Менің жазбам біреуге 14 жасар қыздың үсіп қалғаны туралы көңілсіз оқиға болса, біріне түкке тұрмайтын уақытыңды алар маңызы жоқ әңгіме.Ендеше мұқият оқыңыз. Мән-жайды баяндайын. Қараша айының 16- сы күні әдеттегідей «Электрон» аялдамасының жанында орналасқан «Айсын радиожурналистика» мектебіне тәлім алуға баруға дайындалдым. Түскі асымды ішіп алып, үйден барынша қалың киініп, сағат 14:42- де шықтым. Аялдамаға келгенім мұң болды. № 45-ші автобусты сарыла күттім. Уақыт замырап өте берді. Ал автобус әлі жоқ. «Avtobys» желісінен қарауға интернетім жетпеді. Сағат 15:11 кеткенде аңсап күткен № 45-ші автобус, құдалар күткендей келді-ау ақыры.Жан-жағыма қарасам, бір тірі жан байқалмайды. Қыстың суығы өне бойымды тоңдырып барады. Үсік шалған қолдарым дірілдеп, ештемеге шамасы келмейді. Қолымдағы бар ақшам автобусқа ғана жететін 80 теңге. Маған қайтып кетуге болар еді, бірақ мектептің әр сабағын жібергім келмейді. Сол автобусқа отырып, әрең дегенде «Электрон» аялдамасына сағат 15:57 болғанда жеттім. Ал менің сабағым 15:30-да басталып кеткен. Ия, кеш шыққан өзімде де кінә бар шығар. Сабағымды аяқтап, 16:45-та қайтадан аялдамаға асықтым. Бейтаныс адамдардан жөн сұрып, автобустың әзір келе қоймайтындығын білдім. Қазір келетін шығар деген үмітпен күте бердім. Дегенмен «Сабыр түбі сары алтын» ғой . Уақыт өте 17:25 болды. Ал даланың аяздығы денемді тоңдырып барады. Үйге қайтатын автобусты тағы күтіп сарғайдым. Қалтафоныма қарасам пайдалануға келмейді, қуаты өте аз екен. Басқа автобустарға қарап, әттең біздің үйге қарай бағыт алатын автобус болса ғой шіркін деп армандап қоямын. №26-шы автобус көз алдымнан 4-рет зуылдап өтті. Аялдамада жалғыз мен және үскірт аяз. Менің ойымда тек автобустың көлеңкесін көрсем деген үміт сәулеленіп тұрды. Екі аяғым қозғалмастан тоңып қалды. Екі қолым екі қалтама тығылды. Беттірім үсіп, күртешеме қар жауып тұр. Автобусты сол беті көрмедім. Тістерім бір-біріне тиместен сықылдады. Үскірік аязға шыдамаған көз жастар аға бастады. Кенет жаныма бала- бақшадан шыққан кішкентай бүлдіршіндер келіп әр автобусты көріп, ата- анасынан «№45-ші автобус па ?» — деп сұрағанда кішкентай бүлдіршіндердің үсіп қалағанын сезіп, жүрегім ішіме тығылды.Біршама уақыттан соң, қасыма түрлі студенттер мен жасы үлкен қариялар жиналды. Кешкі сағат 17:40 болғанына көзім түсіп, әлі аялдамада тұрғаныма жыным келді. Қайтейін, шарасызбын. Тағы келер деген сенім жанып, өшпейді . Сағат 17:55 болғанда «жүйрік тұлпарым» келді. Ақ боз атты ханзада десем артық болмас, автобусты 1 сағат 15-минут күттім. Қазіргі жазып отырған жазбамды мен емес көзімнен аққан жас жазып отыр. Көкейімнен «Неге біз тәуелсіз елде тұрып автобусты соншама уақыт күтуміз керек?», «Ал сол уақытта біз оқушылар жылы үйіде, отбасының жанында сабақ оқуымыз керек емес пе?» — деген секілді сансыз жауабыдоқ сұрақтар келіп жатты.
Автобустағы лық толы адам, ине шаншар орын жоқ. Қыбырлаған сансыз адаммен сағат 18:30- да үйіме әлі жетпедім. Бұл недеген бассыздық? Тіпті жұмыста жүрген адамда үйіне жететін уақыт болды. Бұрынғы шуылдап жүретін автобусымыз қайда? 4 сағат аш құрсақпен қақаған аяздың суығында күрестім. Күнде жатар алдында ең болмағанда отырып күтетін жылы аялдама салып берсе екен деп тілек тілейтін болдым. Әрине, бұл менің ішімдегі от болып қайнаған реніштерім мен үсік шалған денемнің, жас аққан көздерімнің жан айқайы
Сегізбай Нұргүл Рүстемқызы
«Айсын» радиожурналистика мектебінің оқушысы