Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
1-курс студенті
Умурзаков Нұрдәулет Қазыбекұлы
ғылыми жетекші:
Турсынкулова Динара Ахановна
з.ғ.к., доцент
Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті – жастардың болашаққа аттаған алғашқы қадамы. Кемел келешегінің алтын қақпасы. Бұл университеттің табалдырығын аттап басқан әрбір студент биікке самғап кетері анық.
Мен бала кезден заңгер болуды армандадым. Сол арманның жетегіне еріп, Орта Азияның ең бірінші университетінің заң факультетіне оқуға түстім. Қазіргі таңда қара шаңырағымыздың аты әлемге танымал. Танымал тау тұлғаларды білім нәрімен сусындатқан білім ордасы. Талай жанды тамсандырған ҚазҰУ-дың «қалашық» аталуында үлкен мән бар. Себебі тынымсыз тіршілік қайнаған қалашықтың ішінде студенттер үшін барлық жағдай жасалынған. Кіре берістегі шыршалар мен раушан гүлдері, жайқалған биік ағаштарының жанында жаңғақ теріп жүрген тиындары, әсем, биік таулары қалашықтың көркін толықтырып тұрғандай. Қалашықта орналасқан «Ө.Д.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы» өскелең жастарымыздың өнерінің өрлеуіне ықпал етсе, ал спорт жағынан жүзу бассейні, теннис залы, тіпті интернет орталығы мен ең үлкен кітапхана да осында орналасқан. Студенттерге қызмет көрсету орталығының ішінде медицина орталығы, жақында ашылған дүкендер желісі «Магнум» бар. Бір сөзбен айтқанда қажеттіліктің барлығын табуға болады.
Заң факультетінде білім алып жүргендіктен, адами құндылықты өте жақсы білемін. Дегенмен, «білгенім бір тоғыз, білмегенім тоқсан тоғыз» екенін түсіндім. Тәжірибелі, білікті, білімді алыс және жақын шетелдерден тағылымдамадан өткен мұғалімдерден дәріс алу мен үшін үлкен бақыт.
Жақында ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы өтті. Отан алдындағы азаматтық парызымды орындау мақсатында сайлауға қатысып, дауыс бердік.
«Жаңа Қазақстанның» жарқын болашағы үшін азаматтық борышымызды орындадық. Еліміздегі «заң» сөзі тек үш әріптен құралған жәй сөз емес, өзіндік күші бар, бір мемлекетті басқаратын құрал. Бұл қару емес, қорқытып, үркітетін. Ол – ақыл. Заңның алдында хан да, қарапайым халықта бір толқында, арнада. Сол себепті бабалар салған сара жолды сарылта жүріп, ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевпен бірге «Жаңа Қазақстанның» іргетасын бірге қалауға дайынбыз…