Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей өнегелі ұстаздардан дарынды шәкірт шығатыны сөзсіз. Әр шаңырақтың үміт күткен ұл-қыздары ұстаздардың білімдеріне жүгініп, сеніп келеді. Ел ертеңі болып табылатын ұландардың бойында білім мен өнерді, адамгершілік пен адалдықты, туралық пен шындылдықты, рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді сіңіріп, оларды тұлғалы азамат етіп қалыптастыруда ұстаздардың үлестері орасан зор. Баланың білімді болуы ұстаздан десек те, оқушылардың сабақ үлгерімін бір деңгейде ұстап тұру оңай емес. Баланың сабаққа деген ынтасын оята білу де өте маңызды. Осы жағынан Ақтөбе қаласында ашылған «125 High school» білім ордасының ерешелігін айтып өтпеске болмас.
Үш қабатты ғимараттың сәулеті жағынан сырты да іші де оқушылардың білімін жетілдіруге шақырады. Мектептің өзіндік артықшылығы басым. Біріншіден пән мұғалімдерінен өзге психолог пен кәсіби бағдар берушінің қатар жұмыс істеуінде болып отыр. Мектепте 338 балаға екі психолог бар, олар өте тәжірибелі мамандар. Мектеп психологы мен кәсіби бағдар беруші үнемі сабаққа қатысады. Олар баланың қабілетін, оның қандай бағытқа бейімділігін анықтау үшін арнайы тест алады. Пән мұғалімдері негізгі пәні мен қосымша сабақтарын өткізсе, ментор оқушының үй тапсырмасының орындалуын қадағалап, ата-анасымен байланыс орнатады. Психолог өз бағытында жұмыс жасайды. Кәсіби бағдар беруші әр оқушының қандай мамандықтарға оқуға түсуге болатынын, Қазақстанда қандай мамандыққа сұраныс бар екендігін көрсетіп, баламен кешенді түрде жұмыс жүргізеді».
Мектепте тақырыпты меңгеру үшін сабақтардың әр түрлі ортада өткізу тәжірибесі енгізілген. Мәселен, күн жылыса биология, тарих, математика, ағылшын тілі пәндері орталық саябақта және мектеп ауласында әртүрлі форматта өткізіледі. Себебі оқушының жаңа тақырыпты қабылдауы әр түрлі. Мінез ерекшелігі тағы бар. Сондықтан да баланың тұлғалық қалыптасуы үшін сергіту шаралары өте маңызды. Оқушының өз-өзіне деген сенімділігі жоғары болса, кез келген тығырықтан шыға біледі. Өзіндік пікірі бар, ойын ашық айта алатын, тұлғалық жағынан қалыптасқан азаматты тәрбиелеп шығару мектеп пен ата-ана арасындағы байланыс жоғары болса, өз нәтижесін береді. Осы тұрғыда «125 High school» мектебінің бағдары айқын.125 High school 10-11 сыныптарды шетелдік және қазақстандық жоғарғы оқу орындарына дайындап және түсіруге бағыттайтын жоғары мектеп.Алдымен тарихына көз жүгіртсек, алғаш 2011 жылы Тараз қаласында шағын 2 аудиториясы бар ғимаратта 38 оқушымен ашылған болатын. Мектеп негізін қалаушы, инвестор Есенов Әлібек Қамбарұлы 38 оқушыны 1 жыл бойы ҰБТ-ға дайындап жыл соңында 100% нәтиже көрсете алды. 2013 жылы 6 аудиториясы бар ғимаратты жалға алып, 250 оқушыдан 98% нәтиже көрсетті. 2015 жылы 16 аудиториясы бар 2 қабатты ғимаратты жалға алып 500 оқушыдан 98% нәтиже көрсетті. 2017 жылы Қазақстан бойынша 27 орталық ашылып, 8300 оқушының 95%-ы грантқа түсіп үздік нәтиже көрсетті. 2018 жылы 60 аудиториясы бар ғимаратта 9600 оқушы білім алып, 95% нәтиже көрсетті. 2019 жылы Тараз қаласында ресми түрде алғашқы мектеп ашылды. Жыл соңында 159 оқушының 155-і грант иегері атанып, мектебіміз 98% нәтиже көрсетті. Қазіргі таңда Қазақстан бойынша ресми түрде лицензиясы бар 14 мектеп, 4 курс орталықтарымыз бар. Соның ішінде Ақтөбе қаласындағы 125 High school 2021 жылы ашылып, 185 түлекті ұядан ұшырды. 185 оқушының 92-сі мемлекеттік грант иегері атанып, 6 оқушымыз арнайы грантқа ие болып, 27 оқуышымыз шетелдерге грантқа түсті. 185 түлектің ішінен ең жоғары балл – 136 балл жинаған Бағдат Нарқыз Нұрбақытқызы.
Бағдат Нарқыз Нұрбақытқызы- мектебіміздің 11«А» сыныбында оқыған оқушымыз. 2006 жылдың маусым айының 4ші жұлдызында дүниеге келген. Ақтөбе қаласында туып өскен, осыған дейін 4 рет мектеп ауыстырған. 125 high school Aqtobe мектебіне ең алғаш 69 балл мен келіп, нағыз ҰБТ-да 136 баллға дейін прогресс көрсетті. Нарқыздың көрсеткіші мектебімізге келген алғашқы айдан бастап өзгере бастаған болатын, яғни 69 баллдан 113 баллға дейін 1 айда көтерілді.
Осыған дейін ағылшын тілінен республикалық олимпиададан 2 орын, қалалық олимпиададан 1 орын иегері атанған.
«Кенгуру-математика для всех» халықаралық интеллектуалдық ойын-конкурсы 3 орын иегері.
Сонымен қоса химиядан қалалық олимпиадаған қатысып алғыс хат иеленген.
Нарқыз ҰБТ-да Ақтөбе облысы бойынша және де 125 HIGH SCHOOL мектептері арасында ең жоғары баллды қойды- 136 балл
Сонымен қатар, мектебіміздің 2 оқушысы – Ағыбаева Асылзат пен Жолдыбай Аянат Малайзияның Селангор қаласындағы «Xiamen University Malaysia» университетіне 5 жыл білім грантын жеңіп алды.
2022 жылдың 30 қараша күні «Ақтөбе- Дарын» ғылыми- практикалық орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар сайысының облыстық кезеңі болып өтті. «125 AKTOBE» мектебі бойынша екі жұмыс сараптамадан өтіп, байқаудың нәтижесінде «Әлемнің ғарыштық ішектер желісін компьютерлік модельдеу» тақырыбымен Бердіғалиева Зарина – ІІ орын, «Керр Ньюмен қара құрдымының пайда болуына түрткі болатын нейтронды жұлдыздардың әрекеттестігін модельдеу» тақырыбындағы жұмыспен Тулеуов Нұрталап пен Назаров Әділжан – ІІ орынға ие болды. Жетекшісі: физика пәні мұғалімі Габдолова Гүлназ Ерболатовна.
Сонымен қатар мектебімізде волонтерлік клуб пен «Алаш орда» дебат клубымыз, әртүрлі аспаптарда ойнай алатын оркестр және видео түсіру, монтаждаумен айналысып, қызықты рубрикаларды жүргізетін медиа клубымыз бар. Волонтерлік клуб ай сайын қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырып, мұқтаж жандарға, балалар үйіне қол ұшын созады.
«Алаш орда» дебат клубы 2022 жылдың 3-4 жетоқсан күндері Қостанай қаласында өткен «Жастар кубогі – 2022» атты республикалық турнирда жүлделі 3-ші орынды иеленіп келді. Одан бөлек облыстық және аймақтық пікірсайыс турнирларына барып тәжірибе алмасып, жүлделі орындарды иеленіп жүр. Біз оқушыларымызбен мақтанамыз!
Мектеп мұғалімдері де өте тәжірибелі, өз ісінің білікті мамандары. 2022 жылдың 3-4 желтоқсан күндері Алматы қаласында жыл сайынғы өткізілетін математика, физика және информатика мұғалімдерінің IX Халықаралық шығармашылық байқауы өтті. Аталмыш байқауға мектебіміздің математика пәнінің мұғалімі Бертайыз Нұрлыхан Сәкенұлы қатысып, жүлделі 3-ші орынға ие болды. Одан бөлек 2022 жылдың 2 қараша күні мектебіміздің физика, математика, биология, химия пәндерінің мұғалімдерімен бірге Хромтау аудандық «Дөң мектеп-гимназиясына» барып «Нәтижеге бағытталған білім – заман талабы» атты мұғалімдердің біліктілігін арттыру мақсатында облыстық семинар ұйымдастырылды.
«Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін – білім» деп ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезов айтқандай елімізді өркениетке апарар жолдың бастауында мектеп тұрады. Ақтөбе қаласындағы алдыңғы қатарлы мектептердің бірегейі саналатын «125 High school» мектеп ұжымының әлі де талай ауыз толтырып айтарлықтай келелі жұмыстар атқаратындығына сеніміміз мол.
«125 High school» мектебінің PR менеджері
Ермухамбетова Сандуғаш Нурасылқызы