Мағзұмова Зияда Жұмабекқызы
учитель казахского языка и литературы
Сабақтың мақсаты: Семей ядролық полигонының қасіреті,зияны
Білімділік: Семей полигоны жабылуының жылдығы, Семей ядролық сынақ полигоны және оның халық денсаулығына тигізген әсері, сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері туралы түсінік ала отырып, пікір алмасып, ойларын ортаға салу.
Дамытушылық: Оқушылардың көпшілік ортада ашық, жүйелі сөйлей білу,ой-пікірін білдіре отырып, қосымша деректер мен құжаттарды пайдаланып,ізденушілікке, шығармашылық жұмысқа баулу;
Тәрбиелік: Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: диспут сабағы, пікір алмасу сабағы
Сабақтың әдісі: пресс-конференция , телебағдарлама «Астарлы ақиқат»
Сабақтың көрнекілігі: телебағдарлама «Астарлы ақиқат» заставкасы, Қазақстан Республикасының картасы;
Семей ядролық полигоны аумағы картасы, презентациялық слайдтар.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру.
Журналист: Қайырлы күн, құрметті телекөремендер. Бүгінгі мәселенің астарын ақтарып мән-жайын түсінеміз. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне биыл 30 жыл толып отыр. Тәулсіздік алу қарсаңында сынақ орталығы болған Семей ядролық полигоны жабылды.Семей ядролық полигоны еліміздің басына қасірет болып жабысқан отаршылдық саясаттың тағы бі р қылмысы. Ақырзаман аждаһасы атанған ядролық қаруды сынау тек бір халықтың басындағы қасірет емес, ол күллі тіршіліктің жауы.. Бұрынғы Семей атом полигонының ел мен жерге тигізген зардаптары туралы аз айтылып жүрген жоқ. Олай болса, осы тақырыптағы бағдарламамызды бастайық
Журналист: Студиямыздың кезекті қонағы тарихшы …….. сөз берейік
І. Ғалымдармен сұхбат кезеңі.
Тарихшы: Сәлеметсіздер ме! Құрметті қонақтар!
Семей ядролық полигонын ашу туралы Министрлер Кеңесі шешімі 1947 жылы 2 тамызда қабылдады.1948 жылдың шілде айында полигонға әскер бөлімдері мен құрылысшылар келе бастады. 1949 жылғы 29 тамызда т94гыш жарылыс болды. Жер денесіне қадалды, оны шарпып өтіп, аспанға көтерілген. Таяу жерлердегі сирек ауылдарда тұратын адамдар дір ете түскен жер мен жарты аспанды алып кеткен от-жалынға таңырқап, үйлерінен қарап тұрған. Жарылыстан кейін құстардың,жануарлардың өлі денесі табылған. Бұл қасірет 40 жылдан астам уақытқа созылды.Сынақтар қазіргі Абыралы мен Саржал маңайындағы Дегелең тауының қойнауында терең шахталарда жүргізілген. Полигонда жарылған 600-ден астам сынақтың 467 бомбасының зарядының күші тіпті белгісіз, құпия күйде. Экранға назар аударайық.
(«Жарылыс басталған күн» бейнефильм)
Журналист: Құрметті көрермендер студиямыздың келесі қонағы географ маманы.Сәлеметсіз бе, қош келдіңіз
Географ:Қайырлы күн! Мен Семей ядролык полигонын орналасқан жері туралы айтып беремін. (Слайд Семей облысының аймағы)
Семей ядролық полигоны аумағы 8.372 шаршы шақырым. Орналасқан жері – бұрынғы Семей және Павлодар, Қарағанды облыстарының түйіскен жері.Осы облыстардың кілең қазақтар тұратын шұрайлы жері атом тажалханасына айналып, жергілікті халық атамекенінен басқа аймақтарға күштеп көшірілді. Сынақ алдында Абай, Абыралы аудандары тұрғындары 200-250 шақырым аулаққа көшірілді. Шығын құны деп әркімге 50 сомнан(ол кезде 500 сом) ақша берді. Экранға назар аударайық.
Журналист: Студиямыздың келесі қонағы.Физика ғылымының доценті …………
Физик:1949-1953 жылдар аралығында жасалған сынақ Семей облсына көп зиян келтірді. Жетпісінші жылдарға дейін зарядтар салынған штольнялар мен скважиналардың түптері мен шығар ауыздары дұрыстап бетон қақпақтармен жабылмады. Соның салдарынан улы инертті газдар, ауыр металдар, басқа да радиациялық заттар жер бетіне жайылған. Мұны мамандардың өздері де жоққа шығармайды. Сынақ кезінде бөлініп шығар зиянды ауыр металл изотоптарының ең қауіптілері – «Стронций-90», «Плутоний-238», «Цезий-137» Мәселен, стронцийдің ұсақ микробөлшекке айналып, қоршаған ортаға зиянсыз күйге енуі үшін 56 жыл керек екен. Ал цезийге – 30, плутонийге – 2100 жыл қажет. Бір ғана жарылыс өткізуде осындай он мыңдаған изотоптар мен қосындылардың пайда болатынын ескерсек, барлық сынақтан кейінгі жеріміздің, ел-жұртымыздың денсаулығын ойлап көріңіз. («Семей полигоны жайлы білеміз бе?» бейнефильм)
Журналист: Төбе шашым тік,тұрып,мен өзім қара ойға батып кеттім? Неліктен,неге біздін жерімізде сынақтар жүргізілді? Мәселенің бәрін талқылаймыз да,шыңдыққа жетеміз.Студиямыздың келесі қонағы Химия ғылымының кандидаты ………
Химик: Полигонда алғашқы 14 жылда уран, сутегі және плутон бомбаларын жару ашық ауада және жер үстінде жүргізілді. Осы кезеңдерде қауіпсіздік шаралары қолданылмады.1987 жылы қуаты 20 килотоннадан 150 килотоннаға дейін жететін 18 жарылыс жасалды. 1989 жылы 12 ақпанда қуаты 90 килотонна жарылыс болды. Бұл жолғы радиоактивті газдар ағыны полигонға тікелей жақын жатқан аудандарды айтпағанның өзінде, Семей қаласында радиация мөлшері 450 микрорентгенге жетті.
Демограф: Семей полигонының ықпалы көш-қон мәселесіне де қатты әсер етті.1990 жылғы статистикалық мәлімет бойынша 32,4 мың адам Семей облысына сырттан келсе, 37,8 мың адам тұрғылықты жерден, яғни, Семей өңірінен басқа жаққа орын ауыстырған. Тек 1990 жылы ғана облыстан 18,9 мың адам сыртқа қоныс аударса,12,8 мың адам көшіп келген. .Қазақ – көнбіс те шыдамды халық. Әйтеуір, қу жанын шүберекке түйіп алып, атам заманнан бері мекен етіп келе жатқан ата жұртын тастап кетер емес. Оған әдейі істегендей Моңғолиядан келген қандастарымызды көшірдік. Олардың көпшілігі бір жылға әрең шыдап, ауруға шалдыға бастаған соң көшіп кетті. Тек туған жердің тұрғылықты момын жұрты ғана қозғалар емес.
Дәрігер: Полигон зардабы адамдардың екінші және үшінші ұрпақтарына ауыр әсерін тигізіп отыр. Полигонға жақын тұрғындар арасында жүрек-тамыр, онкология аурулары,лейкоз, орталық жүйке жүйесінің бұзылуы аурулары жиі кездеседі.Өлім көбейді. Біздегі радияцияға байланысты туындаған ауыруларға диагноз қоюға тиым салынды.1975-1985 жылдары онкологиялық аурудан қайтыс болған Семей облысының тұрғындары саны 7 есеге дейін өсті. Сәуле ауруына ұшыраған аймақтар: Абай,Абыралы (бұрынғы Семей облысы) және Егіндібұлақ, Қарқаралы аудандары (Қарағанды облысы).Бүгінгі күні полигон жабылып, ядролық сынақтар жасау тоқталғанымен жергілікті халықтың азап шегуі одан әрі жалғасуда.Психологиялық аурудың саны көбейді. Қатерлі ісіктің қатарына ақ қан ,сол сырқатпен 65-70 % балалар ауырды.
Журналист: Назарымызды бейнероликке аударайық. (сахналық көрініс)
Көрініс № 1
Әжей мен әйел (сөйлесіп тұр,әйел қолында шелек,әжейдің қолында таяқ)
Әйел: Есенсіз бе,әжей!?
Әжей: Шүкіршілік,қарағым! Өз үй-ішің аман ба? Жолдасының өлімі
2 қойылым зират басында
Әуен ойналады
Көрініс. (Айжан апа — Шаймерденова Рената, Қазыбек немересі — Есимхан )
Автор: Айжан апа немересі Қазыбекті ертіп ауыл шетіндегі молалы төбеге келді.
Саман кірпіштен қаланған төрт құлақты бейіттің қабырғасына сүйеніп тұрып, ол ауыр күрсінді.
Айжан апа: — О, құдай, не жазып едім?! Көрсетерің көп екен ғой әлі.
Автор: Әжей іштей күбірлеп ұзақ отырды. Қазыбек оның не деп отырғанын естіген де, түсінген де жоқ. Енді бірде әжесі екі алақанын жайып, дауысын қаттырақ шығарып, құдайға жалбарынған тілектерін айтып бет сипады.
Айжан апа: — Ұлым, ұмытып қалып жүрме. Белгілеп, есіне сақтап ал. Мына жатқан сенің атаң Нысанбайдың қабірі. Ана жерде ұлы бабаң Жанау батыр жатыр. Атаң өлгенде сен не бар – жоғы екі – ақ жаста болатынсың. Марқұм қайсар адам еді. Өмірінің жартысы большевиктердің абақтысында өтсе де, жауға жүнін қомпайтып, мойынсынбай өмірден өтті. Сенің қандай адам боларыңды кім білсін?…
Қазыбек немересі: — Мен де Жанай атамдай батыр боламын.
Айжан апа: — Е, құлыным – ай! Батырлардың заманы өткелі қашшан. Енді қайтып оралмайсыңдар, ата жұрттан мәңгіге қуып жатқан өкіметке қай батыр не істей алады.
Автор: Кемпір бейітті құшақтап, ұзақ жылады. Осы кезде өзге молаларға да ауылдан қаптап адамдар келе бастады. Әркім өз аруақтары жатқан бейіттермен қоштасуда. Бейіт басы күңіреніп кетті.
Дәрігер: Радиациялық сәуле алу кесірінен бір қолы, бір аяғы жоқ, не аяқ-қолы істемейтін, не саңырау, мылқау болып туған кемтар балалар Саржалда, Қайнарда әлі де жиі кездеседі. Экранға назар аударайық. (слайдтар)
Эколог:«Полигонның табиғатқа, тіршілікке әсері төмендеуі үшін әлі кемінде үш ғасырдай уақыт керек» дейді ғалымдар. Ядролық полигон зардаптарына 1,5 млн. тұрғын ұшыраған.Радионуклеидтер жерасты суларымен полигон маңындағы өзендер мен бұлақтарға құйылып, қоршаған ортаға зиян әкелуде. Мысалы, Шаған өзеніне тәжірибе алаңынан (опытное поле) бірнеше бұлақтар құяды екен. Ядролық орталықтың ғалымдары Шаған өзеніне суға түспеуді, мал апарып суармауды айтып, дабыл көтерді. Себебі өзен суында көп мөлшерде тритий бар боп шықты. Ғалымдар зерттеуі бойынша, Шаған суындағы тритий табиғаттық деңгейінен жүздеген есе асып кетіпті. Ал тритий адам ағзасында сумен барып 10 тәулікке дейін сақталса, радиацияға ұшыратып, айықпас дертке соқтырады.
Тарихшы: 1989 жылы ақпанда «Невада-Семей» қозғалысы құрылды. Осы жетістіктерінің бірі-өте қысқа мерзім ішінде халықтың бас көтеруі арқасында Семей полигонындағы ядролық жарылыстың санын азайтуға көмектесті. Ол қозғалыстың жетекшісі – Олжас Сүлейменов. 1989 жылы 6 тамызда – Қарауыл ауылы жанында «Невада-Семей»Қозғалысының ұйымдастыруымен митинг өткізді. Қаралған мәселе:КСРО мен АҚШ сынаққа бірлесіп мораторий жариялау қажеттігі туралы үндеу қабылдады.
ІІ.Сұрақ-жауап кезеңі: (тілші тобындағы оқушылар оқушы-ғалымдарға сұрақтар қояды)
1.Физикке: Полигон аумағында түрлі зерттеу, эксперименттік жұмыстар жүргізілгенін білеміз. Түрлі тәжірибе алаңдары болғандығы айтылып жүр, сол туралы тоқталсаңыз?
Жауап: Ең бастысы «Тәжірибелік алаң». Осы алаңда 1963 жылға дейін ауада және жер бетінде ядролық сынақтар өткізілген. Екіншісі, «Дегелең» тәжірибелік алаңы, онда жер асты ядролық жарылыстары жасалды. Үшіншісі, «Балапан» алаңы, онда жер асты жарылыстары жасалды.
2.Географқа: Жалпы полигон орнын білдік, оның атауы туралы білсек?
Жауап: Полигонды «Семей-21» деп те атаған.Оған қос ақаланың Курчатов деген екінші аты да бар болатын.Бұлат 1974 жылы қалаға ғылымға орасан зор үлес қосқан аса дарынды ғалым-физик Курчтовтың аты берілді.
3.Дәрігерге: Семей қаласында «Бурцелезге қарсы 4-ші диспансер» деп аталған ауруханада кімдер емделді?
Жауап: Онда науқас адамдарды емдеген жоқ, ғылым мен келешек үшін деген желеумен радиацияның тірі организмге тигізген әсерін зерттеді. Кейін де бұл «диспансер» жұмыс істей берді, бірақ, «Радиациялық медицина және экология ғылыми зерттеу институты» деп аталды.
4.Тарихшыға: Полигон аумағында қанша жарылыстар болды және оның зардабын немен салыстырар едіңіз?
Жауап: 42 жылда 470 атом жарылыс жасалған, орта есеппен жылына 11,5 рет бомба жарылған. Онымен қоса 1963 жылға дейін жер үстінде және әуеде 118 ядролық бомба жарылды. Мұндағы жер үстіндегі және жер астындағы жарылыстың жалпы қуаты Хиросимаға тасталған бомбадан 1000 есе асып түседі екен.
5.Дәрігерге: Адам бойында радиацияның мөлшері қаншаға жеткенде қауіпті жағдай туады?
Жауап: Медициналық өлшем бойынша әр адам жылына 0,5 бірден артық радиация алуына болмайды. Бұл рак, ақ қан, жүрек-қан тамырлары сияқты ауруларды қоздырады. Жоғарыда аталған үш облыстың полигон аумағындағы халықтың, яғни, 1,5 миллион халық 1 бэр және одан да көп мөлшерде радиация алған. Ал, полигон маңайындағы 100 мыңнан астам ауыл тұрғындары 100-ден 200 бэрге дейін радиациялық сәуле алғандығы мәлім болып отыр. Ол «Қайнар синдромы» деген атпен құпия түрде Мәскеудегі әскери ведомствоға жинақталған.
Журналист № 1 : 1991 жылы тамызда Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев Семей полигонын жабу туралы жарлыққа қол қойды.Оның тарихи маңызы: алғаш рет ең ірі полигон жабылды; жалпыға бірдей ядролық қарусыздандыру процессіне үлес қосылды; Ресей, АҚШ, Франция полигондарына мораторий жарияланды.
Журналист| № 2: Қазақстан дүниежүзі елдері алдында өзінің бейбіт сүйгіш ел екенін дәлелдеді. Енді, полигон зардаптарының әсерінен дүниеден озған адамдарды еске алып, бір минуттық үнсіздік жариялаймын.
1 Оқушы: Мартыш Илья
Табиғаттың тарылтпайық мөлдір,кәусәр тынысын,
Қастерлейік оның асыл бар қазына ырысын.
Ей адамдар,қалай ғана қатыгездік жасайсың,
Табиғат — Анаң,ал сен оның аялаған ұлысың.
2 Оқушы: Байжуманова Асмира
Ей адамдар,
Күн мен гүлден жаралған
Тіршілік иесі-
Жер анаға қараңдар!
Зор қайғыдан күрсінгенде
«Аһ» ұрады дүние.
Жаратылыс заңдылығы бұзылса,
Сонда болар кім ие?
3 -оқушы: Вахрушева Алина
Уланса ауа
Уланамыз бәріміз.
Уланса су
Уланатын тағы біз.
Уланса жер
Уланады өсімдік.
Уланса мал
У тарайды бізге де.
Улы затпен күреспейміз біз неге?
4-оқушы: Касаева Томирис
Аз ба мынау жер бетінің жарасы,
Семей менен Сарыөзекке қарашы.
Мұңын шағып,шерлі үнменен уілдеп,
Ыңырсиды қазағымның даласы.
Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,
Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ.
Журналист: Жер бетінде ала шұбар дақтар көп. Соның бәрі де адам қолымен салынған таңбалар. Сулы- нулы көкорай планетаны талай ғасыр мекен етіп келген адамдар 20- ғасырдың қарсаңында өзен-көлді суалтып қу тақырға, жасыл шалғынды күйдіріп -өртеңге ,тау мен даланы тескілеп апанға айналдыруда.
Журналист: Студиямыздың қонағы болып отырған Олжас Сүлейменовке сөз береміз
Олжас Сулейменов: 1989 жылдың ақпанында Семейдегі атом полигонын жабу үшін күресті бастауға ұйғардым «Невада – Семей» қозғалысының алғашқы митингісі өткізіп,басқардым Араға тура 42 жыл салып қана — 1991 жылы зұлматты сынақтарға нүкте қойылған «Семей сынақ ядролық полигонын жабу туралы» Президент Жарлығы шықты. 1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылып, 1992 жылдың мамырында оның базасында Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық құрылды.
Журналист: Олжас Сүлейменовтің толағай табысы ерекше талантына, өзгеше ойларына және қажырлы еңбегіне байланысты. Ағымдағы жылдың 18-ші мамырында тау тұлға сексен жасқа толды. Ал, жақында оған Мемлекет басшысының Жарлығымен «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді.
Құрметті телекөрермендер осымен бағдарламамыз аяқталды.Біле жүріңіздер ақиқатқа жол қиын болса да жетуге тырысайық! Бар болайық,аман болайық.Келесі кездескенше!
Іс -шара барысындағы фотолар
Анықтама
«Семей ядролық полигонының қасіреті,зияны» атты сыныптан іс-шара ток-шоу «Астарлы ақиқат» түрінде өтті. Бағдарлама барысында түрлі мамандар өз пікірлерін айтты. Диалогтык алаңында тележүргізушінің қойылған сұрақтарына жауап берді. Думан Рамазанның «Соңғы дем» әңгімесі бойынша сахналық көрініс көрсетілді. Семейдегі өткізілген жарылыстардың кесірінен қайтыс болған адамдарға 1 минуттық үнсіздік жарияланды.Қатысқан оқушылар барлығы Семей ядролық сынақ полигоны және оның халық денсаулығына тигізген әсері, сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері туралы түсінік ала отырып, пікір алмасып, ойларын ортаға салды. Аталған іс-шараға оқу ісі жөніндегі мектеп директор орынбасары Серова А.К , тарих пәнінің мұғалімі Кузнецова С.П. қатысты.
Олар « Семей полигонын жабылғаны- еліміздің үлкен жеңісі» деп қорытындылады. Мұғалімдердің ойынша осындай іс-шаралар келешек ұрпақ білсін, деген мақсатпен жиі өткізілсін деген пікірлерін білдірді.