпалық түсіріп, қоршаған ортаға зиян келтіреді.
Сау дене, азат ақыл, адал көңіл,
Үшеуімен болады бақытты өмір.
Әйтеке би.
Дені сау бала – әр отбасының қуанышы, бақыты. Денсаулығы мықты бала – халқымыздың болашағы, Отанның сенімді тірегі.
- Сергіту. «Қара жорға» биі.
- Дәптермен жұмыс. Мақал-мәтелдер.
- Бірінші байлық – денсаулық
- Алдын алу – ауруды жеңу
- Емнің алды – еңбек
- Шынықсаң – шымыр боласың.
- Жыр шумақ.
Денсаулық, ол – күлуің,
Көңіл-күйің жадырай.
Денсаулық, ол – жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.
Спорт – көркі өмірдің,
Спорт – достық, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып өсіп толарсың.
Денсаулық – бар байлығың басыңдағы,
Жайнаған өміріңнің жасыл бағы.
Қастерлеп, мәпелесең аяласаң,
Ойыңнан кетпес қуат асыңдағы.
Денсаулық қашаннан да алтынға тең,
Болады болашағың жарқын да кең.
Денсаулық – ол шыныққан,
Барлық денең мүшесі.
Денсаулық, ол – шыныққан,
Жүйке, тамыр жүйесі.
- Ой толғаныс. Адам бұл өмірде мәңгілік емес, сол берілген аз ғұмырды дұрыс пайдалана білмесең, ғұмырың текке өтті дей бер. «Денсаулық – зор байлық» — деп атамыз қазақ бекер айтпаған болар. Әр адамның өмірінде денсаулықтың орны бөлек.
Шопенгауердің «Дені сау кедей – ауру корольден бақытты» деген қанатты сөзі орынды айтылған.
Адам денсаулығы – өмір тіршілігінің бірінші шарты болып табылады. Үкіметіміз денсаулық сақтау ісіне адамдарымыздың дені сау, денсаулығы күшті болуына үнемі қамқорлық жасап отыр. Денің сау болса сен де, жан-жағыңдағы адамдар да бақытты.
Спортпен айналыс
Сұлулық сыйлаған.
Сол саған пайдалы іс
Сауық пен кинодан.
Сиқырлы «Денсаулық» ағашы.
Оқушылар өз аттарын жапыраққа жазып, арман-тілектеріміз орындалсын деп іштей тілеп, ағаш сабағына жапсырады. Осы денсаулық ағашы біздің арман-тілектерімізді орындайды деген сенімдеміз. Балалардың ішкі жан-дүниесінде денсаулығым жақсы болады деген сезім пайда болады.