Қуанышева Алтынгуль Кадимовна
Батыс Қазақстан облысы
Орал қаласы
Облыстық көру қабілеті бұзылған
балаларға арналған арнаулы
мектеп-интернатының
география-биология пәндерінің мұғалімі
Білімді ұстаз шәкірттеріне дайын күйінде беретін болса, оның бұл ісінен мардымды нәрсе шығар ма екен?
Халқымыздың «Тісі шыққан балаға шайнап берген ас болмас» деген аталы ұғымы ойландырады.
— сабақ мақсаты нақты болуы шарт, ақпараттық технологияларды тиімді қолдану;
— топтық жұмыс, жұптық жұмыс, оқушы тәжірибесі, жеке жұмыс, мұғалімнің көмегі;
— ойлау, ой бөлісу, есте сақтау.
Менің оқытудағы басты мақсатым — спиральді оқытуда сабақ құрылымын тиімді қолдана отырып, оқушы алған білімін теориямен практикада және қолданбалы салаларда пайдалануға мүмкіндік ашу.
Нәтижесі: әр оқушының сабаққа қызығушылығы артады, олар өздерін зерттеушілер мен ізденушілер ретінде сезініп, жаңа материалдарды іздеумен қатар даму көкжиегі кеңейеді.
- Географияны оқытуда сабақтастықтың маңызы:
- Сабақтастыққа негізделген сабақ құрылымында проблемалық жағдайлардың жаңа тәсілін іздестіруге және ойлау әрекетін белсендіруге;
- Білімді және мәнді және саналы түрде қабылдауға;
- Оқушыға бір мезгілде әрекетті орындауда мақсаттан нәтижеге дейінгі барлық процесіне бақылау жасауға;
- Білім берушілік, дамытушылық және танымдық мақсатын жүзеге асыруға;
- Сабақтың ақпараттық сыйымдылығын арттыруға;
- Олардың алған білімдерін өмірде қолдана білулеріне көмектеседі.
Мақсатқа жету жолындағы менің әрекеттерім: Оқушының оқу жетістіктері жоғары болу үшін, оның алдыңғы білім қорлары ескерілуі керек. Себебі, негізінде біз оқушының ой-өрісімен, оқу-әрекетімен санаспай жаңа сабақ бастап кетеміз, сол кезде класстан «апай, біз оны білеміз ауаның құрамында оттегі, азот, газ т.б. кездеседі»: — бұны біз 5-сыныпта өттік деген оқушыларының дауыстары мені қатты ойландырды. Жаңа әдістерді, тәсілдерді іздену кезеңі басталды. Ізденіс кезінде кілт тапқандай болдым. Бұл мені қызықтыра отырып, өз пәнімнің өту барысында көптеген өзгерістер енгізді. Сабақтың мазмұнына байланысты қолданған стратегияларының өзі сабақтастыққа жетелей түсті.
Сіз 5-сыныпта жердің құрылысын жарты алмаға ұқсайды деп айтып едіңіз ғой, суретін салып берейін бе? — деді.
«Ядро – алманың дәні сияқты дедіңіз. Мантия – алманың жейтін ақ жері. Алманың сары, қызыл, жасыл қабығы — ол жер қыртысы дедіңіз» деп суретін тақтаға салып берді. Оқушының бұл әрекетіне риза бола отырып, менің жаңа технология элементтерін іздестіру, қолдану әрекетім нығая түсті.
Оқушылардың іс-әрекетінің басым көпшілігі репродуктивті (өнімсіз) байланыссыз түрде іске асып жатады. Бұл не? Қандай? Қайда? Неге назар аудару керек? Нені зерттеу керек? деген сияқты сауалдар туындайды. Мұғалім кейде оқушы орындайтын іс-әрекетті орындайды да, баланың ойлау қабілетіне алдыңғы сыныпта алған білімін жүзеге асыруға мүмкіндік туғызбай жатады. Сын тұрғысынан ойлау сабақтары әрбір оқушының өздігінен білім ала білуін, алдыңғы класта алған білім қорын орынды пайдалана алуға жетелейтіне көзім жеткендей болды.
Қазіргі кезде озық ойлы ұстаздар «Шәкірттерді нендей нәрсеге және қалай үйрету керек?» яғни оқыту мазмұны мен әдістеменің қандай болуы шарт деген сұрақтарға жауап іздестіруде. Білім дегеніміз ойда сақталған мәлімет емес екендігіне баршаның көзі жеткен сияқты.
Оқушы қандай да болмасын ақпаратты өздігінен игеріп, өзі жарата алатын және алдыңғы білім қорын пайдалана білуі;
Сол пәннен портфель жиналуы;
Салыстыру, анализдеу, өз ойын ашық айта білуі;
Ақпарат көздерін тиімді пайдалана алу;
Топпен жұмыстану арқылы, бірін-бірі тыңдауға, сыйлауға дағдылану;
Табандылық пен жалғастыра алушылық;
Интенсивті еңбекке, ұзақ бір нәрсеге ынта қоя алу, үлкен қосымша жұмыстарға әзір болу;
Оқушылардың білім көрсеткіштері, тәрбиелегінің деңгейі жоғарылайтынын байқадым.
Түйін. Сабақтастық дұрыс жолға қойылса; мектеппен жоғары оқу орындары арасында да байланысты бекітіп, оқушының болашаққа мамандық таңдауына да оңтайлы әсер береді.