Home » Ашық сабақтар » Математика еліне саяхат

Математика еліне саяхат

Астана қаласы
№72 “Жанарым”балабақшасы
ІІ санатты
тәрбиеші
Миямова  Гулдана  Нурлыбаевна

Білім беру саласы: Таным.

Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, Құрастыру (кіріктірілген оқу қызметі)

Тақырыбы: Математика еліне саяхат.

Мақсаты: 5 көлемінде сандық есептеуге үйрету. Сандарды тура және кері санау; балалардың тілін дамыту жұмыстарын жалғастыру. Іс — әрекет дағдыларын меңгеруге, ойлауға, ауызша қосып-алу  және геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын тиянақтау. Түстерді ажырату.  Қарым — қатынас, көмек көрсету, сыйластықты қалыптастыру. Балаларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Қажетті көрнекі құралдар:  әр түрлі пішіндер,үлестірмелі материялдар, алма  суреттері, Биік-аласа ағашттардың суреттері.

Әдіс- тәсілдер: сұрақ-жауап, тәжірибелік жұмыс.

 

Мотивациялық- қозғаушылық

Шаттық шеңбер:

Бүгінгі күніміз көңілді де қызықты өту үшін «дөңгеленіп тұрайық, шаттық шеңбер құрайық»

Қуан, шаттан алақай!

Қуанатын күн бүгін!

Күліп шықты күн бүгін!

Қайырлы таң! Қайырлы күн!

Жарайсыңдар балалар!

-Балалар қазір бізде жылдың қай мезгілі?

-Қазір бізде жылдың қыс мезгілі.

-Қыс мезгілінде неше ай бар, қандай айлар?

-Қыс мезгілінде үш ай бар желтоқсан, қаңтар, ақпан.

-Қыста қандай табиғат құбылыстары болады?

-Қыста қар жауады, күн суытады,  аяз болады.

-Қыста қандай киімдер киеміз?

-Қыста тоңбас үшін  қалың киімдер киеміз, мойын орағыш, қолымыз тоңбас үшін қалғап, басымызға қалпақ киеміз.

Балалар жарайсыңдар!

Сендер бәрің жақсы біледі екенсіңдер.

Балалар бүгін сендермен математика еліне саяхатқа барғым келіп тұр.

-Саяхатқа қандай көлікпен баруға болады?

-Саяхатқа ұшақпен, автобуспен, пойызбен баруға болады.

Балалар олай болса. Біз пойызбен барайық.

Балалар өлең шумағын қайталап, бірінің арқасына бірі тұрып паравоз болып жүреді.

Қатар-қатар тұрайық

Кәне, кәне сұрайық

Кімнің болса бойы ұзын

Паравозы пойыздың

Ең ұзын бала паравоз болып алдында тұрады. Ал қалғандары сол баланың артынан ұстап тұра бастайды.

Ал, паравоз баста алға

Бәрімізді басқарда.

Піш-піш-піш!-біз кеттік

Жүрісті біз гулеттік

Гу-гу-гу-гуілдеп

Қалып қойма біріңде.

Жарайсыңдар балалар біз бірінші бекетке келіп жеттік. Балалар бұл бекетте бізге арналған тапсырмалар бар екен. Қанекей осы тапсырмаларды орындайық.

1- тапсырма:

 1 — ден 5 — ке дейін тура санау.

-Балалар есімізге түсірейікші сандарды тура  санағанда қалай санаймыз?

-Сандарды санағанда солдан оңға қарай санаймыз.

Дұрыс айтасыңдар балалар!

-Балалар сандарды ретімен кім санап береді?

-1 2 3 4 5 .

2- тапсырма: 5 — тен 1 — ге дейін кері санау.

-Балалар  енді 5тен 1-ге дейін кері кім  санап береді?

-5 4 3 2 1.

-Балалар қараңдаршы мына суретте нелер бейнеленген?

-Суретте алмалар бейнеленген.

— Балалар суретте неше  қызыл алма бар?

-Суретте 3 қызыл алма бар.

-Жасыл алма ше?

-2 жасыл алма бар.

-Балалар 3 қызыл алмаға, екі жасыл алманы қосқанда неше алма болады?

-Барлығы 5 алма болады.

Балалар қараңдаршы!

Көк шалғында тауық балапандарымен жайылып жүр екен.

Балалар кәнекей қанша балапаны бар екен санап көрейікші.

-1 2 3 4 балапаны бар

-Балаландардың түсі қандай?

-Балапандарының түсі сары түсті.

-4 балапан мен 1тауықты қосқанда барлығы қанша болды?

-Барлығы 5-еу болды.

Жарайсыңдар балалар!!!

2-бекетке жол жүрейік.

Балалар біз екінші бекетке келіп жеттік. Мұнда бізде мына ерекше сандықша бар екен. Осы сандықшаның ішінде бізге арналған тапсырмалар бар екен. Кәнекей мен сендерге сандықшаны ашып көрсетейін. Сандықшаның ішінде седерге арналған тапсырма бар екен.

Балалар мұқият тыңдайды.

1-тапсырма:  Көлем.
Көлемді сипаттап айта білу үшін мына тапсырманы орындаңдар дейді.

Балалар бұл тапсырманы орындау үшін бізге мына ағаштар бейнеленген сурет беріліпті.

-Балалар мына суретте нелер бейнеленген?

-Ағаштар бейнеленген.

-Қандай ағаштар?

-Суретте бірінші алма ағашы, екінші ақ қайың ағашы, үшінші шие ағашы.

-Бірінші ағаш қандай ағаш?

-Бірінші ағаш алма ағашы.

-Алма ағашы қандай?

-Алма ағашы биік, жуан, үлкен.

-Қанша алма ағашы бар?

-1алма ағашы бар.

-Алма ағашында қанша алма бар?

-Алма ағашында 3 алма бар.

-Екінші ағаш қандай ағаш?

-Екінші ағаш ақ қайың ағашы.

-Аққайың ағашы қандай?

-Ақ қайың ағашы жеңішке.

-Үшінші ағаш қандай ағаш?

-Үшінші ағаш шие ағашы.

— Шие ағашы алма ағашына қарағанда қандай?

-Шие ағашы кішкентай, аласа.

-Қанша шие ағашы бар?

-Бір шие ағашы бар

-Балалар осы ағаштардың бәрін қосқанда қанша ағаш болды?

-Барлығы 3 ағаш болды.

Жарайсыңдар балалар!!!

Балалар енді біз пойызбен балабақшаға барайық. Балалар біз балабақшаға келіп жеттік енді орнымызға отырып мына қағаздағы тапсырмаларды орындайық.

1-тапсырма:

Адасқан сандарды ретімен ораластыру .Жеке жұмыс.

Балалар енді алдымыздағы жолақшадағы орналасқан  сандарға  мұқият қарайықшы.Жолақшадағы сандар қалай қойылған, дұрыс ретімен қойылған ба?

-Жоқ, ретімен қойылмаған.

Жолақшадағы адасқан сандарды ретімен орналастырып, сандарды ретімен санайды.

Жолақшадағы сандар адасқан сандар оларды ретімен орналастырамыз.

-Балалар кәнекей ретімен салған сандарды кім санайды?

Дұрыс айтасыңдар балалар.

2-тапсырма: Геометриялық пішіндер.

Балалар алдымызда пішіндер бар, осы пішіндерден не жасауға болады?

Осы геометриялық пішіндерді атап үйшік құрастырамыз.

Балалар үйшіктің үлгісін көрсетуге кім көмектеседі?

Сонымен балалар біздің  үйшігіміз құралды ма?

Балалар пішіндерді атап үйшік құрастырады.

Балалар біртіндіеп шығып пішіндерді атап үйшіктің үлгісін құрайды

Логикалық сұрақтар.

-Балалар бір қоянның қанша құйрығы бар?

-Бір қоянның 1құйрығы бар.

-Бір мысықтың қанша құлағы бар?

-Бір мысықтың 2 құлағы бар.

-Екі түлкінің қанша құлағы бар?

-Екі түлкінің 4 құлағы бар.

-Бір сиырдың қанша аяғы бар?

-Бір сиырдың 4 аяғы бар.

Жарайсыңдар балалар! Сендер бүгінгі оқу қызметіне белсене қатыстыңдар.

Рефлексиялық -түзетушілік

Оқу қызметін қортындылау.

-Балалар бүгін біз қайда бардық?

-Математика еліне немен бардық?

-Математика елінде қандай тапсырмалар орындадық?

-Математика еліне саяхатқа бардық.

Математика еліне пойызбен бардық.

-1ден 5 ке дейін тура және кері санадық, геометриялық пішіндерден үйшік құрастырдық.тапсырмаларды орындадық

Күтілетін нәтижелер:

біледі: сан құрамын, 5 көлеміндегі сандарды ретімен және кері санауды, пішіндерден үйшік құрастыруды;

игереді: сандық және реттік санауды айыра білуді, цифрды заттың санымен сәйкестендіруді, жолақшамен жұмыс жасауды;

меңгереді: 1-ден 5-ке дейінгі сандар туралы, заттың орналасуы жөнінде түсінікті 5 заттың арасындағы сәйкестікті қоюды, математикалық ұғымды;

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.