Home » Ашық сабақтар » Жасымызға сай киіну мәдениетін сақтаймыз ба?

Жасымызға сай киіну мәдениетін сақтаймыз ба?

Тлепова Назгүл Бақтыгерейқызы
Орал қаласындағы облыстық көру
 қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатының
интернат тәрбиешісі

Тәрбие бағыты: көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие.

Мақсаты: жалпы жасөспірімдердің киім кию мәдениеті, сән үлгілері, стиль, имидж ұғымдары мен оны қалыптастыру, т.б. туралы түсінік беру.

Өткізу әдісі: сұрақ-жауап, топтық жұмыс, пікір алмасу.

Өтетін тобы: 7-12 сынып қыздары.

Өту барысы:

Қыздармен амандасамын. Ортаға шақырып шеңбер құрамыз. Өздерінің ең жақсы көретін бір киімін атап, бір-біріне доп лақтыру арқылы өз қалауын білдіреді.

— Сәлеметсіздер ме, әсем де сүйкімді қыздарым! Міне, бір-біріміздің қандай киімді ұнататыныңызды білдік. Ендеше, бүгінгі қыздар клубы кездесуінің тақырыбы не деп ойлайсыздар? (қыздардың жауаптары тыңдалады)

— Дұрыс айтасыңдар! Бүгінгі күніміз киім кию мәдениетіне арналады. Қазір, алдарыңызға түрлі сөздер тастаймын. Сол сөздердің не мағына беретінін білгендеріңізше айтып өтсеңіздер.

Гардероб;    стиль;     комплект;      имидж;     аксессуар;  ансамбль; дизайн.

Қыздардың ойы тыңдалып болған соң, бұл сөздерге түсінік беріледі.

Гардероб – киім жинауға, сақтауға арналған орын (фр. Garder — «сақтау», фр. Robe — «көйлек, киім»).

Стиль — мәнер, сипат, ерекшелік. сонымен қатар, сол дәуірдің мәдениетін, сұлулық туралы түсінігін білдіреді (грекше «балауызға өрнек түсіретін үшкір таяқша»). Стиль 4 түрге бөлінеді: классикалық, спорттық, романтикалық, фольклорлық не этникалық.

Комплект — жиынтық деген мағына береді.

Имидж – сурет, яғни бұл тұлғаның визуалды тартымдылығы, өзін-өзі таныстыру, адамның өз бейнесін өзгелер үшін құрастыру.

Аксессуар – керек-жарақтардың жиынтығы, қызығушылықтан жиналған заттардың жиынтығы (фр. accessoire  лат. accessorius — «толықтырушы»).

Ансамбль – үйлесімділік, тұтастық, бір нәрсені сипаттағандағы тұтастық (фр. ensemble —жиынтық, жарасымды тұтастық). Мысалы, бірнеше бөліктерден тұратын киім жиынтығы.

Дизайн — «design»ағылшын тілінен аударғанда жобалау, сызу, ойлап табу.

-Міне, жаңағы аталған сөздер сән әлемінде осындай мағыналар береді екен. Киім дененің айналадағы ортаға желді, аязды болып келетін аңызақ даладағы тіршілікке бейімделген бөлігі болып табылады. Оның қарапайымдылығы, үйлесімділігі, жүріп-тұруға қолайлылығы әуел баста адамның тәнін жауып, мағынасыз және ойдан шығарылған ғаламаттардан, ал кейіннен денені ыстық-суықтан, қуаң желден, әсіресе мал айналасында болатын маса-шыбыннан қорғауға қажет болғандығын аңғартады.

Киім кию адамның сыртқы дүниесіне ғана байланысты мәселе емес екені ертеден мәлім. Адамның киген киімі оның ішкі дүниесінен хабар беріп тұратыны анық. Есі түзу адамның тойға киетінін қойға, қойға киетінін тойға кимейтіні де бесенеден белгілі. «Адам көркі шүберек», «Киіміне қарап қарсы алады, ақылына қарап шығарып салады» деген мақалдар да біраз жайдан хабар бергендей.

Дүниеде әр халық пен қауымды басқа халықтардан ерекшелеп тұратын нәрселері тілі мен дінін айтпағанда: салт-дәстүрі, ішер асы мен киер киімдері сияқты нәрселер. Бүгінде жастарымыз, батыстануға «бүйректері» бұрылып жүр. Жаһанданудың жеткізген тағы бір «жетістігі» — жастарды жалаңаштануға жетелеп желіктіріп жүр. Сондықтан америкаланған, жаһанданған жастар мейлінше ойын да, бойын да ашық көрсетуді ерлік санайтын сияқты. Осының кесірінен жылдан жылға жалаңаштанудың жаңа үлгілері «жетіле» түсуде. Қыздарымыз кіндігін ашып қана қоймай, кіндігіне жылтыратып сырға тағып қоятын болды, жеңіл жүрістілер ғана киетін киімдер әр үйдегі қыз-келіншектердің күнделікті көшеге киетін киіміне айналып, үйреншікті болып бара жатқаны үркітеді. Киімнің негізгі міндеті аты айтып тұрғандай адамды киіндіруі тиіс болса керек. Сондықтан, киім кию мәдениетін сақтауымыз әрбіріміздің міндетіміз. Киім кию барысында сән мен талғам ұғымы қатар жүреді. Өйткені, сән киім кию мәдениетін қалыптастырып, үлгісін ұсынса, талғам адамның өз-өзіне шек қоя білуіне көмектеседі. Яғни, нені, қашан, қайда кию керектігін білу, өзінің сырт келбетіне көзқарасы, өзін-өзі ұстай білуі. Жалпы тұрмыстық киім бірнеше түрге бөлінеді: күнделікті, салтанаттық, үйге киетін, жұмыстық, ұлттық киім.

Алдарына түрлі киім үлгілерін таратамын, тұрмыстық киімнің қайсысына жататынын ажыратулары керек.

-Қазір QR кодтағы суреттер арқылы 3 топқа бөліне қойыңыздар (заманауи киім,   мектеп формасы,   ұлттық киім). 3 топтың алдына түскен суреттегі бағыты бойынша суреттер беріледі. Түрлі әдіс-тәсілдер, яғни, «Сендіру пирамидасы», «FILA», «SWOT» әдістерін қолдану арқылы суреттегі киімдерге өз ойларын береді (тиімді\тиімсіз).

Заманауи киімдер

Мектеп формалары

Ұлттық киімдер

  • Суреттер бойынша біраз талқыладық. Өз ойларыңызды жақсы білдірдіңіздер.

Енді, сіздерге сұрақ-жауап айдарын өткізгім кеп тұр. Қазір бірнеше сұрақ қоямын. Соған қысылмай, еркін жауап берсеңіздер.

1) Киім аларда кімнің таңдауы басым болады (анаңыздың, өзіңіздің)?

2) Киімді көбіне қай стиль бойынша таңдайсыз (классикалық, спорттық, романтикалық, фольклорлық)?

3) Қазір саған ең қажетті, бірінші алатын киімің не?

4) Гардеробыңызда қандай түсті киім басым?

Түстер үйлесімділігі

Манекенмен жұмыс.

Қыздарға түрлі киімдер беремін. Соларды үйлестіріп, манекенді киіндірулері керек. Киім ансамбльін құрулары керек.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.