Достық деген ұғым әр адамда қалыптасқан. Адам бәрімен етене араласқанымен, ішінен өзінің табиғатына жақын адамды дос ретінде таңдап алады. «Дос» киелі ұғым. Ол адамды ренжітпей,сыйлау, бағалау керек. «100 теңгең болғанша, 100 досың болғаны артық» деген мақалдың мәні бар. Достықтың екі түрі болады. Оның бірі амал дос. Амал дос сені пайдаланып, кез-келген сәтте тастап кетеді. Ал саған қиын сәтте қамқорлық танытып, жақсылық жасаған адал достың сипатына тән қасиет. Адам баласының өмірге жақсы жетістікке жетуі, тұлға болып қалыптасуы ортасына, айналасында жүрген адамдарға байланысты. Сырт көзге ұнамды көрініп, іштей жаман ойлы болса оған еліктемеуге тырысу керек. «Жақсымен өткізген әр күнің жаманның өтіп кеткен ғұмырындай» — демекші достарыңмен өткізген күндер мереке. Досыңа қандай уәде берсең, сөзіңде тұрып, уәдені орындау керек. Нағыз достар үнемі саған қолдау білдіріп, қасыңнан табылады. Мейлі қай уақыт болсын болсын көмек көрсетеді. Нағыз дос деген әлеуметтік желіден жазу емес, керісінше келіп жағдайын сұрау , көңілін көтеру. Қазіргі заманның балаларының досы ұялы телефонға айналған. Күндіз-түні телефонға телміріп, онымен сөйлеседі, қажет болса ойнайды. Қазіргі заманда түрлі оқиғаларды көзбен көріп жүрміз. Интернет арқылы дос тауып жатқан адамдар да бар. Ондайға көп сене беруге болмайды. Алдамшы, уақытша болуы мүмкін.
Есенжолова Адина Бекжанқызы
«Айсын» радиожурналистика мектебінің оқушысы