Home » Жаңалықтар » ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДӘСТҮРЛЕРІ: ИМИДЖ НЕМЕСЕ РАЦИОНАЛИЗМ БЕ?

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДӘСТҮРЛЕРІ: ИМИДЖ НЕМЕСЕ РАЦИОНАЛИЗМ БЕ?

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының ұйымдастыруымен «Арман-Отан-Мәңгі ел»  қазақ халқының дәстүрлері: имидж немесе рационализм бе? деген тақырыпта пікір-талас өтті. Пікір-таласқа «Foundation» факультетінің оқытушылары мен тыңдаушылары қатысты.

Ғасырлар қойнауынан келе жатқан ата-баба дәстүрі бүгінде ұмтылуға айналғаны рас. Қалалық жерлердегі өмір салты мүлде басқа екені белгілі. «Ақсарбас», Ерулік беру», «Көрімдік сұрау», аяққа жығылу» т.т дәстүрлеріміз теріскей өңірінде жоғалғаны қашан… Осы мәселе жайында «Саналы ұрпақ» қоғамдық қорының жетекшісі Салмурзин Сағындық ағамыз айтып, себебептерін түсіндірді. Расында 30 пайыздан аспайтын қазақтардың өмір сүру мекенінде қазақтың ұлттық салт-дәстүрінің имидж болып қалыптасуы ойлантатын жағдай екені сөзсіз. Дегенмен, «Foundation» факультетінің тыңдаушылары әлемнің әр мемлекетінен онлай эфирге шығып өз мемлекетінде тұратын қазақтардың үйлену салтына қатысты дәстүрлерді насихаттады. Айжан Төлеужан Монғалия қазақтарының үйлену салты туралы айтса, Ибраимова Зарима Өзбекстан қазақтарының үйлену салтын, Нұрбақыт Салтанат Қытай қазақтарының үйлену салтын таныстырды. Боранбай Әмина мен Чалабаева Тоғжан Қазақстанның әр өңіріндегі үйлену салтына қатысты дәстүрді дәріптеп, қазақ имидж бола алатынын дәлелдеді. Бұрыңғы жылдармен салыстырғанда соңғы жылдары Қазақстан халқы ысырапшылдыққа жол бермей, шағын дәстүрді дәріптеуге көшкенін айтты. Оған өзіндік себеп те жоқ емес. Жастардың ойталқысы, еркін ойын жеткізіп, халқымыздың бабалар мұрасын ұмытпайтын ұрпағы барын көрсетті.

Көкбасқызы Жазира
«BILIM AINASY»,
СҚО

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.