Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен №5 «Ақбота» балабақшасында 2022 жылғы 28 сәуір күні
«Рухани адамгершілік құндылықтарды заманауи технологиялармен үйлестіру арқылы баланың даралығын дамыту» тақырыбында қалалық семинар өтті.
Мақсаты: қазіргі заманғы теорияларды рухани адамгершілік құндылықтармен үйлесімді ұштастыру негізінде баланы дамыту процесінің тұтастығын қамтамасыз ету;
Педагогтардың күнделікті жұмысында құндылықтар мәдениетін қалыптастыру.
Семинарға жиырмадан аса мектепке дейінгі ұйым меңгерушілері қатысты.
Семинарды «№5 Ақбота» балабақшасы меңгерушісі Жолбарысова Мөлдір Айтқалиқызы ашып, «Рухани адамгершілік құндылықтарды заманауи технологиялармен үйлестіру арқылы баланың даралығын дамыту» тақырыбында баяндама жасап, құндылықтарға негізделген білім берудің тұжырымдамасына тоқталды. Балабақшада атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.
«Саналы» мектепалды даярлық тобының тәрбиешілері Қ.А., Серкебаева, Ж.М.Абдикаримова «Step by Step» технологиясы негізінде «Менің Отаным Қазақстан» тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметін өткізді.
«Ұлағат» мектепалды даярлық тобының тәрбиешілері А.Т.Зұлқарнаева. Ж.К.Калова «Табиғат — біздің досымыз» тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметін «Step by Step» технологиясы негізінде көрсетті.
Қатысушылар балалардың ҰОҚ белсенділігін тіл байлықтарының жақсы дамығанын, педагогтардың шеберлігін жоғары бағалады. Тәрбиешілердің баланың өз тұлғалық мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін барлық жағдайды тудырып, баланың даралығын ашу, оның айқындалуына көмек бергенін, балаға тек жетекші рөлінде болғанын, бұл мектепке дейінгі білім мен тәрбиенің басты мақсаты екенін атап өтті.
Балабақша инновация әдіскері Каренеева Венера Ерболовна шығармашылық орталығында «Ой қозғау» алаңы тренингін көрсетті. Балабақша әдіскері Намазбаева Райгуль Турегалимовна «Зияткерлік академиясында» педагогтың кәсіби және эмоционалды күйзелісінің алдын алу туралы «Сұлулық әлемді құтқарады» тақырыбында шеберлік сынып өткізді.
Семинар шығармашылық орталығында қойылған «Мейірімділік мекені» тақырыбында заманауи дүниенің этникалық сабақтастығы туралы хореографтар қойған музыкалық мюзикл қойылымымен аяқталды.
Семинар соңында педагогтер кері байланыс беріп, өз пікірлерімен бөлісті.
Семинар жаңа форматта, жоғары деңгейде өтті.
Каренеева Венера Ерболовна,
балабақша инновация әдіскері