«Мектепке жол» акциясы
ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясын іске қосты, Балалар жылында бұл акция «Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» ұранымен өтіп жатыр. Акция 2022 жылғы 31 тамызға дейін, яғни жаңа оқу жылы басталғанға дейін жалғасады. «Акция аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қажетті көмек көрсету мақсатында өткізіліп отыр. Балаларды жаңа оқу жылына дайындауға кез келген адам көмектесе алады. «Мектепке жол» акция аясында «Каз Ферросталь»ЖШС бастауыш партия ұйымы №32 жалпы білім беретін мектепке балаларға арналған мектеп құрал жабдықтары мен кеңсе тауарларын табыстады
№32 ЖББМ ДТІЖО Бейщанова К.А.
Сатыбаева Н.К.