Home » Ашық сабақтар » Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя!

Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя!

Ахметова Ақтолқын Мендіғалиқызы
Батыс Қазақстан облысы
Орал қаласы
Облыстық көру қабілеті бұзылған
балаларға арналған арнаулымектеп – интернатының ұзартырған күн тобының тәрбиешісі

Мақсаты: Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, бақытты жанұяның моделін дайындау.

Міндеттері: Отбасы Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, оқушылардың бақытты жанұяға деген қызығушылығын арттыру. Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Оқушыларда ата-анаға деген құрмет артады; Сыйластық пен адамгершілік қасиеттері артады; Отбасы қарым-қатынасы жақсарады, жанашырлыққа тәрбиеленеді; Бойларында мақтаныш сезімі артып, бауырмалдыққа үйренеді; Кіші Отаны ғана емес, еліне, жеріне деген жауапкершілік сезімдері молаяды.

Ресімдеу. «Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя», Шаттық шеңбері                                      (оқушылар  өзара танысады)  Сұрақ-жауап, «Адамгершілік» видеоролигі  «Отбасылық құндылық ағашы»  «Ата-ананың үміті» (қорытынды)

Музыкалық және көркемдеу бейне, «Адамгершілік» видеоролигі, «Мен отбасыммен мақтанамын» (презентация), «Сызат» видеоролигі, «Көңіл-күй айнасы» видеоролик.

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары: Компьютерде слайд, шарлар, презентациялар, жүрекше.

Үлестірмелі материалдар, А3 парақтары, маркерлер,

Эпиграфтар: Отбасы — адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы – ата-анасы. Халық даналығы

Тақырыпқа сай мақал-мәтелдер: «Отан – отбасынан басталады», «Отбасы– шағын мемлекет», «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер»,«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер»,«Әке — асқар тау болса, ана — бауырындағы бұлақ, ал бала — жағасындағы құрақ», «Әкеден артық арман жоқ, әкеден артық қорған жоқ, әкеден артық дана жоқ, әкеден артық пана жоқ».

Тәрбиешінің әрекеті: Оқушының әрекеті:

  1. Амандасу

Оқушыларды ортаға шақырып, шаттық шеңберінде таныстыру

Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс – тіршілік әкеледі.

Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі, жан-жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасы ата мен баланың, келін мен ененің және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым — қатынасынан құрылады.

Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық, адамгершілік қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек. Оқушылар біздер қазіргі таңда осы сыныпта кішігірім отбасымыз, осы отбасының бақытты екендігін білдіру мақсатында шаттық шеңберін құрып, бір – бірімізді жылы лебізбен таныстырып өтейік. Оқушылар қолындағы жүректі бір-біріне атының бас әрпінен басталатын жылы сөздермен атап жалғастырады (ата-аналар мен оқушылар өздерін таныстырады)

  1. Отбасының қоғам мен мемлекет тіпті, күллі адамзат алдындағы орны тым бөлек. «Отан –от басынан басталады», «Отбасы– шағын мемлекет» деген сөздер де бекер айтылмаса керек. Сонымен сіздерге сұрақ: Сіздің үйде отбасы мүшелерінің орны қандай, соларға лайықты көңіл аударып жүрміз бе? (сұрақ –жауап). Оқушылар тыңдайды.
  2. Енді мына бейнежазбаны көрейік. Бейнеролик: «Адамгершілік».

«Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дегендей, отбасында ұлдар әкелері немесе аталарының бойындағы қасиет пен өнерін үйреніп өскен. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейтін қазақ қыз балаларының тәрбиесіне аса үлкен назар аударды. Оқушылар мен ата-аналар тыңдайды (5 минут). Ойларын айтады.

  1. «Мен өз отбасыммен мақтанамын». Отбасы — адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы — ата — анасы. Бұлар балаға отбасылық өмірдің қыры мен сырын, тылсым дүниенің жұмбақтарын танытып, жағымды қасиеттерге баулиды. Қазір әр оқушы өз отбасы туралы таныстырады.
  2. Сергіту сәті Көңіл-күйді қалыптастыратын аудиожазбаны тыңдау
  3. Шығармашылық жұмыс «Отбасылық құндылық ағашы».

Нұсқау: Үлкен ағаштың суреті ілінеді. Бұл сіздің отбасылық құндылық ағашыңыз. Алдын-ала дайындалған отбасылық құндылықтар жазылған карточкалар таратылып беріледі. Оларды ағаштың тамырына, діңіне, бұтақтарына орналастыру керек. Тамыры сіздің ең негізгі отбасылық құндылық болып есептеледі, ағаштың діңіне орташа құндылықтарды, ал бұтақтарына отбасыңызға маңызды бірақ, қатты қолданбайтын, көп көңіл аудармайтын құндылықтарды орналастыру керек. Ата-ана мен бала көрсетілген құндылықтардың ішінен отбасының ережесіне сай орналастырады.

  1. Қорытындылау. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя — жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болу үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса осы жерде айтып кетулеріңізге болады. «Тілек шамы» жаттығуы бойынша бір-біріне тілек айтып, ойларын қорытындылайды.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.